2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫНЫҢ МОНИТОРИНГІ
2016 жылғы 1 қаңтарда әлем 2030 жылға дейін тұрақты даму саласындағы күн тәртібін және алдағы 15 жылдың ішінде шұғыл жаһандық проблемаларды шешу үшін тұрақты даму саласындағы 17 мақсатқа негізделген белсенді қайта құру жоспарын іске асыруға ресми түрде кірісті.
Тұрақты даму саласындағы 17 мақсат пен 169 міндет (ТДМ) барлық адамдардың құқықтарын іске асыруға бағытталған, олар кешенді және ажырамас сипатты қамтиды және тұрақты дамудың үш компонентінің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді: экономикалық, әлеуметтік және экологиялық. Бұл мақсаттар мен міндеттер алдағы 15 жыл аралығында адамзат пен ғаламшарға зор мән беретін ұлттық үкіметтерді әрекетке ынталандырады.
Ресми статистика ТДМ мониторингін және сәйкес міндеттерді жүзеге асыру үшін деректермен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқрады.
Бұдан басқа, 17 –ші ТДМ екі міндеті өзінің сапасын көтеруге бағытталған, атап айтқанда:
Міндет 17.18: «2020 жылға дейін табыс деңгейі, гендерлік тиістілігі, жасы, нәсілі, ұлты, көші-қон мәртебесі, мүгедектігі, географиялық орналасуы және ұлттық шарттарды ескерумен басқа да сипаттамалары бойынша бөлшектелген жоғары сапалы, өзекті және анық мәліметтерге деген қолжетімділікті едәуір көтеру үшін дамушы елдердің, соның қатарында ең нашар дамыған елдердің және шағын аралдық дамушы мемлекеттердің әлеуетін өсіру мақсатында қолдауды күшейту».
Міндет 17.19: «2030 жылға дейін қазіргі бастамаларға сүйене отырып, тұрақты дамуды қамтамасыз ету ісінде жалпы ішкі өнімнің көрсеткішіне қосымша ілгерілеуді басқа да өлшеу көрсеткіштерін даярлау және дамушы елдердің статистика саласындағы әлеуетін өсіруге жәрдемдесу».
Бүгінгі күні ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы ТДМ мәселелері бойынша Координациялық кеңес шеңберінде құрылған 5 Ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелерімен бірге ТДМ –ның 297 көрсеткіштерінен ТДМ мониторингі үшін көрсеткіштер жүйесін әзірледі.
- 163 жаһандық көрсеткіш өзгеріссіз қабылданды;
- 58 жаһандық көрсеткіштерге шамалы өзгерістер енгізілді;
- 41 балама/прокси көрсеткіштер ұсынылды;
- 13 ұлттық көрсеткіш қосымша енгізілді.
Тұрақты даму мақсаттарының 17 ішкі бөлімінде әр көрсеткіш бойынша толық ақпарат орналасқан.
Сонымен қатар, ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы ТДМ бойынша ұлттық есептілік платформасын әзірлеу процесінде және https://kazstat.github.io/sdg-site-kazstat/ мекенжайы бойынша қолжетімді.
Қазақстанда Тұрақты даму мақсаттарының жүзеге асырылуы мен енгізу процесі, ТДМ мәселелері бойынша Координациялық кеңестің жұмысы және 5 Ведомствоаралық жұмыс топтары жұмыстары туралы ақпаратты https://sdgs.kz/ мекенжайы бойынша табуға болады.
Тұрақты дамуға қол жеткізу мақсатындағы гендерлік теңдік Файл: Жүктеу | Файл түрі: MP4 | Файл өлшемі: 19 MБ