Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

.................................................................................................

.................................................................................................

.................................................................................................

.................................................................................................

жаңа терезеде ашу

Басшылық

Басшы

Нұржауыпова Марал Рыскелдіқызы

Нұржауыпова Марал Рыскелдіқызы

1968 жылғы 3 қазанда Петропавл қаласында туған.

1990 жылы Қорған машина жасау институтын дәнекерлеу өндірісінің жабдығы мен технологиясы мамандығы бойынша бітірді.

2000 жылы Алматы экономика және статистика институтын бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірді.

1990 жылғы тамыздан 1994 жылғы наурызға дейін В.В. Куйбышев атындағы Машина жасау зауытының экономисі болып істеді.

1994 жылғы сәуірден қазанға дейін «Адам-инвест» компаниясының бухгалтері болып істеді.

1996 жылғы наурыздан 2014 жылғы қарашаға дейін Солтүстік Қазақстан облысының статистика органдарында экономист, бас экономист, басқарма басшысы жұмысын атқарды.

2014 жылғы қарашадан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Солтүстік Қазақстан облысы Статистика департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, «Статистика үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

ҚР ҰЭМ СК СҚО Статистика департаментінің басшысы М.Р. Нұржауыпованың өкілеттіктері:

1.    Статистика департаментінің қызметіне жалпы басшылық жүзеге асырады.

2.    Департаментке жүктелген қызметтердің уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

3.    Статистика мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті, мемлекеттік басқару органдарымен өзара әрекеттесу мәселелерін шешеді.

4.    Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарының іске асырылуын үйлестіріп, бақылау жүзеге асырады.

5.    Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды.

6.    Департаменттің құрылымдық бөлімшелері ережелерін бекітеді.

7.    Департамент қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді.

8.    Қаржы басқармасының мәселелерін шешеді. Қаржылық тәртіптің сақталуын және тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды бақылайды.

9.    Департаменттің қызметін заңды қамтамасыз ету мәселелерін шешеді.

10.    Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) мәселелерін шешеді.

11.    Департаменттің мемлекеттік құпияларын қорғау мәселелерін шешеді.

12.    Мемлекеттік әкімшілік лауазымдық бос орындарға үміткерлерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияға жалпы басшылық жүзеге асырады.

13.    Департамент қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселелерін шешеді.

14.    Орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын бақылайды.

 

Басшының орынбасары

Қалижанов Қуанышбек Серікұлы

kalizhanov

1981 жылғы 10 желтоқсанда Көкшетау облысы Ленин ауданының Талшық к. туған.

2001 жылы Көкшетау есеп-сауда колледжін қаржы мамандығы бойынша бітірген.

2012 жылы «Көкше» академиясын қаржы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылғы тамызда Солтүстік Қазақстан облысының Статистика басқармасында Ақжар ауданының Талшық ауылдық округінде маман ретінде бастаған.

2006 жылғы қаңтардан 2008 жылғы мамырға дейін Ақжар ауданы статистика бөлімінің маманы қызметін атқарды.

2008 жылғы мамырдан 2012 жылғы шілдеге дейін Ақжар ауданы статистика бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.

2012 жылғы шілдеден бастап Солтүстік Қазақстан облысы Статистика департаментінің Ақжар ауданы статистика басқармасының басшысы болып істеді.

2015 жылғы қыркүйекте «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті» РММ басшысының орынбасары болып тағайындалды.

ҚР ҰЭМ СК СҚО Статистика департаменті басшысының орынбасары – Қ.С. Қалижанов:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Стратегиялық жоспарын, сондай-ақ Департамент жұмыс жоспарын іске асырудың ағымдағы мәселелерін шешеді;  

2) Департаментке жүктелген қызметтердің сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;

3) тәртіптік комиссияның және мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады;

4) іс қағаздарының ұйымдастырылуы мен жүргізілуін бақылайды;

5) өнеркәсіп, құрылыс және инвестициялар; құрылымдық статистика; ауыл шаруашылығы, сауда және қызмет көрсету саласы; өзара сауда статистикасының мәселелеріне әдіснамалық және жедел жетекшілік жасайды;

6) аудандық статистика басқармаларының жұмысын ұйымдастырады;

7) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды;

8) техникалық қызмет көрсету және ақпараттық қауіпсіздік пен алғашқы статистикалық деректердің құпиялығын қамтамасыз ету мәселелерін шешеді;

9) төтенше жағдай, азаматтық қорғаныс, өртке қарсы қауіпсіздік және еңбек қорғаумен байланысты мәселелерді шешеді;  

10) ғимараттарды, қызмет және арнайы автомобиль көлігін ұстау және пайдалануды бақылайды;

11) әкімшілік-шаруашылық бөлім жұмысына жетекшілік жасайды;

12) басшының орынбасары уақытша болмаған жағдайда оның міндеттері басшының басқа орынбасарына жүктеледі.

 

Басшының орынбасары

Нұрғалиева Жұлдыз Керейқызы

nurgaliyeva

 

1982 жылғы 23 қарашада Солтүстік-Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Муромское с. туған.

2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірді.

2003 жылғы қыркүйектен 2004 жылғы наурызға дейін «Отан заң орталығы» ЖШС-нің заңгері болып істеді.

2004 жылғы мамырдан 2020 жылғы шілдеге дейін Солтүстік Қазақстан облысының статистика органдарында жетекші маман, бас маман, басқарма басшысы жұмысын атқарды.

2020 жылғы шілдеден Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

ҚР ҰЭМ СК СҚО Статистика департаменті басшысының орынбасары – Ж.К. Нұрғалиева:

1) Өз құзыреті шегінде Департамент басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау;

2) Өз құзыретінің шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынаста Департаменттің атынан өкілдік ету;

3) Департаментке жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті мен Үкіметінің заңнамалық және нормативтік актілерінің, Комитеттің бұйрықтары, Департамент бойынша шешімдер мен бұйрықтардың орындалуына бақылау жүзеге асыру;

5) Департамент жоспарымен қарастырылған жұмыстарды уақтылы және сапалы орындау;

6) Облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының Статистика департаменттерімен, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалымен өзара іс-қимыл жасау;

7) Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратымен, мәслихатпен өзара іс-қимыл жасау;

8) Департамент басшысының бұйрықтарына сәйкес, комиссиялар жұмысын ұйымдастыру;

9) Келесі басқармалардың жұмыстарын ұйымдастыру және жетекшілік ету:

1. Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс басқармасы;

2. Тіркелімдер басқармасы;

3. Респонденттермен жұмыс басқармасы;

4. Әлеуметтік және демографиялық сатистика басқармасы;

5. Еңбек және үй шаруашылықтарын зерттеу статистикасы басқармасы;

10) Ақпараттық қауіпсіздік және алғашқы статистикалық деректер құпиялығын қамтамасыз ету.

11) Департамент бойынша іс қағаздары және электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесінің жүргізілуіне бақылау жүзеге асыру.

12) Жарияланымдарды және статистикалық деректерді таратуды жетілдіру жөніндегі жұмысты үйлестіру.

13) Бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау.

14) Жарияланымдық қызмет жоспары, медиа-жоспарға сәйкес дайындалатын барлық жетекшілік ететін мәселелер бойынша құжаттарға қол қою.

15) Жетекшілік жасалынатын құрылымдық бөлімшелермен әкімшілік көздерге қатысты өткізілетін бақылаудың басқа түрлеріне бақылау жүргізу.

16) Департаменттің СМЖ дамыту мәселелеріне жетекшілік ету.

17) Еңбек қорғаумен байланысты мәселелерді шешу.

18) Жоғары тұрған басшылықтан алатын өзге де тапсырмалар мен міндеттерді орындау.

19) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

 

 


Әдеп жөнiндегi уәкiлі

Солтүстік Қазақстан облысы Статистика департаментінің әдеп жөнiндегi уәкiлі - Қалижанов Қуанышбек Серікұлы


 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: e.stat@economy.gov.kz
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Ұлттық статистика бюросы
2020
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter