Өндірушілердің баға индексі
Соңғы жаңарту: 10/10/2018
Өндірушілер бағасының индексі (ӨБИ) туралы таратылатын деректерді Ласпейрес формуласы көмегімен тізбекті индекске үйлестірілген және кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауды қоса алғанда экономикалық қызмет түрлері өнімдерін қамтиды, бұл тұтастай алғанда шамамен 1500 тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің түрлерін құрайды.
ӨБИ аумағы жағынан 14 облысты, сонымен қатар Алматы, Шымкент және Астана қалаларын қамтиды. Базалық баға серпінін байқау қызмет, өнім түрлері және өңдеу сатылары бойынша бөліністе айлық зерттеу көмегімен (жалпы алғанда бағаның 6000 аса белгіленімдері тіркеледі) жүзеге асырылады. Әрбір өңірде кәсіпорындарды іріктеу қолданыстағы әдіснамаға сәйкес іріктелген байқау әдісінің негізінде жүзеге асырылады.
ӨБИ бойынша басшылықта баяндалған басшылық принциптеріне сәйкес ӨБИ құру барысында тұжырымдамалар, анықтамалар мен жіктелімдер және ӨБИ бойынша айтылған басым принциптерге сәйкес келеді. Еуропалық қоғамдастықтың экономикалық қызметтің стандартты жіктеуіші және Еуропалық Одақтың өнеркәсіп өнім түрлерінің тізбесі (ПРОДКОМ/PRODKOM) негізінде әзірленген Өнеркәсіп өнімдерінің статистикалық жіктеуішіне (ӨӨСЖ) сәйкес ӨБИ экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне негізделген. Салмақтау құрамдастарды қалыптастыру кезінде Қазақстан кәсіпорындарының белгілі бір жылда өндірілген өнеркәсіп өнімінің құны қолданылады. Баға туарлы дерекетерді үнемі жинап отыратын тауарлар мен қызметтерді анықтау үшін ӨБИ бойынша нұсқаулықта баяндалғанмен салыстыратын тұжырымдамалар мен анықтамалар қолданылады. Ауылшаруашылығы және құрылыс өнімдерін өндірушілер бағасының индексі сол бір ӨБИ құру кезінде қолданылатын әдіснаманың негізінде жеке құрылады. Сонымен қатар көлік және байланыс қызметтері бойынша өндірушілер бағасының индексі жеке құрылады. 2006 жылдан бастап СК орман шаруашылығы өнімі мен қызметтеріне ӨБИ және көтерме саудада сату бағасының индексін құруы жүзеге асырылады, 2010 жылдан бастап балық аулау және акваөсіру өнімі мен қызметтеріне баға индексін, 2011 жылдан бастап коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасының индексін, 2017 жылдан бастап қоймалау және сақтау бойынша көрсетілетін қызметтерге баға индексін, 2018 жылдан бастап - жарнама саласында көрсетілген қызметтер және нарықты зерделеу бағасының индексін құру жүзеге асырылады.
Деректер маусымдық ауытқулар есебімен түзетілмейді.
ДТАС талаптарын қанағаттандыратын деректер шығарылымының күнтізбесі деректерді шығарудың нақты мерзіміне кем дегенде бір тоқсан қалғанда жарияланады. Деректер шығарылымының күнтізбесі СК сайтында орналастырылған (http://www.stat.gov.kz).
Барлық мүдделі тараптарға деректер «Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындардың бағаларының өзгеруі туралы» баспасөз хабарламасын СК сайтында орналастыру арқылы бір уақытта ұсынылады (http://www.stat.gov.kz).
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы №257- IV ҚР Заңына сәйкес СК кәсіби тәуелсіздікке ие, ресми статистикалық ақпаратты жинау, өңдеу және тарату бойынша статистикалық қызмет атқарады және мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік саясатты дайындауға және жүзеге асыруға өкілетті. «Мемлекеттік статистика туралы» Заңның 8-бабы алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығы мен қорғалуына және мемлекеттік статистика органдарының оларды тек статситикалық ақпаратты түзу мақсатында қолданылуына кепілдік етеді. 27-бап Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген, мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзғаны үшін жауапкершілікті қарастырады. Мемлекеттік статистика органдарының қызметкерлері алғашқы статистикалық деректерді жоғалтқаны, сатқаны, жөнелткені және басқа заңсыз жария еткені үшін жауапты болады. 17-бапқа сәйкес респонденттер алғашқы статистикалық деректерді респонденттермен ұсыну кестесіне және статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық байқаулар жүргізуде дәйекті алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға міндетті. 26-бапқа сәйкес ресми статистикалық ақпарат статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесімен сәйкес таратылуға жатады. «Мемлекеттік статистика туралы» Заң және ресми статистиканың іргелі қағидаттары Интернеттегі СК парақшасында орналастырылған (http://www.stat.gov.kz).
Деректер шығарылымына дейін мемлекеттік басқару органдарының ішкі қол жеткізуі көзделмеген.
Деректер шығарылымына орай министрліктердің ескертулері қарастырылмаған. ТБИ туралы деректер жарияланымы СК дайындаған пікірленрмен бірге жүреді.
Деректер бірінші рет шығарылу сәтінде түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды. Әдіснамадағы маңызды үлкен өзгерістер туралы қоғам осы өзгерістерді енгізген уақытта хабарланады. Әдіснамадағы өзгерістері сипаттамасына деректер жарияланатын барлық статистикалық басылымдарға енгізіледі.
ӨБИ құруға негізделген әдіснаманың қысқаша сипаттамасы «Қазақстанның статистикалық жылнамалығында» және «Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптегі баға» статистикалық жинағында, сонымен қоса «Қазақстан Республикасындағы өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіптік өнімдерінің бағасының индексі» айлық статистикалық бюлетенінде жарияланады. ӨБИ құрастыру әдіснамасының айтарлықтай толық сипаттамасы «Өнеркәсіп өнімін өндірушілер бағасының индексін құру әдістемесінде» СК http://www.stat.gov.kz. сайтында орналасқан.
«Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындардың бағаларының өзгеруі туралы» ай сайынғы баспасөз хабарламасында республика бойынша бағаның есепті айда өткен аймен, өткен жылғы желтоқсанмен, 2015 жылғы желтоқсанмен, өткен жылғы сәйкес аймен және кезеңмен салыстырғандағы өзгеруі туралы қысқаша қорытындылары жарияланады. «Қазақстан Республикасы экономикасының тұтыну және нақты секторларындағы бағаның өзгеруі туралы» ай сайынғы жедел ақпаратында есепті кезеңде өткен аймен, желтоқсанмен, өткен жылғы сәйкес аймен және кезеңмен салыстырудың серпінді қатары бойынша тұтыну секторында, өнеркәсіпте, көтерме саудада, құрылыста, ауыл, шаруашылығында баға өзгерісі туралы, сонымен қоса жүк тасымалдау мен байланыс қызметтері тарифіне өзгерулер туралы деректер жарияланады. «Өнеркәсіп өнімдері өндіруші кәсіпорындар бағасының өзгеруі туралы», ай сайынғы жедел ақпараты республика және өңірлер бойынша экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде есепті айда өткен аймен, желтоқсанмен, өткен жылғы сәйкес аймен және кезеңмен салыстырғандағы баға өзгеруі туралы қысқаша деректерді қамтиды. «Қазақстан Республикасындағы өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіптік өнімдерінің бағасының индексі» ай сайынғы бюлетенінде республика мен өңірлер бөлінісінде экономикалық қызмет түрлері бойынша есепті айда өткен ай мен өткен жылғы сәйкес айға, өткен жылғы желтоқсанға, 2015 жылғы желтоқсанға және өткен жылғы сәйкес кезеңге үдемелі қорытындысы туралы деректер жарияланады. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы» ай сайынғы журналында «Баға» бөлімінде өндірушілер, көтерме сауда бағасының есепті ай мен жыл басынан бергі есепті кезеңге республика бойынша, экономикалық қызмет түрлеріне баға серпіні бойынша деректер келтіріледі. «Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптегі баға» жыл сайынғы басылымында республика және өңірлер бойынша өткен жылғы (өткен айға және өткен жылғы желтоқсанға, 2015 жылғы желтоқсанға және өткен жылғы сәйкес кезеңге) экономикалық қызмет түрлері мен өнім түрлері бойынша өндірушілер бағасының өзгеруі туралы егжей-тегжейлі деректер келтіріледі. «Қазақстан өңірлері» жылнамасында республика және өңірлері бойынша (желтоқсан өткен жылғы желтоқсанға) өнім топтарына баға өзгерісі туралы деректер жарияланады. «Қазақстанның статистикалық жылнамасында» өнеркәсіп өндірісі бойынша – кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау секторлары бойынша жылдық есепте ӨБИ-дің өзгеруі туралы деректер жарияланады. Өңдеу өнеркәсібі бойынша тамақ өнімдерін өндіру, тоқыма бұйымдарын өндіру, химия, металлургия өнеркәсібі және т.б. сияқты экономикалық қызмет түрлеріндегі баға серпіні туралы деректер келтіріледі.