Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

Жамбыл облысы аудандарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Өнеркәсіп. 2020 жылғы қаңтар-қазанда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) қолданыстағы бағалармен 408192,8 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді. Заттай көрсеткіштер динамикасынан есептелген өнеркәсіптік өндіріс индексі 2020 жылғы қыркүйекке 98,8%-ды, 2019 жылғы қазанға 100,2%-ды, 2019 жылғы қаңтар-қазанға 101,6%-ды құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі облыстың Тараз қаласында (0,1%-ға өсті) және 7 ауданында: Қордайда – 1,6%, Сарысуда – 1,5%, Таласта – 1,3%, Т.Рысқұлов ауданында – 0,6%, Шуда – 0,4%, Байзақта – 0,3% және Жамбыл ауданында – 0,3% өскені тіркелді.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 2020 жылғы қаңтар-қазанда 333336,8 млн. теңгені немесе 2019 жылғы сәйкес кезеңге 104,4%-ды құрады. Оның ішінде мал шаруашылығы – 118958,6 млн. теңге немесе 101,4%, өсімдік шаруашылығы – 212886,8 млн. теңге немесе 106,3%, қызметтер 738,4 млн. теңге немесе 100% болып қалыптасты.
2020 жылғы қаңтар-қазанда өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара мал саны 36,6 мың басқа (9,1%-ға), жылқы 13,2 мың басқа (10,3%-ға), қой мен ешкі 162 мың басқа (5,3%-ға), түйе 421 басқа (5,9%-ға) көбейді.
Мал басының өсуіне негізінен халық және фермер шаруашылығының есебінен қол жетті. Мүйізді ірі қара мал санының жоғары өсімі Мойынқұм ауданында – 23,5%, Қордайда – 17,3% және Байзақта – 10,9%; жылқы саны Сарысуда – 18,5%, Т.Рысқұлов ауданында - 16,7%, Меркіде – 13,9%; қой мен ешкі Т.Рысқұлов ауданында – 22,6% және Байзақта – 11,1%; түйе Сарысуда – 22,2%, Т.Рысқұлов ауданында – 5,6% тіркелді.
Ет өндіру көлемі 2019 жылғы қаңтар-қазандағымен салыстырғанда 1,9%-ға артты. Ет өнімін өндірудің ең жоғары көлеміне Байзақ (18,2%-ға) және Мойынқұм (6,3%-ға) аудандарының шаруашылықтары қол жеткізді.

Инвестициялар. 2020 жылғы қаңтар-қазанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бағалау есебімен 255047,3 млн. теңгені немесе 2019 жылғы қаңтар-қазандағымен салыстырғанда 107,8%-ды құрады. Инвестицияның өскені Тараз қаласында (122,7%) және облыстың 8 ауданында: Қордай (169,6%), Т.Рысқұлов (155%), Меркі (146,1%), Байзақ (137,5%), Жуалы (126,2%), Мойынқұм (124,2%), Жамбыл (116,9%) және Талас (106%) ауданында тіркелді.
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру 460,3 мың шаршы метрді немесе 2019 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 107%-ды құрады. Тұрғын үй құрылысы облыстың Тараз қаласында (105,9%) және облыстың 8 ауданында: Талас (186%), Жуалы (111,3%), Байзақ (111,1%), Меркі (110,9%), Қордай (106,8%), Жамбыл (106,7%), Шу (106%) және Т.Рысқұлов (100,9%) ауданында өте белсенді жүргізілуде. Тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың негізгі көзі құрылыс салушылардың өз қаражаты есебінен болып, оның үлес салмағы 50,3%-ды құрады.

Бағалар. Тұтыну бағаларының индексі 2020 жылғы қазанда қыркүйектегімен салыстырғанда 100,4%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,5%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы мен ақылы қызметтердің тарифтері 0,4%-дан қымбаттады.
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі мөлшерімен есептелген орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы облыс бойынша 2020 жылғы қазанда 32614 теңгені құрады және 2019 жылғы желтоқсандағыдан 18%-ға өсті.
Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы өткен аймен салыстырғанда Байзақ ауданында – 3,5%, Жуалы және Шу ауданында – 3,2%-дан, Т.Рысқұлов ауданында – 3,1%, Меркіде – 2,8%, Қордайда – 2,4%, Таласта – 2,2%, Жамбылда – 1,9%, Мойынқұмда – 1,7% және Сарысу ауданында – 1,4% артқаны тіркелді.

 

Баспасөз хабарламасың сақтау

 

www.stat.gov.kz/Өңірлер > Жамбыл облысы > Әлеуметтік-экономикалық дамуы

Орындаушы:

Арыстанова Ш.Ү.

Тел. +7 7262 45 64 22

Басқарма басшысы:

Пак Н.Ф.

Тел. +7 7262 45 64 22

Баспасөз қызметі:

Абдраимова А.Т.

Тел. +7 7262 45 64 22

a.abdraimova@economy.gov.kz

Мекенжай:

080012Тараз қаласы

Сүлейменов көшесі, 18

 

© ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: e.stat@economy.gov.kz
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2020
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter