Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІ

Соңғы деректер


 

Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер

Халық
(2020 жылғы 1 мамырға, мың адам)

1132,9

Жұмыссыздық деңгейі
(2020 жылғы I
тоқсан, %, бағалау)

4,8

Орташа айлық жалақы бағалау бойынша
(2020 жылғы
тоқсан, теңге, бағалау)

144019

Инфляция (2020 жылғы мамыр 2019 жылғы желтоқсанға, %)

3,6

Инфляция (2020 жылғы мамыр 2020 жылғы сәуірге,%)

0,6

ЖӨӨ (2019 жылғы қаңтар-желтоқсан, алдын ала деректер, млрд. теңге)

1690,6

 

Экономикалық салалардың өсу қарқыны
(Нақты көлем индексі, %-бен)

Өнеркәсіп (2020 жылғы қаңтар-мамыр 2019 жылғы қаңтар-мамырға, %)

100,0

Ауыл шаруашылығы  (2020 жылғы қаңтар-мамыр 2019 жылғы қаңтар-мамырға, %)

102,9

Құрылыс  (2020 жылғы қаңтар-мамыр 2019 жылғы қаңтар-мамырға, %)

108,7

Сауда  (2020 жылғы қаңтар-мамыр 2019 жылғы қаңтар-мамырға, %)

92,7

Негізгі капиталға салынған инвестициялар  (2020 жылғы қаңтар-мамыр 2019 жылғы қаңтар-мамырға, %)

102,6

Байланыс (2020 жылғы қаңтар-мамыр 2019 жылғы қаңтар-мамырға, %)

101,4

Қөлік (2020 жылғы қаңтар-мамыр 2019 жылғы қаңтар-мамырға, %)

97,5

  

Хабарландыру


 

2020 жылғы 26 маусым

Құрметті Респонденттер!

Пандемияға байланысты қалыптасқан жағдайға байланысты, қоғамды, мемлекетті өзекті ресми статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының 2020 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының жедел қорытындысын шығару мақсатында, Сізден 2020 жылғы маусым айы үшін «Орындалған құрылыс жұмыстары (көрсетілген қызметтер) туралы есеп» 1-КС айлық және тоқсандық кезеңдік статистикалық нысандары бойынша статистикалық нысанда көрсетілген мерзімде 2020 жылғы 4 шілдеге дейін (қоса алғанда) есеп беруді сұраймыз.

2020 жылғы 15 маусым 

«ҚР ҰЭМ СК Жамбыл облысының Статистика департаменті» РММ Талас ауданында халықтың жұмыспен қамтылуы бойынша статистикалық зерттеу жүргізу үшін интервьюерді (өтемелі қызмет көрсету келісімшарты бойынша тартылған қызметкер) қабылдау туралы хабарлайды.

Сіздің өтініштеріңіз және түйіндемелеріңіз Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 18 (301 бөлме) мекенжайында немесе zhambylstat@mail.ru электрондық пошта бойынша қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7262) 43-44-78. 

2020 жылғы 15 маусым 

Құрметті пайдаланушылар!

"Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы" 2020 жыл қаңтар-мамыр айындағы баяндамасы орналастырылғаны жөнінде хабарлаймыз.

2020 жылғы 29 мамыр

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Жамбыл облысының Статистика департаменті» РММ (080012, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Сүлейменов  көшесі, 18, №102 кабинет, анықтама телефоны: (8-7262) 45-73-89  электронды мекенжайы: zhambylstat@mail.ru) елді мекендерде С-2 немесе С-3 санаттағы ұлттық халық санағына дайындық және өткізу жөніндегі нұсқаушыларды қабылдайтынын жариялайды.

Толық мәтін

 

2020 жылғы 18 мамыр

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Жамбыл облысының Статистика департаменті» РММ, «Халықтың құқық қорғау органдарына сенімділік деңгейі» статистикалық байқауы бойынша іріктеп зерттеу жүргізу үшін интервьюерлер қабылданатынын хабарлайды:
Зерттеу өткізу мерзімі – 2020 жылғы 15 маусымнан 24 шілдеге дейін.
Лауазымдық міндеттері:
- респонденттерге тікелей (жеке) бару арқылы сауалнаманы жүзеге асыру және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына жазу;
- статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;
- алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;
- деректерді жинау барысында және байқау аяқталғаннан кейінде алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын сақтау.
Барлық сұрақтар бойынша Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 18 №208 бөлме мекенжайына хабарласуға болады, анықтама телефондары: (8-7262) 45-74-34.

2020 жылғы 5 мамыр

«ҚР ҰЭМ СК Жамбыл облысының Статистика департаменті» РММ Т.Рысқұлов ауданының халықтың тұрмыс деңгейін зерделеу жөніндегі үй шаруашылықтарына статистикалық зерттеу жүргізу үшін интервьюерді (өтемелі қызмет көрсету келісімшарты бойынша тартылған қызметкер) қабылдау туралы хабарлайды.
Сіздің өтініштеріңіз және түйіндемелеріңіз Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 18 (315 бөлме) мекенжайында немесе zhambylstat@mail.ru электрондық пошта бойынша қабылданады, анықтама телефоны:

8 (7262) 43-44-78.

2020 жылғы 22 сәуір 

Респонденттердің назарына!!!

Карантин енгізілуіне байланысты статистикалық нысандардың «он-лайн» режимінде тапсыру мерзімі ұзартылғандығын хабарлаймыз:

2-МП (тоқсандық)  2020 жылғы 11 мамырға дейін қоса алғанда;

1-ПФ (тоқсандық)  2020 жылғы 11 мамырға дейін қоса алғанда;

2-Т (еңбекақы)  (жылдық) 2020 жылғы 31 шілдеге дейін қоса алғанда. 


2020 жылғы 26 наурыз

 

Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында.

COVID-19 жаппай таралуын болдырмау үшін Жамбыл облысының  Статистика департаменті респонденттердің мүмкіндігі туралы ескертеді:

1)    алғашқы статистикалық деректерді электрондық түрде ұсынуға;

2)    Статистика комитеті төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі173 бұйрығымен бекітіліп, 2010 жылғы 8 қыркүйекте №6459 тіркелген Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларының   16 және 18 тармақтарына сәйкес, респонденттердің статистикалық нысандарды:

- қызметтің жоқтығы туралы хабарлама бергенде;

- салық есептілігін тапсыруды тоқтату туралы шешімнің  көшірмесі қоса берілген қызметті тоқтату туралы өтініштер болған жағдайда тапсырмауға болады.

Төтенше жағдай кезінде респонденттерден хабарламаларды, сондай-ақ салық есептілігін ұсынуды тоқтату туралы өтініштер мен шешімдердің көшірмелерін қабылдау тек қана электрондық түрде жүзеге асырылады.

2020 жылғы 11 наурыз

Құрметті пайдаланушылар!

Егер Сіздерге stat.gov.kz сайтынан қажетті статистикалық ақпаратты іздеуге қиындық туса, қажетті ақпаратты таба алмасаңыз «ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің АЕО» РМК Жамбыл облысы бойынша Филиалы Сіздерге көмектесуге дайын. Біз сіздерге қолайлы форматта қажетті статистикалық ақпаратты жинап және қалыптастырып, кеңес береміз. Сондай-ақ, Сіздер бізге электрондық поштаға мына мекен-жайға 08.gosusluga@statdata.kz хабарлассаңыздар болады.
Қызмет заңды және жеке тұлғаларға ақылы негізіде көрсетіледі (кеңес тегін).

Біздің мекен-жайымыз: Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 18 (Жамбыл облысының статистика Департаментінің ғимараты), № 105 кабинет. Байланыс телефон: 999 448.

 

                  

 

2020 жылғы 22 қаңтар 

«Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Жамбыл облысының Статистика департаменті» РММ іріктемелі зерттеуге үшін А-008 сауалнамасы (айлық) «Шағын шаруа немесе фермер қожалықтарында және жұртшылық шаруашылықтарында мал шаруашалығы өнімдерін өндіру» статистикалық байқауы бойынша интервьюерлер қабылданатынын хабарлайды
Зерттеу өткізу мерзімі – есепті кезеңнің 24 мен 28-күні (қоса алғанда) аралығында (ай сайын).
Лауазымның міндеттері:
- респонденттерге тікелей (жеке) бару және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына толтыру жолымен зерттеуді жүзеге асыру;
- статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;
- алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;
- деректерді жинау және байқау аяқталғаннан кейін алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын сақтау.

Барлық сұрақтар бойынша Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 18 №314 кабинеті мекен-жайына хабарласуға болады, анықтама телефондары: (8-7262) 45-65-87. 

2019 жылғы 23 мамыр

Құрметті респонденттер!

Ағымдағы жылдың 4 мамырынан бастап «Респонденттің кабинеті» мобильдік қосымшасы іске қосылғаны туралы хабарлаймыз. Аталған қосымша статистика органдарына ұсынуға қажетті статистикалық нысандар жайлы ақпараттарды қарауға,  ұсынылған   статистикалық нысандардың тарихын қарауға, қарыз есептер тізімі жайлы ақпарат алуға, сонымен бірге ұсынылатын статистикалық нысандардың   тапсыру мерзімдері аяқталуға таяу қалғаны жайлы, дербес хабарламалар алуға мүмкіндік береді.  Қосымша пайдаланушылар үшін Android базасында қол жетімді Android базасында жүктеп алу үшін - 

https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.gov.stat.e_stat

2019 жылғы 9 қаңтар

Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстанмен экспорт және (немесе) импорт операцияларын жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар, филиалдары және өкілдіктердің назарына!
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен экспорт және (немесе) импортты жүзеге асыратын заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке тұлғалар 1-ТС «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлармен өзара сауда туралы есеп» нысаны бойынша статистикалық деректерді есепті кезеңнен кейінгі 3-күнге (қоса алғанда) дейін тапсыру қажет.
1-ТС нысаны мен оны толтыру бойынша нұсқаулық Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің www.stat.gov.kz Интернет ресурсында «Респонденттерге/2019 жылғы статистикалық нысандар/Айлық нысандар» бөлімінде орналастырылған. 
Сіздің назарыңызды аударатынымыз, алғашқы статистикалық деректерді тапсыру тәртібін бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Барлық сұрақтар бойынша Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 18 №311 кабинеті мекенжайына хабарласуға болады, анықтама телефондары: (8-7262) 45-66-17.   

 

Мемлекеттік статистиканың заң аясында
және әкімшілік жауапкершілікке
тарту туралы түсіндірмесі

 

 Респонденттер назарына!

 ҚР «Мемлекеттік Статистика туралы» заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 2018 жылдың 8 маусымында күшіне енді.

  

Тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және өкілеттіктер бойынша Жамбыл облысы Статистикалық бизнес-тіркелімінен ақпарат 

 

Іріктемелер


2020 жылғы 2 тоқсанға 2-қызмет көрсету (тоқсандық) "Көрсетілген қызметтер көлемі туралы есеп" статистикалық нысанын тапсыратын респонденттер тізбесі. Тапсыру мерзімі – есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне (қоса алғанда) дейін.

2020 жылғы маусым айына 2-сауда (айлық) "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп" статистикалық нысанын тапсыратын респонденттер тізбесі. Тапсыру мерзімі – есепті кезеңнен кейінгі 3-күнге (қоса алғанда) дейін.

2020 жылдың 2 тоқсанындағы "Шағын кәсіпорын қызметі туралы есеп" 2-МП (тоқсандық) нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі. Ұсыну мерзімі - есепті кезеңнен кейінгі 25 - күнге (қоса алғанда) дейін.

2019 жылғы «Ауыл шаруашылығы құралымының қызметі туралы есеп» 1-сх (жылдық) статистикалық нысанын тапсыратын респондентер (дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары) тізбесі.
Тапсыру мерзімі 24 ақпаннан 10 науырызға дейін.

2019 жылға 1-ІС (жылдық) «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп» нысаны бойынша есеп беретін ЖК тізімі. Тапсыру мерзімі – есепті кезеңнен кейінгі 2020 жылғы 15 наурызға (қоса алғанда) дейін.

2019 жылға 1-инновация (жылдық) «Инновациялық қызмет туралы есеп» нысаны бойынша есеп беретін респонденттердің тізімі. Тапсыру мерзімі – есепті кезеңнен кейінгі 2020 жылғы 25 ақпанға (қоса алғанда) дейін.

2019 жылғы "Кәсіпорындарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы есеп "3-ақпарат (жылдық) статистикалық нысанын тапсыратын респонденттер (заңды тұлғалар) тізбесі. Тапсыру мерзімі – 19 қаңтарға дейін (қоса алғанда).

2019 жылғы қаңтар-қыркүйек "Экономикалық қызмет түрлері туралы есеп " 1-СР (жылына бір рет) статистикалық нысанын тапсыратын респонденттер (заңды тұлғалар) тізбесі. Тапсыру мерзімі - 31 қазанға (қоса алғанда) дейін. 

2019 жылға "Шағын кәсіпорын қызметі туралы есеп" 2-МП (жылдық) нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі. Ұсыну мерзімі - есепті кезеңнен кейінгі 31 наурызға (қоса алғанда) дейін.

2020 жылғы "Тұрақтандыру қорларының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және өткізу бағасы мен көлемі туралы есеп" 1-СФ (айлық) статистикалық нысанын тапсыратын респонденттер (заңды тұлғалар, және жеке кәсіпкерлер) тізбесі. Тапсыру мерзімі - есепті кезеңнен кейінгі айдың 3-күніне (қоса алғанда) дейін.  

2020 жылғы "Тауарлардың, өнімдердің экспорттық жеткізілімдері мен импорттық түсімдерінің бағасы туралы есеп" 1-Ц экспорт, импорт (айлық) статистикалық нысанын тапсыратын респондентер (заңды тұлғалар) тізбесі. Тапсыру мерзімі - есепті кезеңнің 15 күніне (қоса алғанда) дейін.

2020 жылғы "Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы туралы есеп" 1-Ц (жалға беру) (айлық) статистикалық нысанын тапсыратын респонденттер (заңды тұлғалар, және жеке кәсіпкерлер) тізбесі. Тапсыру мерзімі - есепті кезеңнің 3 күніне (қоса алғанда) дейін.

2020 жылғы "Тауарлардың, өнімдердің көтерме саудада сату (жеткізілім) бағасы туралы есеп" 1-Ц (көтерме) (айлық) статистикалық нысанын тапсыратын респонденттер (заңды тұлғалар) тізбесі. Тапсыру мерзімі - есепті кезеңнің 22-күніне (қоса алғанда) дейін.

2020 жылғы "Өндірушілердің ауыл шаруашылығы өніміне және сатып алынған көрсетілетін қызметтерге бағасы туралы есеп" 1-ЦСХ (айлық) статистикалық нысанын тапсыратын респонденттер (заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер) тізбесі. Тапсыру мерзімі - есепті кезеңнің 16-күніне (қоса алғанда) дейін.

2020 жылғы "Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері туралы есеп" 1-тариф (автомобиль) (айлық) статистикалық нысанын тапсыратын респонденттер (заңды тұлғалар) тізбесі. Тапсыру мерзімі - есепті кезеңнің 15-күніне (қоса алғанда) дейін.

2020 жылғы "Заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтерінің тарифтері туралы есеп" 1-тариф (байланыс) (айлық) статистикалық нысанын тапсыратын респонденттер (заңды тұлғалар) тізбесі. Тапсыру мерзімі - есепті кезеңнің 21-күніне (қоса алғанда) дейін.

2020 жылғы "Сатып алынған құрылыс материалдарының, бөлшектер мен конструкциялардың бағасы туралы есеп" 1-ЦСМ (айлық) статистикалық нысанын тапсыратын респонденттер (заңды тұлғалар) тізбесі. Тапсыру мерзімі - есепті кезеңнің 20-күніне (қоса алғанда) дейін.

2020 жылғы "Өндірілген өнеркәсіптік өнімдердің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасы және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді сатып алу бағасы туралы есеп" 1-ЦП (айлық) статистикалық нысанын тапсыратын респонденттер (заңды тұлғалар) тізбесі. Тапсыру мерзімі - есепті кезеңнің 17-күніне (қоса алғанда) дейін.

2020 жылғы "Өңделмеген сүрек және cоған байланысты көрсетілетін қызметтердің бағасы туралы есеп" 1-ЦП (орман) (тоқсандық) статистикалық нысанын тапсыратын респонденттер (заңды тұлғалар) тізбесі. Тапсыру мерзімі - есепті кезеңнің соңғы айының 23-күніне (қоса алғанда) дейін.

2020 жылғы "Балық аулау және акваөсіру өнімінің бағасы туралы есеп" 1-ЦП (балық) (тоқсандық) статистикалық нысанын тапсыратын респонденттер (заңды тұлғалар, және жеке кәсіпкерлер) тізбесі. Тапсыру мерзімі - есепті кезеңнің соңғы айының 25-күніне (қоса алғанда) дейін.

2020 жылғы қаңтар,ақпан,наурыз айылары «Шағын шаруа немесе фермер қожалықтарында және жұртшылық шаруашылықтарында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру» А-008 (айлық) статистикалық нысанын тапсыратын респондентер (дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары) тізбесі. Тапсыру мерзімі есепті айдың 24 мен 28 күніне дейін (қоса алғанда).

"Өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы " КП-001 (тоқсандық) статистикалық нысанын тапсыратын респонденттер (заңды тұлғалар, және жеке кәсіпкерлер) тізбесі. Тапсыру мерзімі - есепті кезеңнің соңғы айының 25-күніне (қоса алғанда) дейін.  

"Құрылыс ұйымдарының қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы" КС-002 (тоқсандық) нысаны бойынша есеп беретін респонденттердің тізімі. Тарсыру мерзімі-есепті кезеңнің соңғы айының 25-күніне (қоса алғанда) дейін.

КСВ-1 (тоқсандық) " Байланыс кәсіпорындарының қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы " нысаны бойынша есеп беретін респонденттердің тізімі. Тапсыру мерзімі - есепті кезеңнің соңғы айының 25-күніне (қоса алғанда) дейін.  

КТР-1 (тоқсандық) "Көлік кәсіпорындарының қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы" нысаны бойынша есеп беретін респонденттердің тізімі. Тапсыру мерзімі - есепті кезеңнің соңғы айының 25-күніне (қоса алғанда) дейін.  

КТУ-001 (тоқсандық) " Туристік кәсіпорындарының қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы " нысаны бойынша есеп беретін респонденттердің тізімі. Тапсыру мерзімі - есепті кезеңнің соңғы айының 25-күніне (қоса алғанда) дейін.  

КТ-001 (тоқсандық) «Сауда кәсіпорындарының қызметін конъюнктуралық зерттеу» сауалнамасы нысаны бойынша есеп беретін респонденттердің тізімі. Тапсыру мерзімі - есепті кезеңнің соңғы айының 25-күніне (қоса алғанда) дейін.  

"Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы " КС-001 (тоқсандық) статистикалық нысанын тапсыратын респонденттер (қызметінің негізгі түрі "Ауыл шаруашылығы" болып табылатын заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелерің) тізбесі. Тапсыру мерзімі - есепті кезеңнін соңғы айының 25-күніне (қоса алғанда дейін).

 

 


ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Жамбыл облысы бойынша Филиалы (бұдан әрі – АЕО РМК Филиалы) біздің өңірдегі жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздықтың өзекті мәселелерін зерттеуге көмектесетін, халыққа іріктеме зерттеуін ай сайын өткізеді.
Сіздерден алынған ақпарат аса құпияда ұсталатынына және тек статистикалық мақсаттарға пайдаланылатынына кепілдік береміз.
Сіздердің жауаптарыңыз жұмыс істеушілер мен жұмыссыздар саны, жұмысқа орналасудың түйінді мәселелері, жұмыс іздеу тәсілдері туралы құнды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл деректер жұмыспен қамтуға ықпал жасайтын және аймақтардың әлеуметтік дамуының әртүрлі бағдарламаларын әзірлеу үшін жиынтық күйінде пайдаланылады.
Зерттеуге қатысушы ретінде Сіздің отбасыңыз мүлде кездейсоқ алынды, өйткені көше аттарымен және үй нөмірлерімен барлық ғимараттар енгізілген Тізілімнен математикалық, кездейсоқ әдіспен үй шаруашылықтары таңдалып алынды.
Сіздерден қажет ақпаратты ұсынуларыңызды сұраймыз. Сізге нақты апта ішінде еңбек қызметіңізге қатысы бар бірқатар сұрақтар қойылады: сіз қандай жұмыс атқардыңыз, қанша сағат істедіңіз, егер жұмыс істемесеңіз, оған қандай себеп болды.
Сіз қазіргі кезде жұмыс істемесеңіз де, бұл шараға қатысуыңыздың маңызы зор. Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі Сіздің толық әрі егжей-тегжейлі жауаптарыңызға байланысты.
Сауалнамалық сұрақтар қою үшін интервьюер арнайы анықтама көрсетіп, Сізге жолығады. Келу уақыты "ҚР ҰЭМ СК АЕО" ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша Филиалының жұмыс уақыты кестесінде ай сайын нақты есептелген.
Сіз 999-441 байланыс телефондары арқылы хабарласып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызды қоюыңызға болады.

Ынтымақтастығыңыз үшін алдын ала алғыс айтамыз!

Интервьюерлер тізімі
 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: e.stat@economy.gov.kz
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2020
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter