Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті Интернет-ресурсыСтатистика комитеті Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
жаңа терезеде ашу

Сыртқы борыш

Жаңарту күні: 2021 Маусым

Қазақстан: Деректер таратудың арнайы стандарты
Метадеректер
Деректер санаты: Сыртқы борыш
Байланыстағы тұлға
Азаматша Айгуль Бухарбаева
Халықаралық инвестициялар басқармасы
Төлем балансы департаменті
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Z05T8F6, Нұр-Сұлтан, Мәңгілік Ел даңғылы, 57«А»
Телефоны: +7 (7172) 77 55 40
Электрондық поштасы: bukharbaeva@nationalbank.kz

 

 

Деректер: қамтылуы, кезеңділігі және уақтылы болуы

Қамту сипаттамасы

Есепті күніндегі сыртқы борыш Қазақстан Республикасы резиденттерінің бейрезиденттер алдындағы негізгі борышы мен/немесе сыйақыны болашақта өтеуді талап ететін ағымдағы шартсыз міндеттемелерінің өтелмеген сомасын білдіреді.

Сыртқы борыш бойынша деректер берешектің қандай валютада номинирленгеніне қарамастан, Қазақстан Республикасының барлық институционалды экономикалық секторларының бейрезиденттер алдындағы берешегін қамтиды. Мерзімі өтіп кеткен берешек ол пайда болған құрал құрамында есепке алынады.

Сыртқы борыштың негізгі сипаттамасы борышкердің негізгі борышты және/немесе сыйақыны төлеу міндеттемесі болып табылады, сондықтан оның құрамына келесілер кірмейді: капиталға қатысу, туынды қаржы құралдары, кепілдемелер және өзге шартты міндеттемелер.

Сыртқы борыш статистикасын қалыптастыру үшін әдіснамалық негіз Халықаралық валюталық қордың «Сыртқы борыш статистикасы: құрастырушылар мен қолданушыларға арналған нұсқаулығы» 2013ж., сонымен қатар – «Төлем балансы және халықаралық инвестициялық позиция бойынша нұсқаулықтың»алтыншы басылымы (ТБН6), 2009 ж. болып табылады.

Есепті күндегі сыртқы борыштың жай-күйі туралы деректер келесі негізгі жіктеулерді көздейді:

институционалды секторлар бойынша – мемлекеттік басқару органдары, орталық банк, банктер, басқа секторлар, фирмааралық берешек;

өтеу мерзімдері бойынша – қысқа мерзімді (алғашқы өтеу мерзімі бір жыл және одан кем немесе талап ету бойынша өтелетін) және ұзақ мерзімді (алғашқы өтеу мерзімі бойынша бір жылдан жоғары);

борыштық құралдардың түрлері бойынша – қолма-қол валюта және депозиттер, борыштық бағалы қағаздар,кредиттер мен несиелер, сауда кредиттері мен алғытөлемдер, өзге міндеттемелер, арнайы несие алу құқықтары.

Сыртқы борышты қалыптастыру үшін ақпарат көздері болып келесілер табылады:

–банктердің, басқа қаржылық ұйымдардың және шетелдік компаниялардың филиалдары мен мемлекеттік органдарды қоса алғандағы қаржылық емес ұйымдардың статистикалық және әкімшілік есептері, жеке тұлғалардың әкімшілік есептері;

–Ұлттық Банк бухгалтерлік және өзгеесептерініңдеректері.


Деректер АҚШ долларында қалыптастырылады.

Кезеңділігі

Тоқсан сайын

Ұсыну мерзімдері

Есепті кезеңнен кейінгі 90-шы күні

Жұртшылық үшін қолжетімділік

Деректерді тарату күнтізбесі

Ұлттық Банк ресми статистикалық ақпаратының, оның ішінде сыртқы сектор статистикасы бойынша ақпаратының таратылу күнтізбесі Ұлттық Банк сайтында орналастырылады:

https://nationalbank.kz/kz/page/kalendar-rasprostraneniya-dannyh.

Сонымен қатар күнтізбе Ұлттық статистика бюросының сайтында қолжетімді: https://stat.gov.kz/inf/standard/calendar.

Барлық мүдделі тараптарға бір мезгілде деректерді ұсыну

Сыртқы борыш бойынша деректер орнатылған мерзімдерде Ұлттық Банк сайтында орналастырылады: https://nationalbank.kz/kz/news/vneshniy-dolgжәне барлық пайдаланушыларға бір мезгілде қолжетімді болады.

Шынайылығы

Жеке респонденттер бойынша мәліметтердің құпиялылығын сақтай отырып, статистикалық деректерді қалыптастырудың нормативтік-құқықтық шарттары туралы ақпаратты тарату

Сыртқы борыш бойынша деректерді жинау және тарату мыналармен реттеледі:

· Қазақстан Республикасының “Ұлттық Банк туралы” 1995 жылғы 30 наурыздағы №2155 Заңымен.

Заңның 8-бабына сәйкесҰлттық Банк міндеттеріне елдің төлем балансы, халықаралық инвестициялық позициясы және сыртқы борышы бойынша статистикалық ақпаратты қалыптастыру және тарату кіреді.

· Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Қазақстан Республикасының төлем балансын жасау туралы” 1999 жылғы 29 қаңтардағы №71 қаулысымен.

Осы қаулыға сәйкес Ұлттық Банк төлем балансын қалыптастыру және жариялау үшін жауапты мемлекеттік орган болып табылады және оған барлық респонденттен төлем балансы жөніндегі статистикалық ақпаратты жинау құқығы беріледі.

· Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік статистика туралы” 2010 жылғы 19 наурыздағы №257-IV Заңымен.

Заңға сәйкес алғашқы статистикалық деректер құпия болып табылады және оны мемлекеттік статистика органдары тек қана статистикалық ақпаратты түзу мақсатында пайдаланады. Мемлекеттік статистика органдары алғашқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және сақтау кезінде осы деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.

· Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V кодексімен.

Кодексте мемлекеттік статистика органдарының, мемлекеттік статистика облысындау әкілетті орган ведомствосының ведомстволық бағынышты ұйымдарының лауазымды тұлғасының алғашқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) деректерқорларын жоғалтыпалуы, сатуы немесе өзге де заңсыз түрде жария етуі үшін жазалау шаралары көзделген.

Сыртқы борыш статистикасын қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының Төлем балансы департаменті жауапты болып табылады.

Мемлекеттік басқару органдарының деректерді шығармас бұрын оларға қолжетімділігі (қолжетімділіктің болмауы)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары ақпаратқа ол ресми түрде жарияланғанға дейін қол жеткізе алмайды.

Статистикалық деректерді шығару кезінде министрліктер жасаған түсініктемелердің бар болуы

Деректер министрліктер мен ведомстволар тарапынан қандай да болмасын түсініктемелерсіз жарияланады.

Деректердінақтылау туралы ақпарат беру және жарияланатын деректер әдіснамасынаөзгерістер енгізу туралы алдын ала хабарламаларды жариялау

Есепті кезең үшін деректерді шығару кезінде бұрын басылып шығарылған кезеңдер өзектендіріледі, бұл есептердің немесе әдіснаманың нақтылануымен, жаңа ақпарат көздерінің пайда болуымен және т.б. байланысты.
Деректер бір жылда екі рет қайта қаралады: қазан және сәуір айларында. Деректерді қайта қарау есепті жылдың алдындағы екі жылды қамтиды.
Деректерді қайта қарауға қатысты түсіндірмелер жаңартылған деректермен бірге Ұлттық Банктің «Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы борышы» тоқсандық басылымында жарияланады.
Әдіснамадағы негізгі өзгерістер пайдаланушыларға осындай өзгерістер енгізілген сәттен бастап хабарланады.

Сапасы

Әдіснамажәне статистикалық деректерді дайындау кезінде пайдаланылатын дереккөздер туралы ақпараттытарату

Ұлттық Банктің ДТАС бойынша тарататын ақпаратына әдіснамалық түсіндірмелер келесі мекен-жай бойынша орналастырылған: https://nationalbank.kz/kz/news/vneshniy-dolg.

Сонымен қатар, дереккөздер туралы ақпаратты және жеке көрсеткіштерді бағалаудың әдістемелік қағидаттарын қоса алғандағы түсіндірмелер https://nationalbank.kz/kz/news/platezhnyy-balans/rubrics/1574мекен-жайы бойынша қолжетімді болып табылатын Ұлттық Банктің «Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы борышы»тоқсандық басылымында жарияланады.

Сыртқы борыштың абсолютті және салыстырмалы параметрлері тоқсан сайын https://nationalbank.kz/kz/news/statisticheskiy-byulleten/rubrics/1556 мекен-жайы бойынша қолжетімді Ұлттық Банктің «Статистикалық бюллетень» басылымында жарияланады.

Әр-түрлі статистикалық жүйелерді қолдану арқылы деректердің егжей-тегжейлі компоненттерін тарату, өзара байланысқан көрсеткіштерді сәйкестендіру, тоғыспалы тексерістер жүргізу және деректерді растау мүмкіндіктері

Ұлттық Банк сыртқы борыш статистикасын деректердің егжей-тегжейі түрлі деңгейде ашылған презентацияларда таратады:

– стандартты компоненттер;

– талдамалық ұсыным;

– таза сыртқы борыш;

– ағындар мен қорлардың келісуі;

–сыртқы борыштың абсолютті және салыстырмалы параметрлері.

Одан басқа, Ұлттық Банктің сайтында тоқсан сайынғы негізде кредитор елдер, қарыз алушылардың салалары, кредиторлар мен қарыз алушылар секторлары, сыйақы мөлшерлемелері, міндеттемелердің валютасы, өтеуге дейін қалған мерзім бойынша сыртқы борыш кестелері, сыртқы борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер кестесі, сонымен қатар эмиссия орны бойынша резиденттер шығарған және бейрезиденттерге тиесілі борыштық бағалы қағаздар; сыртқы қарыздарды тарту шарттары; кеңейтілген айқындаудағы мемлекеттік сектордың сыртқы борышы бойынша кестелер орналастырылады.

Сыртқы борыш көрсеткіштері халықаралық инвестициялық позиция статистикасының деректерімен өзара байланысқан: сыртқы борыш бойынша деректер халықаралық инвестициялық позициядағы туынды қаржы құралдарын қоспағанда борыштық құралдар бойынша міндеттемелермен толық сәйкестіктеболып табылады.

Сыртқы борыш деректері ҚРҰБ«Статистикалық бюллетень» (ай сайын), «Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы борышы» (тоқсан сайын)ресми басылымында және Қазақстан Ұлттық Банкінің Жылдық есебінде жарияланады.

 

 

 

 

I. Әдіснамалық негіз, тұжырымдамалар, айқындамалар және жіктеулер

  • Әдіснамалық негіз: Сыртқы борыш статистикасын қалыптастырудың әдіснамалық және тұжырымдамалық негізі «Сыртқы борыш статистикасы: құрастырушылар мен қолданушыларға арналған нұсқаулығы», «Мемлекеттік сектор борышының кеңейтілген айқындаудағы статистикасы: құрастырушылар мен қолданушыларға арналған нұсқаулығы»халықаралық ұйымдардың біріккен құжаты, сонымен қатар Халықаралық валюталық қордың «Төлем балансы және халықаралық инвестициялық позиция бойынша нұсқаулықтың» 6-шы басылымы (ТБН6) болып табылады.
  • Айқындама:Есепті күніндегі сыртқы борыш Қазақстан Республикасы резиденттерінің бейрезиденттер алдындағы негізгі борышы мен/немесе сыйақыны болашақта өтеуді талап ететін ағымдағы шартсыз міндеттемелерінің өтелмеген сомасын білдіреді.

Институционалды бірлік егер Қазақстан Республикасының экономикалық аумағы оның басым экономикалық қызығушылығының орталығы болса, ол Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады.

  • Жіктеу жүйесі: Қолданылатын жіктеу жүйесі «Сыртқы борыш статистикасы: құрастырушылар мен қолданушыларға арналған нұсқаулығы» халықаралық ұйымдардың құжатында мазмұндалған талаптарға сәйкес келеді. Сыртқы борыш деректері келесі түрде жіктеледі:

Институционалды секторлар бойыншамемлекеттік басқару органдары, орталық банк, банктер, басқа секторлар, фирмааралық берешек.

Басқа секторлардың үлестес кредиторлар алдындағы борыштық міндеттемелері (фирмааралық берешек) туралы деректер жеке позицияға бөлініп шығарылады, олар өз кезегінде келесілерге бөлінеді:

– қазақстандық тікелей инвестициялау кәсіпорындарының шетелдік тікелей инвесторлар алдындағы міндеттемелері;

– қазақстандық тікелей инвесторлардың тікелей инвестициялау кәсіпорындары алдындағы міндеттемелері (кері инвестициялау);

– қазақстандық кәсіпорындардың шетелдік тел кәсіпорындардың алдындағы міндеттемелері.

Өтеу мерзімдері бойынша – қысқа мерзімді (алғашқы өтеу мерзімі бір жыл және одан кем немесе талап ету бойынша өтелетін) және ұзақ мерзімді (алғашқы өтеу мерзімі бойынша бір жылдан жоғары).

Борыштық құралдардың түрлері бойынша – қолма-қол валюта және депозиттер, борыштық бағалы қағаздар,кредиттер мен несиелер,арнайы несие алу құқықтары,сауда кредиттері мен алғытөлемдер, өзге міндеттемелер (сақтандыру, зейнетақы бағдарламалары және стандартты кепілдік бағдарламаларын қамтиды).

Сектор бойынша: кеңейтілген айқындаудағы мемлекеттік және жекеге – кеңейтілген айқындаудағы мемлекеттік секторға орталық банк, мемлекеттік басқару органдары, мемлекеттік сектор тура немесе жанама түрде капиталға қатысу үлесі 50 пайыздан асатын немесе өзге тәсілмен бақылайтын банктер және басқа секторлар жатады. Қалған банктер мен басқа секторлар жеке секторға жатады.

 

II. Деректерді қамту

  • Статистикалық қамту:Сыртқы борыш статистикасы экономиканың барлық секторларының бейрезиденттер алдындағы берешегінің ол берешектің қандай валютада номинирленгеніне қарамастан барлық түрін қамтиды. Сыртқы борыш статистикасына сонымен қатар мерзімі өтіп кеткен берешек туралы деректер де қосылады, ол өзі пайда болған қаржы құралыбойынша есепке алынады. Сыртқы борыш кепілдіктер мен өзге шартты міндеттемелерді, онымен қатар капиталға қатысу құралдарын (борыштық бағалы қағаздар позициясына қосылатын бейрезиденттерге тиесілі артықшылықты акцияларды есептемегенде) қамтымайды.
  • Географиялық қамту: Қазақстан Республикасының экономикалық аумағы Қазақстан экономикасына қатысты эксаумақты болып саналатын шетелдік мемлекеттердің елшіліктерін, консулдықтарын және басқа ресми органдарын қоспағанда, мемлекеттік шекараның ішіндегі оның географилық аумағымен сәйкес келеді.Шетелде орналасқан Қазақстан Республикасы Үкіметінің елшіліктері, консулдықтары, әскери базалары және басқа ресми органдары Қазақстан Республикасының экономикалық аумағына жатады.

 

III. Есепке алу қағидаттары

  • Құндық бағалау: Сатылатын борыштық құралдар нарықтық құны бойынша бағаланады. Сатылмайтын құралдар номиналды құны бойынша көрсетілген.

Сыртқы борыш деректері АҚШ долларында қалыптастырылады. Шетелдік міндеттемелердің егер олар басқа валюталарда номинирленген болса, есепті кезеңнің басындағы және соңындағы қалдықтарын есептеген кезде АҚШ долларына қайта есептеу Ұлттық Банктің осы күндерге орнатылған бағамдарын және кросс-бағамдарды пайдалану арқылы іске асырылады. Сыртқы борыштың ағындары мен қорларын келісу кезінде есепке алынатын қаржылық операцияларды АҚШ долларына қайта есептеу Ұлттық Банктің операция жасау күніне орнатылған бағамын немесе кросс-бағамды пайдалану арқылы іске асырылады. Операция жасалу күні туралы ақпарат болмаған жағдайда тоқсандық орташа айырбастау бағамы пайдаланылады.

  • Есепке алу негізі: Сыртқы борыштық міндеттемелер негізінен есептеу әдісі бойынша көрсетіледі. Жарияланған, бірақ төленбеген дивидендтер бойынша берешек қосылады.

 

IV. Ақпараттың негізгі көздері

  • Қолма-қол ақша және депозиттер: Ақпарат көздері болып банктердің статистикалық есептері және Ұлттық Банктің бухгалтерлік есебінің деректері табылады.
  • Борыштық бағалы қағаздар: Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары (брокерлер, дилерлер, инвестициялық портфельді басқарушы ұйымдар, бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар мен тіркеушілер), банктер және қазақстандық эмитенттер ұсынатын статистикалық есептер деректері. Ұлттық қор операциялары бойынша деректер ғаламдық кастодиан есебі негізінде қалыптастырылады.
  • Кредиттер мен несиелер: Ақпарат көздері болып банктердің, басқа қаржы ұйымдарының және шетелдік компаниялардың филиалдары мен мемлекеттік органдарды қоса алғандағы қаржылық емес ұйымдардың статистикалық және әкімшілік есептері, жеке тұлғалардың әкімшілік есептері, Қазақстан Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есебінің деректері табылады.
  • Сауда кредиттері мен алғытөлемдер: Ақпарат көздері болып қаржылық емес ұйымдардың статистикалық және әкімшілік есептері табылады.
  • Өзге міндеттемелер: Ақпарат көздері болып банктердің, басқа қаржы ұйымдарының және шетелдік компаниялардың филиалдары мен мемлекеттік органдарды қоса алғандағы қаржылық емес ұйымдардың статистикалық және әкімшілік есептері, жеке тұлғалардың әкімшілік есептері, жеке ұйымдардың қаржылық есептері, Қазақстан Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есебінің деректері және Ұлттық қор активтері бойынша ғаламдық кастодиан есептері табылады.

 

V. Деректерді әзірлеудің тәжірибелік ерекшеліктері

  • Банктердің және Ұлттық Банктің клиенттердің төлемдері (аударымдары) туралы ақпараты пайдаланылады.

 

VI. Басқа аспектілер

  • Қосымша ақпарат:тоқсан сайынғы негізде қосымша келесі деректер таратылады:

– кредитор елдербойынша сыртқы борыш;

– қарыз алушылардың салаларыбойынша сыртқы борыш;

– кредиторлар мен қарыз алушылар секторларыбойынша сыртқы борыш;

– сыйақы мөлшерлемелерібойынша сыртқы борыш;

– міндеттемелердің валюталарыбойынша сыртқы борыш;

– эмиссия орны бойынша резиденттер шығарған және бейрезиденттерге тиесілі борыштық бағалы қағаздар;

– өтеуге дейін қалған мерзім бойынша сыртқы борыш;

– сыртқы борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер кестесі.

Осыған ұқсас көріністегі талдамалық ақпарат кеңейтілген айқындаудағы мемлекеттік сектордың сыртқы борышы бойынша да қолжетімді.

  • Өзгелер: Есепті деректердің тоқсан сайынғы жариялануы «Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы борышы» басылымындағы талдамалық түсіндірмелермен толықтырылады.

 

 

Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Ресми YouTube канал
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: e.stat@aspire.gov.kz
Ақпараттық қызмет
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
9:00 - 18:30-ға дейін:
Сенім телефоны
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі
8 701 844 38 58
e-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz
Дс-Жм 9:00 -ден 18:30 дейін, 13:00-14:30 – түскі үзіліс
Кеңсе
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Ұлттық статистика бюросы
2021
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter