Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
жаңа терезеде ашу

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыш

Соңғы жаңарту: 9/01/2020

Деректерді таратудың арнайы стандарты:
Байланыстағы тұлға
Азаматша Н. Асқарова,
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік қарыз алу департаменті, Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш басқармасының басшысы, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Республикасы
Мәнгілік Ел, 8, Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс, телефон: 8 7172 75 02 49
Электрондық поштасы: n.askarova@minfin.gov.kz
Тарату форматы
Баспасөздерде
Ай сайынғы бюллетень:
Ай сайынғы «Статистикалық бюллетень» қазақ және орыс тілдерінде шығарылады.
Электрондық
Электрондық түрдегі «Статистикалық бюллетень» және Интернеттегі сайттағы елдердің дерекқорлар http://www.minfin.gov.kz

Деректер: қамту, мерзімділігі мен уақтылығы

Қамту сипаттамасы

Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш мемлекеттік борыш (ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық Банкі мен ҚР жегілікті атқарушы органдар) пен мемлекет кепілдік берген борыш бойынша деректерді өзіне қамтиды. Жинақталған және өтелмеген борыш көлемі бойынша деректер АҚШ доллары мен есепті жылдың аяғындағы валюта бағамы бойынша ұлттық валютада келтірілген.
Деректер теңгемен және нақты күнге арналған бағам бойынша АҚШ долларымен қолданылады (есепті кезеңнің соңында)
Мемлекеттік борыш - өзара талаптарды ескермей, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің борышына немесе мәслихаттардың шешімдерімен жергілікті атқарушы органдардың борышына жатқызылған алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың белгілі бір күнге, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің белгілі бір күнге сомасы.
Мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы мемлекеттік борыш болып екіге бөлінеді.
Ішкі мемлекеттік борыш - Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы мемлекеттік ішкі қарыздары мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі. Ішкі борыш борыштық құрал түрі бойынша (мемлекеттік бағалы қағаздардың және басқа міндеттемелердің) сыныпталады.
Мемлекеттік сыртқы борыш - Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мемлекеттік сыртқы қарыздар мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі. Сыртқы борыш кредиторлар бойынша сыныпталады.
Нақты күнге сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерімен қамтамасыз етілген, мемлекет кепілдік берген, өзімен алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекет емес борыш көлемі жарияланады.
Мемлекеттік қарыз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе жергілікті атқарушы органдар болатын қарыз қатынастары.

Мемлекет кепілдік берген борыш - мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, белгілі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік емес қарыздар сомасы.

Мемлекет кепілдік берген қарыз - мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыз.

Мемлекет кепілгерліктері бойынша борыш - мемлекет кепілгерлігімен тартылған, белгілі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік емес қарыз сомаларының сомасы.

Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз - инфрақұрылымдық облигациялар шығару арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік емес қарыз.

Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген, кепілгерлігімен тартылатын қарыздар туралы деректер қарыз қаражаттарын игеру туралы кредиторлар шоттарынан үзінділерді, борышқа қызмет көрсету және өтеу шотына төлемдер алғаны туралы кредиторлардың растамасын және қызмет көрсетілетін банктердің (банк-агенттіктер) есептілігін пайдалана отырып, жасалады
Борыштық ағындар (қарыздарды пайдалану, сондай-ақ өтеу және қызмет көрсету шотына төлемдер) төлем күнін тіркеумен төлем валютасында көрсетіледі.
Қаржы жылы күнтізбелік жылмен сәйкес келеді.
«Статистикалық бюллетень» ай сайынғы басылымында жарияланатын мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген, кепілгерлігімен тартылатын қарыздар туралы деректер Қаржы министрлігінің веб-сайтында ұсынылатын сол деректер болып табылады..

мерзімділігі

Тоқсан сайын өсу қорытындысымен

уақтылылығы

Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген, кепілгерлігімен тартылатын қарыздар туралы деректер есепті кезеңнен кейінгі бір айдан кешіктірілмей таратылады.

Жұртшылық үшін қолжетімділігі

Деректер шығарылымының күнтізбесін алдын ала тарату

Деректер шығарылымының күнтізбесі ағылшын және орыс тілдерінде жасалады, онда тиісті ағымдағы жылдың басында ақпарат шығарылымының болжамды мерзімдері туралы хабарлама беріледі және Интернеттегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің сайтында жарияланады. http://www.stat.gov.kz

Деректерді барлық мүдделі тараптарға бір мезгілде ұсыну

Деректер бір мезгілде барлық мүдделі тараптарға оларды Интернетте Қаржы министрлігінің сайтына орналастыру жолымен ұсынылады (http://www.minfin.gov.kz).

Дәйектілігі

Жеке жауаптардың құпиялығын қоса алғанда, ресми статистика жасалатын шарттар туралы ақпараттың таратылуы

Деректерді жасау және тарату Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің (2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV) шарттарымен және ережелерімен айқындалады.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде (204-бап) Қазақстан Республикасы мемлекеттiк борышының ағымдағы жай-күйi туралы, мемлекеттiк борышты өтеу есебiне төленген ақша сомасы туралы, берiлген мемлекеттiк кепiлдiктер мен кепiлгерліктер бойынша төленген ақша сомасы туралы мәлiметтердің таратылуы регламенттелген.
«Мемлекеттік статистика туралы» заңда Қаржы министрлігін қоса алғанда, статистикаға байланысты қызметпен айналысатын мемлекеттік ведомстволардың өкілеттіктері мен функциялары, сондай-ақ өзара қарым-қатынастары айқындалған. Заңда Қазақстан бойынша экономика, әлеуметтік, демография және экология салаларында статистикалық деректерді жинау, өңдеу және тарату қағидаттары белгіленген.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің мәтіні қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің веб-сайтында (http://www.minplan.gov.kz) орналастырылған, ал «Мемлекеттік статистика туралы» заңның мәтіні қазақ және орыс тілдерінде Интернетте Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің сайтында (http://www.stat.gov.kz/) орналастырылған

Үкіметтің деректер жарияланғанға дейін оларға қолжетімділігінің болуы

Қаржы министрлігінде жұмыс істемейтін мемлекеттік лауазымды тұлғалардың деректер жарияланғанға дейін оларға қолжетімділігі жоқ.

Статистикалық деректерді шығару жағдайы бойынша ведомстволық түсіндірмелердің болуы

Қаржы Министрі салық-бюджет саласындағы елеулі өзгерістер туралы мезгіл-мезгілімен түсіндірмелер беріп тұрады. Көптеген жағдайларда деректерге егжей-тегжейлі техникалық түсіндірмелер ілесіп жүреді. Жарияланған деректер бойынша әдіснамалық түсіндірмелер ҚР ҚМ-нің «Статистикалық бюллетень» басылымында беріледі.-

Әдіснамадағы маңызды өзгерістер туралы алдын ала хабарлау және деректерді нақтылау туралы ақпаратты ұсыну

Деректер оларды алғашқы шығарылған сәтінде түпкілікті болып табылады. Кестелерге берілген ескертпелерде деректердің мәртебесі, деректерге берілген түзетулер туралы және әдіснамадағы күрделі өзгерістер туралы ақпарат қамтылған және олар ай сайынғы «Статистикалық бюллетень» басылымының әдістемелік ұсынымдарындағы деректермен бірге келтіріледі. МҚС-ны жасау үшін пайдаланылатын әдіснамадағы күрделі өзгерістерді түсіндірулер туралы ай сайынғы «Статистикалық бюллетень» басылымында әдетте өзгерістер енгізу кезінде беріледі. Кейде әдіснамадағы өзгерістер туралы алдын ала хабар нормативтік құқықтық актілер шеңберінде Интернетте Қаржы министрлігінің сайтында және баспасөз-релиздерінде беріледі-

Сапа

Статистиканы дайындауда пайдаланылатын әдіснама мен көздері туралы құжаттаманы тарату

Әдіснама туралы жиынтық ақпарат, түсіндірме ескертпелер, тұжырымдамалар мен терминдердің айқындамалары Интернетте Қаржы министрлігінің сайтында ұсынылады, сондай-ақ әдістемелік түсіндірулер түрінде ай сайынғы «Статистикалық бюллетень» басылымында жарияланады.

Қиылыс статистикалық тексерулер жүргізуге мүмкіндік беретін және негізділігіне кепілдік беретін таратылымдар

 

Ай сайынғы Статистикалық бюллетеньде борыш бойынша мынадай деректер: 1) ішкі және сыртқы борышқа бөле отырып, 2) ішкі борышты борыштық құралдарға бөле отырып, 3) сыртқы борышты кредиторға бөле отырып және 4) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты, мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты көрсете отырып жарияланады.
Қаржы министрлігінің веб-сайты арқылы (http://www.minfin.gov.kz ) Статистикалық бюллетеньде жарияланатынға ұқсас деректер, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш туралы алдыңғы жылдардағы жекелеген — жылдық деректер таратылады.

Ескертпелер: асты сызылған жерлер қосымша ақпаратқа шығатын гипер байланысты білдіреді

Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Ресми YouTube канал
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: e.stat@economy.gov.kz
Ақпараттық қызмет
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 17:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
9:00 - 17:30-ға дейін:
Сенім телефоны
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі
8 701 844 38 58
+7 7172 749002
e-mail: a.aldangarkyzy@economy.gov.kz
Кеңсе
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2020
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter