Төлем балансы
Жаңарту күні: 2019 Желтоқсан
Деректер: Қамтылуы, кезеңділігі және уақтылы болуы
Қамту сипаттамасы
Төлем балансы жөніндегі деректер миллион АҚШ долларымен келтіріліп, Казақстан резидент пен резидент еместердің арасындағы барлық операцияларды қамтиды және мынадай деректерден тұрады: Ағымдағы шот: тауарлар мен қызмет көрсетулердің (көлік, жол жүру және т.б.) экспорты (кредит) және импорты (дебет); алғашқы кірістер; қайталама кірістер; Капиталмен операциялар шоты: өндірілмеген қаржылық емес активтерді жалпы сатып алу/кетуі; күрделі трансферттер; Қаржылық шот: тікелей инвестициялар; портфельдік инвестициялар; туынды қаржы құралдары (резервтерден басқа) және қызметкерлер үшін акциядағы опциондар; басқа инвестициялар; резервтік активтер; Таза қателер және қалып қойғандар Деректердің негізгі көздері: кеден статистикасы; банктер мен қаржылық емес ұйымдардың есептері; ҚР Ұлттық Банкінің айлық баланстық есебі; ҚР Статистика агенттігі, ҚР Қаржы министрлігі, сондай-ақ басқа министрліктер мен ведомстволар беретін деректер. 2005 жылдан бастап жарияланатын деректер ХВҚ-ның Төлем балансы және халықаралық инвестициялық позиция жөніндегі нұсқаулықтың 6-басылымы (ТБН-6) негізінде жасалады.
Кезеңділігі
Тоқсан сайын
Уақтылы болуы
Есептік кезеңнен кейінгі бір тоқсан ішінде
Жұртшылық үшін қол жетімділік
Деректер шығару күнтізбесі (ДШК)
Алдыңғы он екі айға жариялаудың нақты күндері жөнінде хабарлайтын деректерді шығару күнтізбесі ҚРҰБ интернет-ресурсында (https://nationalbank.kz/?docid=3286&switch=kazakh) жарияланады.
Барлық мүдделі тараптарға бір мезгілде деректерді шығару
Деректер бір мезгілде барлық мүдделі тараптарға ҚҰБ интернет-ресурсында орналыстырылады. Динамикадағы деректер бар толық кестелер ҚР-ның төлем балансы және сыртқы борышы деген ҚҰБ-нің тоқсандық жарияланымында жарияланады.(https://nationalbank.kz/?docid=282&switch=kazakh)
Шынайылығы
Жеке тиесілілігін анықтауға болатын ресми статистиканы, оның ішінде ақпараттың құпиялылығына қатысты статистиканы әзірлеуге негіз болатын талаптар мен ережелер туралы ақпаратты тарату
Төлем балансы жөніндегі деректерді жинау және тарату төмендегі заңдармен реттеледі: “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 Заңымен. Заңның 8-бабына сәйкес ҚР ҰБ міндетіне төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш бойынша статистикалық ақпаратты жинау және тарату кіреді. (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z950002155_) ҚР Үкіметінің “Қазақстан Республикасының төлем балансын жасау туралы” 1999 жылғы 29 қаңтардағы № 71 қаулысымен. Осы қаулыға сәйкес ҚҰБ төлем балансын қалыптастыру және жариялау үшін жауапты болуымен қатар елдің төлем балансының ресми әзірлеушісі болып табылады және ҚҰБ-не барлық респонденттерден төлем балансы жөніндегі статистикалық ақпаратты жинау құқығы беріледі. “Мемлекеттік статистика туралы” ҚР Заңының 8-ші бабына сәйкес “Алғашқы статистикалық деректер құпия болып табылады және осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік статистика органдары тек қана статистикалық ақпаратты түзу мақсатында пайдаланады. Мемлекеттік статистика органдары алғашқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және сақтау кезінде осы деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.” (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z100000257_) Коммерциялық құпия бар деректерді ұсынғаны үшін жауапкершілік әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекспен (2001 жылғы 30 қаңтарда күшіне енгізілген) реттеледі. Кодекстің 383-бабына сәйкес: «Мемлекеттік статистика органдары лауазымды адамының респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін алғашқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) деректер базаларын жоғалтуы, сатуы, беруі немесе өзге де заңсыз жария етуі, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, – айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.» (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000235) Сонымен қатар банктердің статистикалық есептеріне банктік құпия деп анықталған ақпаратты ашуға қатысты бөлігі бойынша “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” Заңның күші (50 және 54-баптар) қолданылады. Ұлттық Банктің қызметкерлері міндеттерін орындау барысында алынған мәліметтерді жариялағаны не үшінші тұлғаларға бергені үшін жауапкершілікке тартылатын болады (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z950002444_)
Мемлекеттік басқару органдарының деректерді шығармас бұрын оларға қол жеткізуінің ішкі тәртібін көрсету
ҚҰБ-нен тыс пайдаланушылардың деректерге олар ресми жарияланғанға дейін қол жеткізе алмайды.
Статистикалық деректерді шығару кезінде министрліктер жасаған түсініктемелердің болуын көрсету
Деректер министрліктер тарапынан қандай да болмасын түсініктемелерсіз жарияланады.
Енгізілген нақтылаулар туралы ақпарат беру және әдіснамаға айтарлықтай өзгерістер енгізу туралы алдын ала хабарлау
Есептік тоқсан бойынша бірінші рет жарияланатын деректер алдын ала бағалау деректері болып табылады. Сонымен қатар, кестелерде түпкілікті бағалаудың жариялыным уақыты туралы ескертпелер беріледі. Тоқсан сайын бұрын жарияланған деректерге есептілік деректерді анықтаумен немесе жаңа методологиямен, жаңа ақпарат көздерінің пайда болуымен байланысты есептік тоқсан алдындағы есептік жылдың тоқсандары бойынша өзгерістер енгізіледі. Деректер бір жылда екі рет қайта қаралады: қазан және сәуір айларында. Деректерді қайта қарау есепті жылдың алдындағы екі жылды қамтиды. Деректерді өзгертуге және қайта қарауға қатысты түсіндірмелер жаңартылған деректермен бірге ҚР-ның төлем балансы және сыртқы борышы деген ҚҰБ-нің тоқсандық жарияланымында жарияланады. Әдіснамадағы негізгі өзгерістер туралы пайдаланушылар осындай өзгерістер енгізілген сәттен бастап хабардар болады.
Сапасы
Методология және статистиканы дайындау кезінде пайдаланылатын дереккөздері туралы құжаттаманы тарату
Қазақстан Республикасының төлем балансын жасау http://www.imf.org/external/pubs/ft/bop/2007/bopman6.htm адресі бойынша ХВҚ-ның ресми интернет-ресурсында жарияланған ХВҚ-ның Төлем балансы және халықаралық инвестициялық позиция жөніндегі нұсқаулықтың 6-басылымымен (ТБН-6) келісіледі. Тікелей шетелдік инвестицияларды өлшеу методологиясы бойынша толық ақпарат http://www.oecd.org/daf/inv/investmentstatisticsandanalysis/40193734.pdf интернет адресінде берілген. Методологиялық түсіндірмелер ҚҰБ интернет-ресурсында орналастырылған және ҚР-ның төлем балансы және сыртқы борышы деген ҚҰБ-нің тоқсандық жарияланымында жарияланады.
Компоненттер туралы жан-жақты ақпаратты, деректерге байланысты келісу туралы ақпарат және статистиканы қарама-қарсы тексеруге мүмкіндік беретін және оның негізділігіне кепілдік беретін статистикалық негіздер туралы ақпаратты тарату
ҚРҰБ интернет-ресурсында АҚШ долларындағы деректер сериялары жарияланады. 2000 жылдан бастап тоқсандық және жылдық деректер ТБН6 айқындалған әрбір стандарттық компонент бойынша жарияланады. 2000 жылдан бастап тоқсандық деректер аналитикалық ұсынымда берілген. Неғұрлым нақты стандарттық ұсыным ҚР-ның төлем балансы және сыртқы борышы деген ҚҰБ-нің тоқсандық жарияланымында жарияланады (сәуір, шілде, қазан және қаңтар нөмірлерінде шығады). Жарияланымында сондай-ақ деректер көздері, жинау рәсімдері және деректерді бағалау әдістемесі жөніндегі түсіндірмелер бар. Айлық ҚҰБ-нің Статистикалық бюллетені төлем балансының тоқсандық деректерін, жалпы сыртқы борыш және сыртқы борыш көрсеткіштері бойынша деректерді аналитикалық ұсынымда жариялайды. ҚҰБ-нің Жылдық Есебі төлем балансы және сыртқы борыш бойынша деректерді камтиды.
Метадеректердегі халықаралық деңгейде танылған әдіснамалардан ауытқуларды тарату
Резиденттілікті Қазақстанның заңнамасына сәйкес айқындау ТБН6 мазмұндалған және 2008 жылғы Ұлттық шоттар жүйесінің халықаралық стандартындағы резиденттілік тұжырымдамадан өзгеше. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы бойынша бейрезидент мәртебесі Қазақстан Республикасының атынан шетелдік ұйымдармен жасалған және осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін күшіне енген келісімдердің талаптарында белгіленген шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері) болып табылады.
Резиденттілік ұғымдарындағы орын алған айырмашылықтар төлем балансының мақсаттары үшін шетел компанияларының филиалдары жүргізетін операциялардың жіктелуін, олардың мәртебесін резидент ретінде қарастыруды қиындатады. Қазіргі уақытта сыртқы сектордың шоттарын құрастырушылар (төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция, сыртқы борыш) шетел компанияларының барлық филиалдарын ҚР резиденттері деп қабылдайды. Сыртқы сектор шоттарында ағындар мен қорлар бойынша мәліметтердің сәйкестігіне қол жеткізу үшін банктер заңнамалық анықтамаға сәйкес әзірленген есептен басқа, ҚРҰБ-не шетел компанияларының филиалдары бойынша қосымша есеп ұсынады.
Тарату форматтары:
Тоқсандық баспасөз басылымы: Қазақ және орыс тілінде ҚР-ның төлем балансы және сыртқы борышы
Айлық баспасөз басылымы: Қазақ, орыс және ағылшын тілінде ҚҰБ-нің Статистикалық бюллетені
Басқалар: Қазақ, орыс және ағылшын тілінде ҚҰБ-нің Жылдық Есебі
Электрондық: ҚҰБ-нің интернет-ресурсы: http://www.nationalbank.kz Деректердің ұлттық беті: http://stat.gov.kz/