Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті Интернет-ресурсыСтатистика комитеті Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
жаңа терезеде ашу

Халықаралық инвестициялық позиция

Жаңарту күні: 2021 Маусым

Қазақстан: Деректер таратудың арнайы стандарты
Метадеректер
Деректер санаты: Халықаралық инвестициялық позиция
Байланыстағы тұлға
Азаматша Айгуль Бухарбаева
Халықаралық инвестициялар басқармасы
Төлем балансы департаменті
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Z05T8F6, Нұр-Сұлтан, Мәңгілік Ел даңғылы, 57«А»
Телефоны: +7 (7172) 77 55 40
Электрондық поштасы: bukharbaeva@nationalbank.kz

 

 

Деректер: қамтылуы, кезеңділігі және уақтылы болуы

Қамту сипаттамалары

Халықаралық инвестициялық позиция Қазақстан Республикасы резиденттерінің сыртқы қаржылық активтері мен міндеттемелерінің нақты уақыт мезетіндегі құнын көрсететін статистикалық есеп. Қазақстан Республикасының халықаралық инвестициялық позициясында есепті кезең ішіндегі қаржылық операциялар, қайта бағалау және өзге өзгерістер нәтижесінде орын алған өзгерістер көрсетіледі.

Халықаралық инвестициялық позиция резиденттердің бейрезиденттерге қатысты барлық шетелдік қаржылық активтері мен міндеттемелерін қамтиды.

Халықаралық инвестициялық позицияны қалыптастырудың әдіснамалық негізі Халықаралық валюталық қордың «Төлем балансы және халықаралық инвестициялық позиция бойынша нұсқаулықтың» 6-шы басылымы (ТБН6), 2009 ж. болып табылады.

Есепті күні қаржылық активтер мен міндеттемелердің стандартты компоненттері келесі жіктеулерді көздейді:

функционалды категориялар бойынша– тікелей инвестициялар, портфельді инвестициялар, туынды қаржы құралдары және қызметкерлерге арналған акциядағы опциондар, басқа инвестициялар, резервтік активтер;

қаржы құралдары бойынша – капиталға қатысу құралдары және инвестициялық қорлардың үлеспұлдары, борыштық құралдар (қолма-қол валюта және депозиттер, борыштық бағалы қағаздар,кредиттер мен несиелер, сақтандыру, зейнетақы бағдарламалары және стандартты кепілдік бағдарламалары,арнайы несие алу құқықтары, сауда кредиттері мен алғытөлемдер, өзге активтер/міндеттемелер);

институционалды секторлар бойынша – орталық банк, банктер, мемлекеттік басқару органдары, басқа секторлар, өз кезегінде басқа секторлар – басқа қаржылық ұйымдар және қаржылық емес ұйымдар, үй шаруашылықтары мен үй шаруашылықтарына қызмет ететін коммерциялық емес ұйымдар (ҮШҚКЕҰ) болып екі ішкі секторға бөлінеді;

өтеу мерзімдері бойынша (борыштық құралдар үшін) – қысқа мерзімді (алғашқы өтеу мерзімі бір жыл және одан кем) және ұзақ мерзімді (алғашқы өтеу мерзімі бойынша бір жылдан жоғары).

Халықаралық инвестициялық позицияны қалыптастыру үшін келесі ақпарат көздері:

–банктердің, басқа қаржылық ұйымдардың және шетелдік компаниялардың филиалдары мен мемлекеттік органдарды қоса алғандағы қаржылық емес ұйымдардың статистикалық және әкімшілік есептері, жеке тұлғалардың әкімшілік есептері;

–Ұлттық Банк бухгалтерлік есебінің мәліметтері, сыртқы басқарушылардың және Ұлттық қордың активтері бойынша ғаламдық кастодианның есептері;

–Ұлттық Банк респонденттердің қаржылық есептері және ақпараттың өзге көздері негізінде жасайтын бағалау пайдаланылады.

Деректер АҚШ долларында қалыптастырылады.

Кезеңділігі

Тоқсан сайын

Ұсыну мерзімдері

Есепті кезеңнен кейінгі 90-шы күні

Жұртшылық үшін қолжетімділік

Деректерді тарату күнтізбесі

Ұлттық Банк ресми статистикалық ақпаратының, оның ішінде сыртқы сектор статистикасы бойынша ақпаратының таратылу күнтізбесі Ұлттық Банк сайтында орналастырылады:

https://nationalbank.kz/kz/page/kalendar-rasprostraneniya-dannyh.

Сонымен қатар күнтізбе Ұлттық статистика бюросының сайтында қолжетімді: https://stat.gov.kz/inf/standard/calendar.

Барлық мүдделі тараптарға бір мезгілде деректерді ұсыну

Халықаралық инвестициялық позиция бойынша деректер орнатылған мерзімдерде Ұлттық Банк сайтында орналастырылады: https://nationalbank.kz/kz/news/mezhdunarodnaya-investicionnaya-poziciyaжәне барлық пайдаланушыларға бір мезгілде қолжетімді болады.

Шынайылығы

Жеке респонденттер бойынша мәліметтердің құпиялылығын сақтай отырып, статистикалық деректерді қалыптастырудың нормативтік-құқықтық шарттары туралы ақпаратты тарату

Халықаралық инвестициялық позиция бойынша деректерді жинау және тарату мыналармен реттеледі:

· ҚазақстанРеспубликасының “Ұлттық Банк туралы” 1995 жылғы 30 наурыздағы №2155 Заңымен.

Заңның 8-бабына сәйкес Ұлттық Банк міндеттеріне елдің төлем балансы, халықаралық инвестициялық позициясы және сыртқы борышы бойынша статистикалық ақпаратты қалыптастыру және тарату кіреді.

· Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Қазақстан Республикасының төлем балансын жасау туралы” 1999 жылғы 29 қаңтардағы №71 қаулысымен.

Осы қаулыға сәйкес Ұлттық Банк төлем балансын қалыптастыру және жариялау үшін жауапты мемлекеттік орган болып табылады және оған барлық респонденттен төлем балансы жөніндегі статистикалық ақпаратты жинау құқығы беріледі.

· Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік статистика туралы” 2010 жылғы 19 наурыздағы №257-IV Заңымен.

Заңға сәйкес алғашқы статистикалық деректер құпия болып табылады және оны мемлекеттік статистика органдары тек қана статистикалық ақпаратты түзу мақсатында пайдаланады. Мемлекеттік статистика органдары алғашқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және сақтау кезінде осы деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.

· Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V кодексімен.

Кодексте мемлекеттік статистика органдарының, мемлекеттік статистика облысында уәкілетті орган ведомствосының ведомстволық бағынышты ұйымдарының лауазымды тұлғасының алғашқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) деректер қорларынжоғалтып алуы, сатуы немесе өзге де заңсыз түрде жария етуі үшін жазалау шаралары көзделген.

Халықаралық инвестициялық позицияны қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының Төлем балансы департаменті жауапты болып табылады.

Мемлекеттік басқару органдарының деректерді шығармас бұрын оларға қолжетімділігі (қолжетімділіктің болмауы)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары ақпаратқа ол ресми түрде жарияланғанға дейін қолжеткізе алмайды.

Статистикалық деректерді шығару кезінде министрліктер жасаған түсініктемелердің бар болуы

Деректер министрліктер мен ведомстволар тарапынан қандай да болмасын түсініктемелерсіз жарияланады.

Деректерді нақтылау туралы ақпарат беру және жарияланатын деректер әдіснамасына өзгерістер енгізу туралы алдын ала хабарламаларды жариялау

Есепті кезең үшін деректерді шығару кезінде бұрын басылып шығарылған кезеңдер өзектендіріледі, бұл есептердің немесе әдіснаманың нақтылануымен, жаңа ақпарат көздерінің пайда болуымен және т.б. байланысты.
Деректер бір жылда екі рет қайта қаралады: қазан және сәуір айларында. Деректерді қайта қарау есепті жылдың алдындағы екі жылды қамтиды.
Деректерді қайта қарауға қатысты түсіндірмелер жаңартылған деректермен бірге Ұлттық Банктің «Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы борышы» тоқсандық басылымында жарияланады.
Әдіснамадағы негізгі өзгерістер пайдаланушыларға осындай өзгерістер енгізілген сәттен бастап хабарланады.

Сапасы

Әдіснама және статистикалық  деректерді дайындау кезінде пайдаланылатын дереккөздер туралы ақпаратты тарату

Ұлттық Банктің ДТАС бойынша тарататын ақпаратына әдіснамалық түсіндірмелер келесі мекен-жай бойынша орналастырылған: https://nationalbank.kz/kz/news/metodologicheskiy-kommentariy/7330.

Сонымен қатар, дереккөздер туралы ақпаратты және жеке көрсеткіштерді бағалаудың әдістемелік қағидаттарын қоса алғандағы түсіндірмелер https://nationalbank.kz/kz/news/platezhnyy-balans/rubrics/1574мекен-жайы бойынша қолжетімді болып табылатын Ұлттық Банктің«ҚазақстанРеспубликасыныңтөлем балансы жәнесыртқыборышы»тоқсандықбасылымындажарияланады.

Әр-түрлі статистикалық жүйелерді қолдану арқылы деректердің егжей-тегжейлі компоненттерін тарату, өзара байланысқан көрсеткіштерді сәйкестендіру, тоғыспалы тексерістер жүргізу және деректерді растау мүмкіндіктері

Ұлттық Банк халықаралық инвестициялық позицияны деректердің егжей-тегжейі түрлі деңгейде ашылған презентацияларда таратады:

– стандартты компоненттер;

– экономика секторлары бойынша;

– ағындар, қорлар мен кірістердіңкелісуі.

Одан басқа, Ұлттық Банктің сайтында тоқсан сайынғы негізде резиденттердің экономикалық қызмет түрлері, активтер мен міндеттемелердің географиялық құрылымы бойынша халықаралық инвестициялық позиция кестелері, Қазақстан резиденттерінің сыртқы міндеттемелері бойынша тоғыспалы кестелер: экономикалық қызмет түрлері мен негізгі елдер бойынша, 10 ірі инвестор-елдер мен экономикалық қызмет түрлері бойынша, сонымен қатар салыну бағыты бойынша тікелей инвестициялар кестелері орналастырылады.

Халықаралық инвестициялық позиция көрсеткіштері төлем балансы, халықаралық резервтер, сыртқы борыш статитикасы, ұлттық шоттар жүйесінің деректерімен өзара байланысқан:

төлем балансы: төлем балансы қаржы шотының баптары халықаралық инвестициялық позициясындағы операциялар есебінен болған өзгерістерге толығымен сәйкес;

халықаралық резервтер: деректер толық сәйкестікте болып табылады;

сыртқы борыш: сыртқы борыш бойынша деректер халықаралық инвестициялық позициядағы туынды қаржы құралдарын қоспағанда борыштық құралдар бойынша міндеттемелермен толық сәйкестікте;

ұлттық шоттар жүйесі: халықаралық инвестициялық позиция деректері ҰШЖ қаржы шотымен және қаржылық активтер мен міндеттемелердің балансымен толық келісілген.

Халықаралық инвестициялық позиция деректері ҚРҰБ «ҚазақстанРеспубликасыныңтөлем балансы жәнесыртқыборышы» ресмибасылымындажарияланады(тоқсан сайын).

 

 

I. Әдіснамалық негіз, тұжырымдамалар, айқындамалар және жіктеулер

  • Әдіснамалық негіз:Халықаралық инвестициялық позицияны қалыптастырудың әдіснамалық және тұжырымдамалық негізі Халықаралық валюталық қордың «Төлем балансы және халықаралық инвестициялық позиция бойынша нұсқаулықтың» 6-шы басылымы (ТБН6) болып табылады.
  • Айқындама:Халықаралық инвестициялық позиция Қазақстан Республикасы резиденттерінің сыртқы қаржылық активтері мен міндеттемелерінің нақты уақыт мезетіндегі құнын көрсететін статистикалық есеп. Қазақстан Республикасының халықаралық инвестициялық позициясында есепті кезең ішіндегі қаржылық операциялар, қайта бағалау және өзге өзгерістер нәтижесінде орын алған өзгерістер көрсетіледі.

Институционалды бірлік егер Қазақстан Республикасының экономикалық аумағы оның басым экономикалық қызығушылығының орталығы болса, ол Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады.

  • Жіктеу жүйесі: Халықаралық инвестициялық позицияда төлем балансы статистикасындағы қаржы шоты бөлігінде қолданылатын жіктеуге ұқсас жіктеу пайдаланылады. Қаржылық активтер мен міндеттемелер келесі түрде жіктеледі:

функционалды категориялар бойынша– тікелей инвестициялар, портфельді инвестициялар, туынды қаржы құралдары және қызметкерлерге арналған акциядағы опциондар, басқа инвестициялар, резервтік активтер;

қаржы құралдары бойынша – капиталға қатысу құралдары және инвестициялық қорлардың үлеспұлдары, борыштық құралдар (қолма-қол валюта және депозиттер, борыштық бағалы қағаздар,кредиттер мен несиелер, сақтандыру, зейнетақы бағдарламалары және стандартты кепілдік бағдарламалары,арнайы несие алу құқықтары, сауда кредиттері мен алғытөлемдер, өзге активтер/міндеттемелер);

институционалды секторлар бойынша – орталық банк, банктер, мемлекеттік басқару органдары, басқа секторлар, өз кезегінде басқа секторлар – басқа қаржылық ұйымдар және қаржылық емес ұйымдар, үй шаруашылықтары мен үй шаруашылықтарына қызмет ететін коммерциялық емес ұйымдар (ҮШҚКЕҰ) болып екі ішкі секторға бөлінеді;

өтеу мерзімдері бойынша (борыштық құралдар үшін) – қысқа мерзімді (алғашқы өтеу мерзімі бір жыл және одан кем) және ұзақ мерзімді (алғашқы өтеу мерзімі бойынша бір жылдан жоғары).

Сыртқы қаржылық активтер мен міндеттемелердің айырмасы таза инвестициялық позицияны білдіреді, ол оң (ол жағдайда ел басқа әлемге қатысты таза инвестор-кредитор болып табылады) немесе теріс (ол жағдайда таза қарыз алушы болып табылады) болуы мүмкін.

 

II. Деректерді қамту

  • Статистикалық қамту:Халықаралық инвестициялық позиция резиденттердің бейрезиденттерге қатысты барлық шетелдік қаржылық активтері мен міндеттемелерін қамтиды. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған шетелдік компаниялардың филиалдары резиденттерге жатады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан халықаралық ұйымдар қызметтерінің ұзақтығына қарамастан бейрезиденттерге жатады.
  • Географиялық қамту: Қазақстан Республикасының экономикалық аумағы Қазақстан экономикасына қатысты эксаумақты болып саналатын шетелдік мемлекеттердің елшіліктерін, консулдықтарын және басқа ресми органдарын қоспағанда, мемлекеттік шекараның ішіндегі оның географилық аумағымен сәйкес келеді.Шетелде орналасқан Қазақстан Республикасы Үкіметінің елшіліктері, консулдықтары, әскери базалары жәнебасқа ресми органдары Қазақстан Республикасының экономикалық аумағына жатады.

 

III. Есепке алу қағидаттары

  • Құндық бағалау: Сатылатын үлестік және борыштық құралдар нарықтық құны бойынша бағаланады. Сатылмайтын құралдар номиналды құны бойынша көрсетілген. Монетарлық алтын Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығының (LBMA) есепті күннің алдындағы күнгі таңертеңгі фиксингті қолдану арқылы есепке алынады.

Халықаралық инвестициялық позиция деректері АҚШ долларында қалыптастырылады. Шетелдік активтер мен міндеттемелердің егер олар басқа валюталарда номинирленген болса, есепті кезеңнің басындағы және соңындағы қалдықтарын есептеген кезде АҚШ долларына қайта есептеу Ұлттық Банктің осы күндерге орнатылған бағамдарын және кросс-бағамдарды пайдалану арқылы іске асырылады. Халықаралық инвестициялық позицияның ағындары мен қорларын келісу кезінде есепке алынатын қаржылық операцияларды АҚШ долларына қайта есептеу Ұлттық Банктің операция жасау күніне орнатылған бағамын немесе кросс-бағамды пайдалану арқылы іске асырылады. Операция жасалу күні туралы ақпарат болмаған жағдайда тоқсандық орташа айырбастау бағамы пайдаланылады.

  • Есепке алу негізі: Сыртқы активтер мен міндеттемелер негізінен есептеу әдісі бойынша көрсетіледі. Көрсеткіштерді агрегаттау үрдісі халықаралық стандартқа сәйкес: жазбалар Мемлекеттік органдар секторы бойынша көрсетілетін Ұлттық Банк резервтік активтеріндегі және Ұлттық қордағы туынды қаржы құралдарын есептемегенде, активтің бір түрі бойынша және міндеттемелердің бір түрі бойынша жеке сальдоналады.

 

IV. Ақпараттың негізгі көздері

  • Тікелей инвестициялар: Ақпарат көздері болып банктердің, басқа қаржы ұйымдарының және шетелдік компаниялардың филиалдары мен мемлекеттік органдарды қоса алғандағы қаржылық емес ұйымдардың статистикалық және әкімшілік есептері, жеке тұлғалардың әкімшілік есептері, жеке ұйымдардың қаржылық есептері, Қазақстан Ұлттық Банкінің өз бағалаулары табылады.
  • Портфельді инвестициялар: Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары (брокерлер, дилерлер, инвестициялық портфельді басқарушы ұйымдар, бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар мен тіркеушілер), банктер, бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры ұсынатын статистикалық есептер деректері. Ұлттық қор операциялары бойынша деректер ғаламдық кастодиан есебі негізінде қалыптастырылады.
  • Туынды қаржы құралдары және қызметкерлерге арналған акциядағы опциондар: Деректер көздері болып банктердің, басқа қаржы және қаржылық емес ұйымдардың статистикалық және әкімшілік есептері, Қазақстан Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есебінің деректері және Ұлттық қор активтері бойынша ғаламдық кастодиан есептері табылады.
  • Басқа инвестициялар: Ақпарат көздері болып банктердің, басқа қаржы ұйымдарының және шетелдік компаниялардың филиалдары мен мемлекеттік органдарды қоса алғандағы қаржылық емес ұйымдардың статистикалық және әкімшілік есептері, жеке тұлғалардың әкімшілік есептері, жеке ұйымдардың қаржылық есептері, Қазақстан Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есебінің деректері және Ұлттық қор активтері бойынша ғаламдық кастодиан есептері, Қазақстан Ұлттық Банкінің өз бағалаулары (жеке тұлғалардың операциялары бойынша) табылады.
  • Резервтік активтер: Қазақстан Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есебінің деректеріжәнесыртқы басқарушылардың есептері.

 

V. Деректерді әзірлеудің тәжірибелік ерекшеліктері

  • Тікелей инвестциялар: Экономиканың Басқа секторларының капиталға қатысумен және кірістерді қайта инвестициялаумен байланысқан тікелей инвестицияларын толығымен есепке алу үшін Ұлттық Банк компаниялардың қаржылық есептеріне, тікелей инвестициялар бойынша ірі операциялар мен нарықтық құндары туралыталдамалы порталдар мен бұқаралық ақпарат құралдарына талдау жасайды. Сонымен қатар банктердің клиенттер төлемдері (аударымдары) туралы ақпараты пайдаланылады. Алынған нәтижелер бойынша есептер деректері түзетілуі мүмкін.

Бағасы белгіленбейтін акциялардың және қазақстандық компаниялардың капиталына қатысудың өзге де құралдарының теріс құны келесі жағдайларды ескермегенде, нөлденеді:

  • компания өз қызметінің бастапқы немесе соңғы кезеңдерінде болған кезде,
  • компания активтерінің жоғарғы айналымдылығы кезінде теріс құн уақыттың азғантай кезеңінде орын алған жағдайда (яғни, компания активтерін оның міндеттемелері төленуге тиіс уақытқа дейін қолма-қол ақшаға аударып алу мүмкіндігі бар болған кезде),
  • шетелдік акционерлер компанияның барлық міндеттемелерін (ішкі және сыртқы) өз мойындарына алған жағдайда немесе олар бойынша кепілгер ретінде саналған жағдайда.

Жеке тұлғалардың шетелдегі жылжымайтын мүліктері бойынша операциялары өзге өзгерістермен есептен шығарылады, өйткені кезең басындағы (соңындағы) қалдықтар (қорлар) бойынша ақпарат жоқ.

  • Басқа инвестициялар: Жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасымен операцияларын бағалау. Сондай-ақ, банктердің және Ұлттық Банктің клиенттердің төлемдері (аударымдары) туралы ақпараты пайдаланылады.

Жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасымен, шетелдік бантердегі шоттары бойынша операциялары өзге өзгерістермен есептен шығарылады, өйткені кезең басындағы (соңындағы) қалдықтар (қорлар) бойынша ақпарат жоқ.

 

VI. Басқа аспектілер

  • Қосымша ақпарат:тоқсан сайынғы негізде қосымша келесі деректер таратылады:

– резиденттердің экономикалық қызмет түрлері бойынша, активтер мен міндеттемелердің географиялық құрылымы бойынша халықаралық инвестициялық позиция,

– экономикалық қызмет түрлері мен негізгі елдер бойынша, 10 ірі инвестор-елдер мен экономикалық қызмет түрлері бойынша Қазақстан резиденттерінің сыртқы міндеттемелері бойынша тоғыспалы кестелер,

– салыну бағыты бойынша тікелей инвестициялар кестелері.

  • Өзгелер:Есепті деректердің тоқсан сайынғы жариялануы «Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы борышы» басылымындағы талдамалық түсіндірмелермен толықтырылады.

 

 

Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Ресми YouTube канал
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: e.stat@aspire.gov.kz
Ақпараттық қызмет
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
9:00 - 18:30-ға дейін:
Сенім телефоны
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі
8 701 844 38 58
e-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz
Дс-Жм 9:00 -ден 18:30 дейін, 13:00-14:30 – түскі үзіліс
Кеңсе
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Ұлттық статистика бюросы
2021
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter