2020 жылғы қаңтар-қазан айындағы Жамбыл облысы бойынша мал шаруашылығының жағдайы
2020 жылғы қаңтар-қазан айында шаруашылықтың барлық санаттарында тірідей салмақпен 97,8 мың тонна мал және құс еті өндірілді немесе өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 101,9 пайызды құрады.
Сауылған сүт 5,2 мың тоннаға (1,9%-ға) артып, 280,5 мың тоннаны құрады. Өткен жылмен салыстарғанда өндірілген жұмыртқа 3087,2 мың данаға (2,7%) артты.2020 жылғы қаңтар-қазанда әр сауын сиырдан сауылған сүт орта есеппен 2305 кг-ды, ал әр мекиен тауықтан алынған жұмыртқа 147 дананы құрады.2020 жылғы 1 қарашаға шаруашылықтың барлық санаттарындағы мал санын өткен жылмен салыстырғанда ірі мүйізді мал 9,1%-ға (36,6 мың басқа), қой мен ешкі 5,3%-ға (162 мың басқа), жылқы 10,3%-ға (13,2 мың басқа) көбейді, ал шошқа 31,2%-ға (6,6 мың басқа), құс 2,2%-ға (37,8 мың басқа) азайды.Облыстың барлық санаттағы шаруашылықтарында 135,6 мың бас бұзау, қозы мен лақ 1152,6 мың бас, торай 21,8 мың бас, құлын 38,1 мың бас алынды.2020 жылғы қаңтар-қазанда талдау жасалы отырған кезенде облысымыздың барлық санаттағы шаруашылықтарында 182 бас ірі мүйізді мал (өткен жылғы деңгейге 8,3%), 5370 бас – қой мен ешкі (107,8%) өлім - жітімге ұшырады.Мал мен сүттің негізгі бөлігін өндіру тұрғын халықтың жеке үй шаруашылықтарының үлесінде қалып отыр. Олар облысымызда өндірілген барлық еттің – 57%-ын, сүттің – 75,8%-ын, жұмыртқаның – 54,2%-ын.2020 жылғы қаңтар-қазанда облыста өндірілген ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы көлемі ағымдағы бағалармен 333336,8 млн. теңгені құрады.
Баспасөз хабарламасың сақтау
www.stat.gov.kz/Өңірлер > Жамбыл облысы > Рәсми статистика > Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы
Орындаушы:
Жакипова А.
Тел. +7 7262 45-65-87
Басқарма басшысы:
Баспасөз қызметі:
Абдраимова А.
Тел. +7 7262 45-64-22
E-mail: а.abdraimova@aspire.gov.kz
Мекенжай:
080000,Тараз қаласы
Сулейменов көш. 18
© ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті