Мемлекеттік басқарма секторының операциялары
Соңғы жаңарту: 9/01/2020
Деректер: қамту, мерзімділік және уақтылылық
Қамту сипаттары
Мемлекеттік басқару секторының (мемлекеттік бюджет) миллион теңгемен көрсетілген операциялары туралы деректер таратылады. Деректер өздерінің арасында өзара өтелетін операцияларын қоспағанда, орталық үкіметтің бюджеттік органдарының (республикалық бюджет) операцияларын, өңірлікбасқару органдарының, республикалық маңызы бар қаланың,астананың бюджеттік операцияларын қамтитын мемлекеттік басқару бюджеттік органдарының операцияларын қамтиды.Мемлекеттік басқару секторының операциялары жөніндегі деректер (мемлекеттік бюджет) шетелдік байланысты гранттарды және 2006 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыруға байланысты операциялар бойынша деректерді қамтиды. 2006 жылғы 1 шілдеден бастап бюджет заңнамасында айқындалған олардың тізбесіне сәйкес Ұлттық қорға жіберілетін бюджетке түсетін түсімдер мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақшасын есепке алу үшін ашылған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттарына оларды аудару ұлттық заңнамасына сәйкес мемлекеттік басқару секторының операцияларында ескерілмейді. Мемлекеттік басқару секторының институционалдық кестесіне сәйкес мемлекеттік қаржы статистикасы бойынша ХВҚ ұсынылатын ақпаратта 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қаржы статистикасы саласында техникалық көмек бойынша ХВҚ миссиясының ұсынымдарына сәйкес Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорының қаражаты мемлекеттік басқару секторының операцияларында жыл сайынғы негізде GFS статистикалық журналында және тоқсан сайынғы негізде IFS статистикалық журналдарында жариялау үшін ескерілетін болады Мыналар: кірістер мен шығындар, бюджеттік кредиттер бөле отырып, таза бюджеттік кредиттеу және бюджеттік кредиттерді өтеу, операциялық сальдо, қаржы активтерін сатып алуды және қаржы активтерін сатудан түскен түсімдерді көрсете отырып, қаржы активтерімен операциялар бойынша және бюджет тапшылығы (профициті) және оны одан әрі бөле отырып, сыртқы және ішкі қаржыландыруға бөлу кезінде оны қаржыландыру бойынша және сектор типі және резиденттік тиесілігі бойынша және қаржы құралдарының типі бойынша сальдо.Абсолютті сомамен қатар жүргізілген төлемдер пайызы көрсетіледі. Деректер кассалық негізде көрсетіледі. Қаржы жылы күнтізбелік жылға сәйкес келеді.
Мерзімділік
Мемлекеттік басқару секторының операциялары үшін тоқсан сайын
Мемлекеттік басқару секторының операциялары туралы деректер тоқсан сайын, оның ішінде оны одан әрі сектор түрі, резиденттік тиесілігі бойынша және қаржы құралдарының түрі бойынша бөле отырып, сыртқы және ішкі қаржыландыруды ескере отырып таратылады.
Уақтылық
Одан әрі сектор түрі, резиденттік тиесілігі бойынша және қаржы құралдарының түрі бойынша бөле отырып, сыртқы және ішкі қаржыландырудың жалпы сомасын көрсете отырып, мемлекеттік басқару секторының операциялары туралы деректер есепті кезеңнен кейін бір айдан кешіктірілмей таратылады.
Жұртшылық үшін қол жетімділік
Деректерді шығару күнтізбесін алдын ала тарату
Деректерді шығару күнтізбесі орыс және ағылшын тілдерінде жасалады, онда тиісті жылдың басында ақпараттың шығуының таяу мерзімі туралы хабарлама беріледі және Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің веб-сайтында (http://www.stat.gov.kz/) жарияланады.
Барлық мүдделі тараптарға деректерді бірмезгілде беру
Деректер Қаржы министрлігінің веб-сайтында (http://www.minfin.gov.kz) орналастырылу жолымен барлық мүдделі тараптарға бірмезгілде беріледі.
Дәйектілігі
Жеке жауаптардың құпиялығын қоса алғанда, ресми статистика жасалатын шарттар туралы ақпаратты тарату
Деректерді жасау және тарату Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV) талаптарымен және ережелерімен айқындалады. Қаржы министрлігі бюджеттің атқарылу нәтижелігін және айқындылығын қамтамасыз ету үшін белгіленген кезеңділікпен және айтылған мерзімде белгіленген форматта деректерді қалыптастыруға және мемлекеттік қаржы-қаражат статистикасын ұсынуға міндетті. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің мәтіні қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Интернет-ресурсында (http://www.minplan.gov.kz) орналастырылған.
Деректер жарияланғанға дейін Үкіметтің деректерге ішкі қол жетімділігінің болуы
Қаржы министрлігінентыс мемлекеттік лауазымды тұлғалардың деректер жарияланғанға дейін оларға қол жетімділігі болмайды.
Статистикалық деректер шығарылған жағдайда ведомстволық түсініктемелердің болуы
-
Деректерді нақтылау туралы ақпаратты ұсыну және әдіснамадағы елеулі өзгерістер туралы алдын ала хабарлау
Сапа
Статистиканы дайындауда пайдаланылатын әдіснамалар мен көздер туралы құжаттамалардың таралуы
Бюджеттердің атқарылуы туралы жиынтық ақпарат ай сайынғы «Статистикалық бюллетень» басылымында жарияланады.
Қиылыс статистикалық тексерулер жүргізуге мүмкіндік беретін және негізділігіне кепілдік беретін таратылымдар
Ай сайынғы «Статистикалық бюллетень» басылымында есепті кезеңдегі соңғы деректер, соңғы төрт жылдағы деректер, ағымдағы және алдыңғы қаржы жылдары үшін тоқсан бойынша деректер жарияланады. Мемлекеттік басқару секторының операциялары бойынша деректер мынадай бөліністе жарияланады: 1) «Қамту сипаттамасы» тармағында жоғарыда сипатталған негізгі құрауыштар; 2) түсімдер, оның ішінде салықтық және салықтық емес түсімдер бөлінісіндегі кірістер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттердің түсімдері, сондай-ақ бюджеттік кредиттерді өтеу мен қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер туралы деректер; 3) функционалдық сыныптама, оның ішінде шығындар, бюджеттік кредиттер бойынша және қаржы активтерін сатып алу бойынша шығыстар туралы деректер; 4) экономикалық және ведомстволық сыныптама бойынша шығыстар туралы деректер; 5) секторлар типі мен резиденттік тиесілігі бойынша бюджеттен қаржыландыру туралы деректер; 6) қаржы құралдарының типі бойынша бюджеттен қаржыландыру туралы деректер. Бұдан басқа, өңірлік басқару органдарының операциялары туралы және әрбір өңірлік басқару органының операциялары туралы шоғырландырылған деректер таратылады. Қаржы министрлігінің веб-сайты арқылы (www. minfin.gov.kz ) «Статистикалық бюллетень» басылымында жарияланатынға ұқсас деректер, сондай-ақ бөлек нақты қаржы кезеңдерінде алдыңғы жылдардағы мемлекеттік,шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы айлық жиынтық деректер таратылады.
Ескертпелер: Асты сызылған жерлер қосымша ақпаратқа шығатын гипер байланысты білдіреді