Орталық үкіметтің операциялары
Соңғы жаңарту: 9/01/2020
Деректер: қамту, мерзімділік және уақтылық
Қамту сипаттары
Орталық (республикалық бюджеттің) үкіметтің миллион теңгемен көрсетілген операциялары туралы деректер таратылады. Деректер орталық үкіметтің бюджеттік органдарының операцияларын қамтиды. 1999 жылғы қаңтардан бастап барлық бюджеттен тыс қорлар орталық үкіметтің бюджетіне енгізілген. Мемлекеттік басқару секторының операциялары бойынша деректер шетелдік байланысты гранттарды және 2006 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыруға байланысты операциялар бойынша деректерді қамтиды. 2006 жылғы 1 шілдеден бастап бюджет заңнамасында айқындалған олардың тізбесіне сәйкес Ұлттық қорға жіберілетін бюджетке түсетін түсімдер мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақшасын есепке алу үшін ашылған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттарына оларды аудару орталық басқару секторының операцияларында ескерілмейді. Мемлекеттік басқару секторының институционалдық кестесіне сәйкес IFS және GFS статистикалық журналдарында жариялау үшін мемлекеттік қаржы статистикасы бойынша ХВҚ ұсынылатын ақпаратта 2009 жылдан бастап орталық үкіметтің операциялары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялары енгізілген. Мыналар: кірістер мен шығындар, операциялық сальдо, бюджеттік кредиттер мен бюджеттік кредиттерді өтеуді бөле отырып, таза бюджеттік кредит беру, қаржы активтерін сатып алуды және қаржы активтерін сатып алудан түсетін түсімдерді бөле отырып, қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо, бюджеттің тапшылығы (профициті) және оны секторлардың түрі және резиденттік тиістілігі және қаржы құралдарының үлгісі бойынша бөле отырып, сыртқы және ішкі қаржыландыруды көрсетіп, оны қаржыландыру жөніндегі деректер таратылады.
Абсолютті сомамен қатар жүргізілген төлемдер пайызы көрсетіледі.
Деректер кассалық негізде көрсетіледі.
Қаржы жылы күнтізбелік жылға сәйкес келеді.
Мерзімділік
Ай сайын, тоқсандық негізде жасалатын қаржыландыруды егжей-тегжей бөлуді қоспағанда
Уақтылық
Ішкі және сыртқы қаржыландыруды егжей-тегжейлі бөлусіз орталық үкіметтің (республикалық бюджеттің) операциялары туралы ай сайынғы деректер есепті кезеңнен кейін бір айдан кешіктірілмей таратылады. Секторлардың түрі, резиденттік тиістілігі және қаржы құралдарының түрі бойынша одан әрі бөле отырып сыртқы және ішкі қаржыландыру ескерілген қаржыландыру туралы толық тоқсан сайынғы деректер есепті кезеңнен кейін бір айдан кешіктірілмей таратылады.
Жұртшылық үшін қол жетімділік
Деректерді шығару күнтізбесін алдын ала тарату
Деректерді шығару күнтізбесі орыс және ағылшын тілдерінде жасалады, онда тиісті жылдың басында ақпараттың шығуының таяу мерзімі туралы хабарлама беріледі және Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің веб-сайтында (http://www.stat.gov.kz/) жарияланады.
Барлық мүдделі тараптарға деректерді бірмезгілде беру
Деректер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің веб-сайтында (http:///www.minfin.gov.kz).) орналастырылу жолымен барлық мүдделі тараптарға бірмезгілде беріледі.
Дәйектілігі
Жеке жауаптардың құпиялығын қоса алғанда, ресми статистика жасалатын талаптар туралы ақпаратты тарату
Деректерді жасау және тарату Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV) талаптарымен және ережелерімен айқындалады. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің нормаларында (4-б. және 125-б.) бюджеттің атқарылуы туралы және мемлекеттік борыш пен қарыз алу туралы статистиканы тарату талап етіледі. Қаржы министрлігі бюджеттің атқарылу нәтижелігін және айқындылығын қамтамасыз ету үшін белгіленген кезеңділікпен және айтылған мерзімде белгіленген форматта деректерді қалыптастыруға және мемлекеттік қаржы-қаражат статистикасын ұсынуға міндетті. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің мәтіні қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Интернет-ресурсында (http://www.minplan.gov.kz) орналастырылған.
Деректер жарияланғанға дейін Үкіметтің деректерге ішкі қол жетімділігінің болуы
Қаржы министрлігінде жұмыс істемейтін мемлекеттік лауазымды тұлғалардың деректер жарияланғанға дейін оларға қол жетімділігі болмайды.
Статистикалық деректер шығарылған жағдайда ведомстволық түсініктемелердің болуы
-
Деректерді нақтылау туралы ақпаратты ұсыну және әдіснамадағы елеулі өзгерістер туралы алдын ала хабарлау
Сапа
Статистиканы дайындауда пайдаланылатын әдіснамалар мен көздер туралы құжаттамалардың таралуы
Бюджеттердің атқарылуы туралы жиынтық ақпарат ай сайынғы «Статистикалық бюллетень» басылымында жарияланады.
Қиылыс статистикалық тексерулер жүргізуге мүмкіндік беретін және негізділігіне кепілдік беретін тарату
Ай сайынғы «Статистикалық бюллетень» басылымында есепті кезеңдегі соңғы деректер, ағымдағы және алдыңғы қаржы жылдары үшін тоқсан бойынша деректер жарияланады.Мемлекеттік басқару секторының операциялары бойынша деректер мынадай бөліністе жарияланады: 1) «Қамту сипаттамасы» тармағында жоғарыда сипатталған негізгі құрауыштар; 2) түсімдер, оның ішінде салықтық және салықтық емес түсімдер бөлінісіндегі кірістер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттердің түсімдері, сондай-ақ бюджеттік кредиттерді өтеу мен қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер туралы деректер; 3) функционалдық сыныптама, оның ішінде шығындар, бюджеттік кредиттер бойынша және қаржы активтерін сатып алу бойынша шығыстар туралы деректер; 4) экономикалық және ведомстволық сыныптама бойынша шығыстар туралы деректер; 5) секторлар типі мен резиденттік тиесілігі бойынша бюджеттен қаржыландыру туралы деректер; 6) қаржы құралдарының типі бойынша бюджеттен қаржыландыру туралы деректер. Қаржы министрлігінің веб-сайты (www. minfin.gov.kz ) арқылы «Статистикалық бюллетень» басылымында жарияланатынға ұқсас деректер таратылады. Бұдан басқа, бөлек алдыңғы жылдардағы мемлекеттік,шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы айлық деректер таратылады.
Ескертпелер: Асты сызылған жерлер қосымша ақпаратқа шығатын гипер байланысты білдіреді