Жамбыл облысындағы құрылыс жұмыстарының орындалу көлемі
2020 жылдың қаңтар-қазан айларында құрылыс жұмыстары мен көрсетілген қызметтер көлемі қосымша бағалаумен есептегенде 129653,3 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2019 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда 139,5%-ға орындалды.
Құрылыс жұмыстары көлемінің артуы Тараз қаласында (123,7%) және облыстың 8 ауданында байқалды. Мұның өзінде, Мойынқұм (449,5%), Мерке (256,8%), Қордай (199,5%), Байзақ (199,1%) аудандарында құрылыс жұмыстарының елеулі өсуі байқалды.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 2019 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда 44,1%-ға өсті. Күрделі жөндеу жұмыстар көлемі 12,4%-ға кем, ағымдағы жөндеу 52,4%-ға өсті.
Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде ең үлкен үлес салмақпен автомагистральдардың құрылысы бойынша жұмыстар (жер астынан басқа), көше, жол, темір жол, ұшу-қону алабын салу жұмыстары (36,4%), беріліс құралдары (18,4%) және тұрғын ғимараттар (12,5%) орын алды.
Құрылыс жұмыстары көлемінің құрылымы
2020 жыл
қаңтар-қазан, млн. теңге
2019 жылғы тиісті кезеңге %-бен
Құрылыс жұмыстары көлеміне, %-бен
Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі, млн. теңге
129 653,3
139,5
100,0
соның ішінде:
құрылыс-монтаж жұмыстары
109 106,9
144,1
84,2
күрделі жөндеу
7 653,2
87,6
5,9
ағымдағы жөндеу
12 893,2
152,4
9,9
Баспасөз хабарламасың сақтау
www.stat.gov.kz/Өңірлер > Жамбыл облысы > Ресми статистика > Инвестициялар және құрылыс статистикасы
Орындаушы:
Ким Е.Л.
Тел. +7 7262 459362
Басқарма басшысы:
Баспасөз қызметі:
Абдраимова А
Тел. +7 7262 456422
E-mail: a.abdraimova@aspire.gov.kz
Мекенжай:
080012, г. Тараз
ул. Сулейменова, 18
© ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті