Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

Жамбыл облысы аудандарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Өнеркәсіп. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) қолданыстағы бағалармен 504864,1 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді. Заттай көрсеткіштер динамикасынан есептелген өнеркәсіптік өндіріс индексі 2020 жылғы қарашаға 109,7%-ды, 2019 жылғы желтоқсанға 113,5%-ды, 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанға 103,1%-ды құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі Тараз қаласында (1,2%-ға өсті) және облыстың 8 ауданында: Қордайда – 3,3%, Сарысуда – 2,4%, Таласта – 1,7%, Т.Рысқұлов ауданында – 1,1%, Шуда – 0,6%, Жамбылда – 0,5%, Байзақ және Жуалы аудандарында – 0,3%-дан өскені тіркелді.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда 382839,8 млн. теңгені немесе 2019 жылғы сәйкес кезеңге 105,1%-ды құрады. Оның ішінде мал шаруашылығы – 157821,7 млн. теңге немесе 103,6%, өсімдік шаруашылығы – 223250,9 млн. теңге немесе 106,4%, қызметтер 863,7 млн. теңге немесе 100% болып қалыптасты.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара мал саны 30 мың басқа (7,1%-ға), жылқы 15,7 мың басқа (11,6%-ға), қой мен ешкі 193,8 мың басқа (6,8%-ға), түйе 337 басқа (4,9%-ға) көбейді.
Мал басының өсуіне негізінен халық және фермер шаруашылығының есебінен қол жетті. Мүйізді ірі қара мал санының жоғары өсімі Тараз қаласында - 22,8%, Мойынқұм ауданында – 17,8% және Шуда – 14%; жылқы саны Жуалыда – 26,7%, Т.Рысқұлов ауданында – 22,4%, Таласта – 16,7%; қой мен ешкі Тараз қаласында – 38,6% және Шу ауданында – 11,9%; түйе Меркіде – 17,2%, Сарысу ауданында – 11,4% тіркелді.
Ет өндіру көлемі 2019 жылғы қаңтар-желтоқсандағымен салыстырғанда 4,9%-ға артты. Ет өнімін өндірудің ең жоғары көлеміне Мойынқұм (17,9%-ға) және Байзақ (15,4%-ға) аудандарының шаруашылықтары қол жеткізді.

Инвестициялар. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бағалау есебімен 344138,1 млн. теңгені немесе 2019 жылғымен салыстырғанда 112,7%-ды құрады. Инвестицияның өскені Тараз қаласында (137,3%) және облыстың 8 ауданында: Қордай (253,6%), Меркі (149,6%), Байзақ (135,8%), Жуалы (131,7%), Мойынқұм (115,8%), Талас (106,7%), Жамбыл (103,2%) және Т.Рысқұлов ауданында (100,5%) тіркелді.
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру 617,5 мың шаршы метрді немесе 2019 жылғымен салыстырғанда 121,7%-ды құрады. Тұрғын үй құрылысы облыстың Тараз қаласында (118,3%) және облыстың барлық ауданында: Талас (200,6%), Қордай (147%), Жуалы (121,4%), Меркі (121,3%), Байзақ (120,8%), Шу (120,7%), Жамбыл (120,4%), Сарысу (108%), Т.Рысқұлов (107,5%) және Мойынқұм ауданында (105,1%) өте белсенді жүргізілуде. Тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың негізгі көзі құрылыс салушылардың өз қаражаты есебінен болып, оның үлес салмағы 53,4%-ды құрады.

Бағалар. Тұтыну бағаларының индексі 2020 жылғы желтоқсанда қарашадағымен салыстырғанда 101%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 1,6%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 0,6%-ға, ақылы қызметтердің тарифтері 0,8%-ға қымбаттады.
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі мөлшерімен есептелген орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы облыс бойынша 2020 жылғы желтоқсанда 30366 теңгені құрады және 2019 жылғы желтоқсандағыдан 9,9%-ға өсті.
Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы өткен аймен салыстырғанда Тараз қаласында – 0,6%, облыстың Жамбыл және Шу ауданында – 2%-дан, Жуалыда – 1,8%, Қордайда – 1,6%, Т.Рысқұлов ауданында – 1,5%, Меркі және Сарысу ауданында – 1,1%-дан, Байзақ және Мойынқұм ауданында – 0,9%-дан және Таласта – 0,8% артқаны тіркелді.

 

Баспасөз хабарламасын сақтау

 

www.stat.gov.kz/Өңірлер > Жамбыл облысы > Әлеуметтік-экономикалық дамуы

Орындаушы:

Арыстанова Ш.Ү.

Тел. +7 7262 45 64 22

Басқарма басшысы:

Пак Н.Ф.

Тел. +7 7262 45 64 22

Баспасөз қызметі:

Абдраимова А.Т.

Тел. +7 7262 45 64 22

a.abdraimova@aspire.gov.kz

Мекенжай:

080012Тараз қаласы

Сүлейменов көшесі, 18

 

© ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: e.stat@aspire.gov.kz
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Ұлттық статистика бюросы
2021
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter