.................................................................................................
Құрметті респонденттер!
2017 жылы ұсынылуы тиіс статистикалық нысандар тізбесін (бұдан әрі – Жүгіртпе) қалыптастырудың жаңа модуліне ауысуына байланысты өзектендірілген Жүгіртпені жүктеп алуды сұраймыз!
2017 жылдың 24 ақпанынан бастап статистикалық есептілікті электронды түрде online режимде тапсыру үшін авторизацияның жаңа тәсілі және жаңа «Респонденттің кабинеті» қосылғандығы туралы Сіздерге хабарлаймыз! «Респонденттің кабинетіне» мына сілтеме бойынша кіруге болады http://cabinet.stat.gov.kz Сонымен қатар «респонденттерге» бөліміндегі – «Online есептері» арқылы есептілікті катар тапсыру мүмкіндігі бар екендігін хабарлаймыз! Internet Explorer, Mozilla Firefox, Google Chrome пайдаланылатын браузерлерде Java БҚ жұмыстарын қамтамасыз ету үшін NCALayer (жүктеу) бағдарламасын орнату қажет. (Толығырақ)
ҚР ҰКО, NPAPI плагиндерін браузерлермен қолдауды тоқтатуына байланысты әзірлеуші жиынтығынан Java-applet алып тасталды. Сондай-ақ, Java-applet одан әрі дамыту техникалық және ақпараттық қолдау тоқтатылады. Браузерлерде Java БК жұмысын қамтамасыз ету үшін NCALayer бағдарламасын қолдану қажет (жүктеу). Авторизацияны орындау кезінде пайдаланылатын браузерде, ЭЦҚ-ны импорттау қажет емес, ЭЦҚ орналасқан жүйеде (ЭЦҚ кілтін сақтау үшін компьютердегі папка немесе басқа құрылғыларды) таңдау ұсынылады. Авторизация және есептергеі қол қою е-token, kaztoken, жеке куәліктегі ЭЦҚ-ның және т.б. құрылғыларды пайдалануға мүмкіндік береді.
Сізге статистикалық есептілікті online режимінде электронды түрде тапсыру үшін келесі қадамдарды бірізді орындау қажет:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық куәләндырушы орталығының электрондық-цифрлық қолтаңбасын алу (ЭЦҚ) (Нұсқаулық) Видеонұсқаулық (YouTube қарау / / жүктеу)
Электрондық цифрлық қолтаңбаны екі жолмен алуға болады (қалауыңызша):
1. ЭЦҚ алуға онлайн-өтінімді беріп, оны компьютерде сақтау арқылы. Бұл жағдайда да берілген өтінімді растау үшін ХҚКО бару қажет.
• Жеке тұлғалар үшін онлайн-өтінімді беру. • Заңды тұлғалар үшін онлайн-өтінімді беру.
2. ЭЦҚ-ны жаңа үлгідегі жеке куәліктің чипіне жазу арқылы. Бұл үшін жақын маңында орналасқан ХҚКО барып, жеке куәлікті көрсету керек. Жеке куәлікке жазылған ЭЦҚ-мен тек арнаулы карт-ридер болған кезде ғана жұмыс жасауға болады. Бұл жөнінде толығырақ осы бетте біле аласыздар.
2. ЖК қажетті браузерді орнату MozillaFirefox 3.6 және жоғары / InternetExplorer 8.0 және жоғары
3. ЭЦҚ-ны пайдаланылатын браузерде орнату
- MozillaFirefox браузерін пайдаланғанда (Нұсқаулық)
Mozilla Firefox браузеріне ҚР негізгі тіркелімдік куәліктерін орнату үшін www.pki.gov.kz басты бетін ашыңыз – «Негізгі сертификаттар» бөлімінде
ҰКО (RSA) pki_rsa ҰКО (GOST) pki_gost ҰКО (RSA) root_rsa ҰКО (GOST) root_gost. сілтемесіне басыңыз.
- Internet Explorer браузерін пайдаланғанда (Нұсқаулық)
Егер есепті күндері «Деректерді онлайн режимінде жинау» ақпараттық жүйесінде есепті тапсыру кезінде Сізде техникалық олқылықтар туындап, сол себепті Сіз есепті тапсыра алмасаңыз, аталған фактіні мәселе туындаған сәтте белгілеу үшін «Сұрақ-жауап» айдарына немесе ақпараттық қызмет 8 (7172) 74-90-10, 74-90-11 байланыс телефондарына, сондай ақ stat.gov.kz қолдау қызметі +7 7172 55 24 49 (Астана қаласы үшін) 8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін) хабарласуды сұраймыз. Сонымен қатар Сізде Статистика комитетінің байланыс қызметінің Help@statdata.kz электрондық мекенжайына қатені сипаттайтын скриншот жіберу мүмкіндігіңіз бар.
Құрметті респонденттер, сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды, сондықтан online режимде деректерді жинау бойынша ұсыныстарыңызды Статистика комитетінің республикалық кеңсесінің A.Auelhanova@economy.gov.kz электрондық поштасына жібере аласыз.