Солтүстік Қазақстан облысындағы халықтың 2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі табиғи қозғалысы
2019 жылғы 1 қазанға облыстағы халық саны 550,3 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар - 252,7 мың адам (45,9%), ауылдықтар – 297,7 мың адам (54,1%).
Халықтың 2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі табиғи көбеюі 150 адамды құрады, өткен жылғы сәйкес кезеңдегі халықтың табиғи өсімі 485 адамға тең. Табиғи өсім коэффициенті 0,36 промилле құрады.
2019 жылғы қаңтар-қыркүйек ішінде 5175 нәресте туылғаны тіркелді. Туылғандардың ішінде 2658-і - ұлдар және 2517-і - қыздар. Жаңа туған балалардың ішінде 2217 (42,8%) облыс орталығында туған.
Облыс аудандары арасында ең жоғары туу коэффиценті Уәлиханов ауданында – 15,84 промилле, Тимирязев ауданында (14,31), облыс орталығында (13,54) тіркелді.Облыс бойынша ең төмен туу Қызылжар ауданында (10,24 промилле) тіркелді.
2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте 5025 адам қайтыс болды. Халықтың негізгі өлім себептері арасында ең үлкен үлес салмақты қан айналымы жүйесінің аурулары (барлық өлім оқиғаларының 16,9%), тыныс органдарының аурулары (14,%), жаңа өскіндер (10,5%), жазатайым оқиғалар, улану мен жарақаттану (8,7%), ас қорыту органдарының аурулары (8,5%) алады. Өлім-жітім коэффициенті облыс бойынша 12,18 промилле құрады.
2018 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бір жасқа дейінгі балалар өлімінің 63-тен 48–ге дейін төмендеуі жағымды үрдісін сақтауда. Нәресте өлімі коэффициенті 1000 туғанға есептегенде 9,28 промилле құрады.
2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2608 неке тіркелді, ол 2018 жылдың көрсеткішінен 6,1% төмен. Бұзылған неке саны 2018 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,9% кеміп, 1527 құрады.
www.stat.gov.kz /sko/ Ресми статистикалық ақпарат / Демографиялық статистика
Орындаушы:
Г.А. Степанова
Тел. +7 (7152)46-28-02
Басқарманың басшысы:
С.А. Уәлиева
Баспасөз қызметі:
С.Қ. Жақыпова
Тел. +7(7152)46-77-65
E-mail: statsko@economy.gov.kz
Мекенжай:
150008
Петропавл қ.
Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 83
© Солтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті