Хабарландыру
Келесі статистикалық есептіліктер бойынша статистикалық нысандардың он-лайн режимінде тапсыру мерзімі 2021 жылдың 13 қаңтарын қоса алғанда ұзартылғандығын хабарлаймыз:
1. 1-Т тоқсандық
2. F-001 жартыжылдық
3. Денсаулық сақтау қызметтері тоқсандық
4. Білім беру қызметтері тоқсандық
5. 2-сх (астық) жылдық
Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында сағат 10:00 - ден сағат 23:00 - ге дейінгі уақыт аралығында техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты статистикалық деректерді он-лайн режимде қабылдау қолжетімсіз болады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!
2020 жылғы 20 қарашадан бастап Ұлттық статистика бюросының сайтында тамақ өнімдеріне, азық-түлік емес тауарларға және ақылы көрсетілетін қызметтерге шығыстар туралы онлайн сауал салу іске қосылды.
Сізді сауал салуда қатысуға шакырамыз.
Ол үшін сіз кез-келген айда тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге шығындарыңызды көрсетуіңіз қажет. Сауал салуды бір рет өтуге немесе оған тұрақты негізде қатысуға болады. Сауал салу https://stat.gov.kz/quiz/price сілтеме бойынша сайттың басты бетінде орналасқан. Ақпарат статистикалық көрсеткіштердің сапасын жақсарту үшін статистикалық мақсаттарда пайдаланылатын болады. Ынтымақтастық үшін рахмет!
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап халықты қоғамдық пікірді бақылауға тарту мақсатында Статистика комитеті жұмыс орнының бар екендігі және орташа айлық жалақы мөлшері туралы тұрғындармен тұрақты түрде онлайн режимінде сауалнаманы бастайды.
Еліміздің тұрғындарын қысқаша сауалнаманы өтіп, жұмысы бар екендігін және алатын орташа айлық жалақы мөлшері туралы ақпаратты беруге шақырамыз.
Сіздің деректеріңіз біз үшін өте маңызды! Ынтымақтастығыңыз үшін рахмет!
Сауалнама сайттың басты бетінде «МАҢЫЗДЫ» бөлімінде / жұмыспен қамту және жалақы туралы тұрғындардың сауалнамасында орналастырылған.
Cіз осы сілтемемен өте аласыз:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScrshTmtnC-3s06825nDaERZ4SjKTTSLjWxvr1QMrPDJc7xYQ/viewform?usp=sf_link
Серверлік құрал-жабдықта техникалық жұмыстарға байланысты 2020 жылғы 22 тамыздан бастап сағат 00-00-ден 2020 жылғы 24 тамыз сағат 04-00-ге дейін ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің Интернет-ресурстары (https:\\stat.gov.kz, taldau.stat.gov.kz) іркіліспен жұмыс істейтінiн хабарлаймыз.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алаяқтықтың жаңа бір түрі пайда болғаны туралы ақпарат таралуда. Қолдарына папка ұстаған, куәліктері бар, ақ жейдедегі жастар өздерінің әкімдіктен екендіктерін және халық санағын жүргізіп жүргендерін хабарлай отырып, үйлерді аралауда.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті қалың жұртшылық пен тұрғындарға ақпарат беру мақсатында мұндай «сілтемелердің» шындыққа жанаспайтынын және халық санағын өткізуге ешқандай ҚАТЫСЫ ЖОҚ екенін ресми түрде хабарлайды.
Сонымен қатар, елдегі короновирус инфекциясының таралуы бойынша қалыптасқан жағдайға және қатаң карантиндік шектеу шараларының еңгізілуіне байланысты, Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлттық Халық санағын өткізу мерзімін КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ туралы мәселені қарастыруда.
Осыған байланысты, қазіргі уақытта халық санағына қатысты іс-шаралар ӨТКІЗІЛМЕЙДІ.
29.06.2020
Сақтау
28.05.2019 Құрметті пайдаланушылар!
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Айдапкелов Н.С. 18 маусымда сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Қазақстанның бухгалтерлер және кәсіпкерлер Ассоциациясы өткізетін семинарына қатысты. Осы семинар Қазақстанның 25 қаласында бір уақытта өткізіледі. Семинарға қатысу тегін. Семинарда бухгалтерлер мен кәсіпкерлер үшін қозғалатын маңызды тақырыптар:
- Статистика комитетінің қызметі туралы;
- Статистикалық нысандар (айыпбұлдар, қайта қараулар, қалыптастырулар);
- Статистикалық есептерді ұсыну;
- IT-дегі перспективалық жоспарлар («Респондент кабинеті» мобильді қосымшасы, e-mail және SMS хабарландырулар);
- сұрақ-жауап.
Барлық ақпарат https://rcpp.kz/ сайтында. Қатысу үшін https://seminar.rcpp.kz арқылы тіркелу қажет.
Сұрақтарды kazstat.rk@gmail.com электронды мекенжайына жіберуге болатынын қосымша хабарлаймыз. Кері байланыс үшін телефон номері және өзіңіз туралы мағлұматтарды көрсетуді сұраймыз. Сіздің сұрақтарыңызға жауаптар Статистика комитетінің www.stat.gov.kz сайтында орналастырылатын болады. Call center: 8 (7172) 74-90-02, 74-90-11.
17.05.2019 Құрметті респонденттер! Ағымдағы жылдың 4 мамырынан бастап «Респонденттің кабинеті» мобильдік қосымшасы іске қосылғаны туралы хабарлаймыз. Аталған қосымша статистика органдарына ұсынуға қажетті статистикалық нысандар жайлы ақпараттарды қарауға, ұсынылған статистикалық нысандардың тарихын қарауға, қарыз есептер тізімі жайлы ақпарат алуға, сонымен бірге ұсынылатын статистикалық нысандардың тапсыру мерзімдері аяқталуға таяу қалғаны жайлы, дербес хабарламалар алуға мүмкіндік береді. Қосымша пайдаланушылар үшін Android базасында қол жетімді Android базасында жүктеп алу үшін - https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.gov.stat.e_stat
11.04.2019
Кұрметті респондент! Сізден «Респонденттердің пікіртерімі» Q-001 нысаны бойынша сауалнаманы толтыруыңызды сұраймыз. Алынған мәліметтер статистика органдарының жұмысын жақсарту үшін пайдаланылатын болады. Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды!
12.03.2019
Құрметті пайдаланушылар! ҚР ҚМ МКК жүйесіндегі техникалық проблемаларға байланысты сыртқы сауда статистикасы және сыртқы сауда бағасы индекстері бойынша ақпарат ҚР ҚМ МКК-нен деректер базасы алынғаннан кейін жаңартылады.
28.02.2019
Құрметті респонденттер! Мемлекеттік органдар серверлік орталығының телекоммуникация жабдығында 2019 жылғы 2 наурыз сағат 21:00-ден бастап 3 наурыз сағат 17:00-ге дейін жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты ҚР Ұлтық куәландыру орталығы мен «Респондент кабинеті» қолданушыларына ЭЦК арқылы қол жетімсіз болады. Сонымен қатар ҚР ҰЭМ СК Интернте-ресурсы іркіліспен жұмыс істейтін болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!
03.01.2019 Құрметті респонденттер! Пайдаланушылар ағымының артуына және жүктеменің ұлғаюына байланысты Статистика комитетінің сайты аутқулармен жұмыс жасауда. Осыған байланысты есепті онлайн режимде тапсыру немесе жүгіртпені қарау үшін Респонденттің кабинетіне https://cabinet.stat.gov.kz тікелей сілтемесімен Комитеттің сайтына кірмей өтуіңіз қажет. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!
26.11.2018
«АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ» ШАҚЫРАМЫЗ Ағымдағы жылдың 29 қарашасында сағат 10-да Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің ғимаратында (Астана қаласы, Жұбанов көшесі 7) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ұйымдастыруымен оқытушылар мен студенттер үшін «Ашық есік күні» өткізіледі. Шақырылғандарға ақысыз түрде статистикалық жинақтар, журналдар, кітапшалар түрінде тарату материалдары ұсынылады. Комитеттің www.stat.gov.kz интернет-ресурсы және «Талдау» ақпараттық-талдамалы жүйесімен таныстырылады. Іс-шараға барлық ықылас білдіргендер қатыса алады. Қосымша ақпарат алу үшін 74-95-09, 74-95-51, 74-92-95 телефондарына хабарласуларыңызға болады.
23.07.2018
Құрметті пайдаланушылар! 2017 жылға «Қазақстан Республикасы өнеркәсібі жұмысының негізгі көрсеткіштері» статистикалық бюллетені және «Өнеркәсіп жұмысының қорытындылары» Жедел-ақпараты ҰЭМ Статистика комитетінің Интернет-ресурсына қайта жарияланды.
05.07.2018
Қазақстан Республикасы Ұлттық куәләндырушы орталығының талаптарына сәйкес «Респонденттің кабинеті» NCALayer v.1.1.жаңа нұсақасына өтеді. Осыған байланысты, жұмыс үшін NCALayer v.1.1.нұсқасын қолдану қажет екендігін хабарлаймыз. NCALayer v.1.1. жаңа нұсқасын орнату үшін жаңа NCALayer v.1.1. нұсқасын жүктеп орнату қажет Авторизация нұсқаулығымен мына жерде танысыңыз Респондент кабинетінде авторизация Нұсқаулық
05.06.2018 Құрметті респонденттер! 2018 жылғы 2 шілдеден бастап Респонденттің кабинетінде жұмыс істеу үшін NCALayer v.1.1. жаңа нұсқасын пайдалану қажеттігін хабарлаймыз. http://pki.gov.kz сайтында енгізілген парольді қарау функциясы қосылған NCALayer v.1.1. қосымшасын жаңарту қолжетімді. NCALayer қосымшасының 1.1-ден төмен нұсқасын пайдаланатын пайдаланушыларға NCALayer 1.1. жаңа нұсқасын жүктеп, орнату қажет.
15.05.2018 Құрметті респондеттер мен пайдаланушылар! Респонденттердің экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша экономикалық қызмет түрі, кәсіпорындардың мөлшерлігінің коды және т. б. анықтамалар, жалпы сұратылған кәсіпорындардың мәліметтер бойынша алу үшін екінші деңгейдегі банктерге және басқа да органдарға беру үшін, Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді БСН немесе ЖСН арқылы іздеу скриншотты (Ctrl+Alt+PrtSc) жасау керек.
02.04.2018 Құрметті респонденттер! Пайдаланушылар ағымының артуына және жүктеменің ұлғаюына байланысты сайт аутқулармен жұмыс жасауда. Осыған байланысты есепті онлайн режимде тапсыру немесе жүгіртпені қарау үшін Респонденттің кабинетіне https://cabinet.stat.gov.kz тікелей сілтемесімен Комитеттің сайтыны кірмей өтуіңіз қажет. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!
08.02.2018 Құметті пайдаланушылар мен респонденттер! Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті (бұдан әрі – Комитет) жұмысының айқындылығын арттыру үшін Комитет басшылығы және мемлекеттік статистиканың барлық салалары бойынша Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының «онлайн презентация» циклын өткізуді жоспарлап отыр. Оның барысында пайдаланушылар тікелей эфирде барлық қызығушылық тудырған сұрақтарын қойып, ұсыныстар енгізе алады. Аталған сөз сөйлеулердің басталуы апта сайынғы негізде ағымдағы жылдың 28 ақпанынан бастап (әр сәрсенбі сайын) жоспарланып отыр. Сөз сөйлеулер кестесі, сондай-ақ тікелей эфирді өткізу алаңы туралы ақпарат Комитет сайтында және әлеуметтік желілерде алдын ала отырғызылады. Тілек білдіргендердің барлығын «онлайн презентацияға» қатысуға шақырамыз.
21.11.2017 «АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ» ШАҚЫРАМЫЗ Ағымдағы жылдың 22 қарашада сағат 10-да С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ұйымдастыруымен оқытушылар мен студенттер үшін «Ашық есік күні» өткізіледі. Шақырылғандарға ақысыз түрде статистикалық жинақтар, журналдар, кітапшалар түрінде тарату материалдары ұсынылады. Комитеттің www.stat.gov.kz интернет-ресурсы және «Талдау» ақпараттық-талдамалы жүйесімен таныстырылады. Іс-шараға барлық ықылас білдіргендер қатыса алады. Қосымша ақпарат алу үшін 74-95-09, 74-95-51, 74-92-95 телефондарына хабарласуларыңызға болады.
8.06.2017 Құрметті пайдаланушылар! Есептеу әдістемесінің өзгеруіне байланысты 2010-2014 жылдар аралығындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымы көрсеткіші бойынша жылдық деректер қайта есептелді. Деректер бюллетендер мұрағатында жарияланған: 2014 жылғы Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы, 2013 жылғы Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы, 2012 жылғы Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы, 2011 жылғы Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы, 2010 жылғы Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы.
05.05.2017 Құрметті респонденттер! Сіздерді ағымдағы жылғы 29-31 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін «Өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы» КП-001 статистикалық нысанның жаңа жобасын тестілеуге қатысуға шақырамыз. Өткізу орны: Астана қ., Сол жағалау, Министрліктер үйі, 4-кіреберіс. Жазылу телефоны: 74-93-88, e-mail: b.kipshakov@economy.gov.kz Өтінімдерді ұсыну мерзімі: 2017 жылғы 28 мамырға дейін.
15.03.2017 Құрметті респондент! 2017 жылы ұсынылуы тиіс статистикалық нысандар тізбесін (бұдан әрі – Жүгіртпе) қалыптастырудың жаңа модуліне ауысуына байланысты өзектендірілген Жүгіртпені жүктеп алуды сұраймыз!
24.02.2017 Құрметті респонденттер! 2017 жылдың 24 ақпанынан бастап статистикалық есептілікті электронды түрде online режимде тапсыру үшін авторизацияның жаңа тәсілі және жаңа «Респонденттің кабинеті» қосылғандығы туралы Сіздерге хабарлаймыз! «Респонденттің кабинетіне» мына сілтеме бойынша кіруге болады http://cabinet.stat.gov.kz Сонымен қатар «респонденттерге» бөліміндегі – «Online есептері» арқылы есептілікті катар тапсыру мүмкіндігі бар екендігін хабарлаймыз! Internet Explorer, Mozilla Firefox, Google Chrome пайдаланылатын браузерлерде Java БҚ жұмыстарын қамтамасыз ету үшін NCALayer (жүктеу) бағдарламасын орнату қажет. (Толығырақ)
ҚР ҰКО, NPAPI плагиндерін браузерлермен қолдауды тоқтатуына байланысты әзірлеуші жиынтығынан Java-applet алып тасталды. Сондай-ақ, Java-applet одан әрі дамыту техникалық және ақпараттық қолдау тоқтатылады. Браузерлерде Java БК жұмысын қамтамасыз ету үшін NCALayer бағдарламасын қолдану қажет (жүктеу). Авторизацияны орындау кезінде пайдаланылатын браузерде, ЭЦҚ-ны импорттау қажет емес, ЭЦҚ орналасқан жүйеде (ЭЦҚ кілтін сақтау үшін компьютердегі папка немесе басқа құрылғыларды) таңдау ұсынылады. Авторизация және есептергеі қол қою е-token, kaztoken, жеке куәліктегі ЭЦҚ-ның және т.б. құрылғыларды пайдалануға мүмкіндік береді.
10.11.16 Құрметті пайдаланушылар! Пайдаланушылардың ресми статистикалық деректерге қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында Сіздер үшін «Ресми статистикалық ақпарат» \ «Кәсіпорындар статистикасы» бөлімінің «жедел ақпарат» ішкі бөлімінде «2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жасы 29 жасқа дейін тіркелген және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлер және жасы 29 жасқа дейінгі олардың иесі (100%) болып табылатын заңды тұлғалардың саны» бойынша жаңа көрсеткіштің жарияланғанын хабарлаймыз. Ақпарат тоқсандық негізде қалыптастырылады.
25.10.16 Құрметті пайдаланушылар! Java-ның соңғы нұсқасында (1.8.0_111 нұсқасы) қауіпсіздік саясатына қатысты өзгерістер енгізілді, бұл онлайн режимде есепке қол қоюға әсер етеді. Егер сізде Java-ның соңғы нұсқасы орнатылған болса, онда Басқару тақтасына кіріп-Java тақтасын ашып-"Security" қосымша бетін таңдап-"Exception Site List" бөлімінде online.stat.gov.kz бар ерекшеліктерді алып тастау қажет.
04.08.16 Құрметті пайдаланушылар! Сайтта Жалпы ішкі өнімінің және Жалпы өңірлік өнімнің 2011 жылдан бастап жылдық деректері жаңартылған. Енгізілген өзгерістер өнімдерге салынатын салықтар тізбесінің нақтылануына, Қазақстан Республикасының төлем балансына сәйкес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспорты мен импорты деректерінің жаңартылуына байланысты. Тоқсандық деректер жақын арада жаңартылады.
01.07.16 Құрметті респонденттер! 1-ТС (айлық) нысанын тапсыру үшін Mozilla firefox веб-браузерінің соңғы нұсқасына дейін жаңарту қажет.
17.02.16 Құрметті пайдаланушылар! Пайдаланушылардың ресми статистикалық деректерге қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында Сіздер үшін «Ресми статистикалық ақпарат» \ «Кәсіпорындар статистикасы» бөлімінің «жедел ақпарат» ішкі бөлімінде «Қазақстан Республикасының өңірлері және қызмет түрлері бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың жасы» бойынша жаңа көрсеткіштің жарияланғанын хабарлаймыз. Ақпарат ай сайынғы негізде қалыптастырылады.
12.02.16 Құрметті пайдаланушылар! 2016 жылғы қаңтардағы «Қазақстан Республикасында құрылыстағы баға және баға индексі» статистикалық бюллетені техникалық себептер бойынша сайттан алынып тасталды. Бюллетень анықталған техникалық ақаулықтар жойылғаннан кейін қайта жарияланады. Кешірім сұраймыз!
22.06.15 Құрметті респонденттер! Енді Комитеттің сайтында «Респонденттер үшін» модулінде Сіздер үшін жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша статистика органдарына тапсыру үшін Сіздердің ЖСН/БСН арқылы статистикалық нысандар тізімін қарау функциясы қолжетімді.
13.02.15 Жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу туралы хабарландыру
15.01.15 ЖИИДМБ мақсатты жоспарлау үшін ЖӨӨ (жалпы өңірлік өнім) өнеркәсіп салалары бойынша мәліметтер "Ұлттық шоттар" бөлімінде орналасқан.
10.01.15 2011 жылғы қаңтар-сәуірдегі «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының көрсеткіштері» бюллетенінде «Агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі (жалпы қосылған құн бойынша), мың АҚШ доллары/адам» көрсеткіші жарияланды (12 бет)
10.01.15 Құрметті пайдаланушылар мен респонденттер! Сіздерге «Ресми статистикалық ақпарат» \ «Кәсіпорындар статистикасы» бөлімінің «Кәсіпорындар статистикасы» бөлімшесінде Қазақстан Республикасы аймақтары бойынша тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктері тізімі орналастырылғаны жөнінде хабарлаймыз.
01.01.11 Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы.