Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті Интернет-ресурсыСтатистика комитеті Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
жаңа терезеде ашу

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің негізгі міндеттері мен функциялары

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – Бюро) Департаменттің құзыреті шегінде мемлекеттік статистикалық қызмет мәселелері бойынша іске асыру функцияларын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады.

Департаменттің негізгі міндеттері мен функциялары

Департаменттің міндеттері:

мемлекеттік статистика қағидаттарын сақтай отырып статистикалық қызметті жүзеге асыру;

қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыру.

Департаменттің функциялары:

1) Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

2) статистикалық әдіснаманы қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;

3) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізеді;

4) алдағы күнтізбелік жылға статистикалық жұмыстар жоспарын, респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін қалыптастыру кезінде жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде ұсыныстар енгізеді;

5) респонденттер алғашқы статистикалық деректерді ұсынған кезде оларды статистикалық нысандармен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз етеді;

6) алғашқы статистикалық деректерді, әкімшілік деректерді қағаз жеткізгіштерде және электрондық түрде белгіленген мерзімдерде сақтауды қамтамасыз етеді;

7) Қазақстан Республикасының  ұлттық халық санағын өткізу жөніндегі ұйымдастыру жоспарларын әзірлейді, бекітеді және Бюромен келіседі;

8) санақ парақтарын әзірлеуге қатысады;

9) пилоттық санақ жүргізеді;

10) ұлттық санақтар жүргізеді;

11) Ұлттық санақтар жоспарын іске асыруды қамтамасыз етеді;

12) мемлекеттік статистика саласында әкімшілік дереккөздерге қатысты профилактикалық бақылау нысанында әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

13) респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

14) әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғайды, қарайды және мемлекеттік статистика саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік жазалар қолданады;

15) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығына нақтылау жүргізеді;

16) өз құзыреті шегінде Бюроның ресми көздерден алған деректерін мониторингтеуді, талдауды және салыстыруды жүзеге асырады;

17) бағаларды тіркеуді жүргізеді;

18) ақпараттық-статистикалық жүйелерді, дерекқорларды және олардың платформаларын, статистика тіркелімдерін, Бюроның интернет-ресурсын қалыптастыруды және өзектілендіруді қамтамасыз етуге қатысады;

19) облыстың және оның қалаларының, аудандарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқорларды жинақтауды, жүргізуді және өзектілендіруді қамтамасыз етеді;

20) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз етуге қатысады;

21) статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес таратылуға жататын ресми статистикалық ақпаратты таратуды қамтамасыз етуге қатысады;

22) әкімшілік деректерді тек статистикалық тіркелімдерді өзектілендіру үшін пайдаланады;

23) салық құпиясын құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді;

24) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

25) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Департаментке жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: e.stat@aspire.gov.kz
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Ұлттық статистика бюросы
2021
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter