Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
жаңа терезеде ашу

БОС ОРЫН

Азаматтардың мемлекеттік қызметке өту тәртібі

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті» РММ «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары

 


р/р

Бос орын

Санаты

Бос қызмет орнының пайда болу күні

Білімі

Функционалдық міндеттері

Заң басқармасы

1

Жетекші маман

С-О-6

2018ж.12.09.

Жоғары «құқық» (құқықтану) бейіні бойынша немесе ортадан кейінгі «құқық» (құқықтану) бейіні бойынша.

Департаменттің қызметкерлерін қолданыстағы заңнама және оған енгізілген өзгерістер туралы ақпараттандыруды, Департаменттің лауазымды адамдарын олардың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілермен таныстыруды жүзеге асырады. Басқармадағы іс жүргізуді ұйымдастыру бойынша жұмысты жүргізеді. Комитеттің Департаментке келіп түсетін нормативтік құқықтық актілерінің жүйелік есепке алынуы мен сақталуын ұйымдастыру, кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен қорытындылардың уақытылы дайындалуын жүзеге асыру, жоғары тұрған басшылықтан алынатын басқа да тапсырмаларды орындау.

Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жетекші маманы

2

Жетекші маман (уақытша, 2021ж.22.07. дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне)

С-О-6

2018ж.13.09.

Жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (статистика, немесе экономика, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіні немесе ортадан кейінгі «сервис, экономика және басқару» (статистика, немесе экономика (салалар бойынша), немесе есеп және аудит (салалар бойынша), немесе қаржы (салалар бойынша)) бейіні бойынша.

Құпиялық іс қағаздарымен жұмыс жүргізу. Істер номенклатурасын, тұрақты және уақытша сақтауға арналған істер тізімдемесін, сақталу мерзімі өткен істерді жою актілерін құрастыру. Департамент қызметкерлерін мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуге жіберуге рұқсаттамаларды ресімдеу, қайта ресімдеу. Құпиялық іс қағаздарын жүргізу бойынша жылдық және статистикалық есептер дайындау.

 

Өзара сауда статистикасы басқармасының жетекші маманы

3

Жетекші маман

С-О-6

2019ж.08.02.

Жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (статистика, немесе экономика, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіні немесе ортадан кейінгі «сервис, экономика және басқару» (статистика, немесе экономика (салалар бойынша), немесе есеп және аудит (салалар бойынша), немесе қаржы (салалар бойынша)) бейіні бойынша.

Алғашқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету. Жиынтық салалық статистикалық материалдар дайындау. Заңды және жеке тұлғалар үшін өзара сауда статистикасы бойынша жиынтық статистикалық ақпараттың тұтастығын, дәйектілігін, қолжетімділігін қамтамасыз ету. Статистикалық бизнес-тіркелімді өзектендіру. Өзара сауда статистикасы бойынша ақпараттық-статистикалық дерекқорларды өзектендіру.

 

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)

4

Жетекші маман (уақытша, 2022ж.03.01. дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне)

С-О-6

2019ж.05.03.

Жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, немесе есеп және аудит, немесе қаржы), немесе «құқық» (құқықтану) бейіндері немесе ортадан кейінгі «сервис, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), немесе есеп және аудит (салалар бойынша), немесе қаржы (салалар бойынша)), немесе «құқық» (құқықтану) бейіндері бойынша.

Мемлекеттік қызметке түсу, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату рәсімдерін қамтамасыз ету. Кадрлық іс қағаздарын жүргізу, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған дерекқор (ақпараттық жүйе) арқылы. Мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік қызметті өткерумен байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің жеке деректерін есепке алуды жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметшілер қызметін бағалауды, аттестаттау және оқытуды өткізу. Кадрлық мәселелер бойынша конкурстық, тәртіптік, аттестациялық және өзге де комиссияларға қажетті материалдар дайындау. Мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек тәртібі мен жағдайларының, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету. Белгіленген кадрлық есептілікті құрастыру.

 

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы статистика басқармасы

5

Жетекші маман

С-О- 6

2019ж.06.08.

Жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (статистика, немесе экономика, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіні немесе ортадан кейінгі «сервис, экономика және басқару» (статистика, немесе экономика (салалар бойынша), немесе есеп және аудит (салалар бойынша), немесе қаржы (салалар бойынша) бейіні бойынша.

Статистикалық мәліметтерді жинау және өңдеу жұмыстарын, оларды СҚО статистика Департаментіне жіберу, серпінділік қатарларын жүргізу. Статистикалық бақылаулар және зерттеулер жүргізу. Статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, анықтығын және жеткіліктігін, заңды және жеке тұлғалар үшін жиынтық статистикалық ақпараттың қолжетімдігін қамтамасыз ету. Ауданның және халық қоныстарының ақпараттық-статистикалық мәліметтер негіздерін көкейкестілендіру. Статистикалық бизнес-тіркелімді көкейкестілендіру. Бастапқы статистикалық мәліметтердің құиялылығын қамтамасыз ету. Бастапқы статистикалық мәліметтерді толтыру мәселелер бойынша респонденттерге кеңестік қолдау көрсету. Ауыл шаруашылығы статистикасы бойынша іріктеме зерттеулер өткізу үшін интервьюерлер іріктеп алу, олармен оқыту семинарлары мен нұсқаулық өткізу. Интервьюерлер көрсеткен қызметтер бойынша бақылау іс-шараларын жүзеге асыру.

 

Заң басқармасы

6

Бас маман

С-О- 5

2019ж.01.10.

Жоғары: «құқық» (құқықтану) бейіні бойынша.

Департаменттің қызметкерлерін қолданыстағы заңнама және оған енгізілген өзгерістер туралы ақпараттандыруды, Департаменттің лауазымды адамдарын олардың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілермен таныстыруды жүзеге асырады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жүргізілуіне заңгерлік жетекшілік жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау бойынша жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеп іске асыру, Департаментте жалпы құқықтық оқуды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті ұйымдастыру. Департамент қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-құқықтық және басқа да заң мәселелері бойынша консультация береді, қорытындылар дайындайды, мүліктік-құқықтық сипаттағы құжаттар мен актілерді ресімдеуге көмектеседі. Комитеттің Департаментке келіп түсетін нормативтік құқықтық актілерінің жүйелік есепке алынуы мен сақталуын ұйымдастыру, кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен қорытындылардың уақытылы дайындалуын жүзеге асыру, жоғары тұрған басшылықтан алынатын басқа да тапсырмаларды орындау. Департамент құзыретіне жататын бақылау функцияларын құқықтық сүйемелдеу.

 

Құрылымдық статистика басқармасы

7

Жетекші маман

С-О-6

2019ж.25.10.

Жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (статистика, немесе экономика, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіні немесе ортадан кейінгі «сервис, экономика және басқару» (статистика, немесе экономика (салалар бойынша), немесе есеп және аудит (салалар бойынша), немесе қаржы (салалар бойынша)) бейіні бойынша.

Құрылымдық статистика бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жүргізу. Белгіленген талаптар мен Ақпараттық қауіпсіздік саясатына сәйкес, алғашқы статистикалық деректерді қоса, құпиялық ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету. Статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, дәйектілігін және жеткіліктігін, заңды және жеке тұлғалар үшін құрылымдық статистика бойынша жиынтық статистикалық ақпараттың қолжетімдігін қамтамасыз ету. Мемлекеттік статистикалық тіркелімді өзектендіру. Кәсіпорындардың мемлекеттік статистикалық тіркелімін өзектендіру. Жарияланатын материалдар тізбесіне сәйкес статистикалық жарияланымдарды дайындап тарату. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреттілігі шегінде уақытылы қарау. Респонденттерге, статистикалық ақпарат пайдаланушыларына Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультация беру.

 

Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс басқармасы

8

Бас маман

С-О-5

2020ж.25.02.

Жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (статистика, немесе экономика, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіні бойынша.

Статистикалық баяндамалар, жинақтар, анықтамалықтарды қалыптастыру, дайындау және тарату. Жиынтық статистикалық материалдарды дайындау. Алғашқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету. БАҚ-қа материалдар және статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен өткізілетін іс-шараларды дайындау. БАҚ-пен және статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен өткізілген іс-шаралар туралы есептер дайындау. Департаменттің интернет-ресурсына және облыс әкімінің интернет-ресурсына материалдар дайындау. Облыс және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпараттық-статистикалық дерекқорларды өзектендіру. Департаменттің баспасөз-хатшысы. Аудандық статистика басқармаларының жұмыс жоспарын қалыптастыру. Аудандық статистика басқармаларының жұмыс қорытындысын шығару. Статистикалық жарияланымдарды беттеу бойынша қызмет жеткізушімен өзара әрекеттесу. Департаменттегі мұрағат істерінің жүргізілуі бойынша жұмыстарды ұйымдастырып бақылау.

 

Ақжар ауданы статистика басқармасы

9

Басқарма басшысы

С-О-3

2020ж.22.07.

Жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (статистика, немесе экономика, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе «ауылшаруашылық ғылымдар» бейіндері бойынша.

Бастапқы статистикалық мәліметтерді жинау және өңдеу жұмыстарын, оларды Солтүстік Қазақстан облысының Статистика департаментіне жіберілуін ұйымдастыру. Статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, анықтығын және жеткіліктігін, заңды және жеке тұлғалар үшін жиынтық статистикалық ақпараттың қолжетімдігін қамтамасыз ету. Серпінділік қатарын жүргізу. Ауданның және халық қоныстарының әлеуметтік-экономикалық даму туралы ақпараттық-статистикалық мәлімет базаларды жинау, жүргізу және көкейтесті етуін қамтамасыз ету. Статистикалық бизнес-тіркелімді көкейтесті ету бойынша жұмыстарын ұйымдастыру. Бастапқы статистикалық мәліметтердің құпиялылығын және сақталуын қамтамасыз ету. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы талдамалық материалдарды, пресс-релиздерді дайындау. Бастапқы статистикалық мәліметтерді толтыру мәселелері бойынша оқыту семинарларын өткізу, респонденттерге кеңестік қолдау көрсету. Ауыл шаруашылығы статистикасы бойынша іріктеме зерттеулер өткізу үшін интервьюерлер іріктеп алу, олармен оқыту семинарлары мен нұсқаулық өткізу. Интервьюерлер көрсеткен қызметтер бойынша бақылау іс-шараларын жүзеге асыру.

 

Құрылымдық статистика басқармасы

10

Басқарма басшысы (уақытша, 2023ж.01.09. дейін негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне)

С-О-3

2020ж.01.09.

Жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (статистика, немесе экономика, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіні бойынша.

Басқармадағы жұмысты жоспарлап бөлу. Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастырып жүргізу. Халықаралық стандарттар және ғылыми әдіснама негізінде статистикалық ақпаратты жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, дәйектілігін және жеткіліктігін, заңды және жеке тұлғалар үшін құрылымдық статистика бойынша жиынтық статистикалық ақпараттың қолжетімдігін, алғашқы статистикалық деректердің уақытылы жиналуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру. Құрылымдық статистикасы бойынша ақпараттық-статистикалық дерекқорларды өзектендіру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Мемлекеттік статистикалық тіркелімді өзектендіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін дер кезінде қарауды қамтамасыз ету. Белгіленген талаптар мен Ақпараттық қауіпсіздік саясатына сәйкес, алғашқы статистикалық деректерді қоса, құпиялылық ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету. Жарияланатын материалдар тізбесіне сәйкес статистикалық жарияланымдардың дайындалуын, басқарма жұмысы жоспарының орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Басқармада іс қағаздарының жүргізілуін ұйымдастыру. Респонденттердің қатысуымен семинарлар ұйымдастырып өткізу. Респонденттерге, статистикалық ақпарат пайдаланушыларына Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультация беру. Аудандық статистика басқармаларын әдіснамалық басқару, бастапқы есепке алуды жетілдіріп, есептілікті жинау және өңдеу бойынша жұмыстарына бақылау жасап, жұмыстарын бағалау.

 

Заң басқармасы

11

Бас маман

С-О-5

2020ж.04.09.

Жоғары: «құқық» (құқықтану) бейіні бойынша.

Департаменттегі құқықтық жұмысқа әдістемелік басшылық жүзеге асырады. Сот органдарында, сондай-ақ басқа да ұйымдарда Департамент қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен Департаменттің мүдделерiн бiлдiредi. Құқықтық құралдармен Департаменттің мүліктік және басқа да заңи құқықтары мен мүдделерін қорғау. Заңнамалық актілермен көзделген жағдайда құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша Департамент атынан түсiндірме дайындау. Шарттық, қаржылық және еңбек тәртібін нығайту, Департамент мүлкінің бүтіндігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеп жүзеге асыруға қатысады. Анықталған кемшіліктерді жою және Департаменттің шаруашылық-қаржылық қызметін жақсарту туралы ұсыныстар әзірлеу мақсатымен талаптарды, сот және алқалы сот істерін қарау нәтижелеріне, шаруашылық шарттардың жасалу және орындалу практикасына зерттеу, талдау және жалпылау өткізеді. Шаруашылық шарттар жасау жұмысына, олар бойынша құқықтық сараптама өткізуге қатысады. Сот ісінің қарауындағы және орындалған сот, алқалы сот істерін және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді есепке алуды және сақталуын жүзеге асырады. Департаменттің қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар дайындауға қатысады. Департамент қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-құқықтық және басқа да заң мәселелері бойынша консультация береді, қорытындылар дайындайды, мүліктік-құқықтық сипаттағы құжаттар мен актілерді ресімдеуге көмектеседі. Департаменттің қызметкерлерін қолданыстағы заңнама және оған енгізілген өзгерістер туралы ақпараттандырады, Департаменттің лауазымды адамдарын олардың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілермен таныстырады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жүргізілуіне заңгерлік жетекшілік жүзеге асырады. Департамент құзыретіне жататын бақылау функцияларын құқықтық сүйемелдеу.

 

 

 

Бос орын  

р/с

Бос орын

Шарттың түрі

Қызмет көрсету мерзімі

Білімі

Міндеттері

1

Шағын шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық

шаруашылықтарындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау бойынша интервьюер

1)     Айыртау ауданы –2

2)     Аққайың ауданы – 1

3)     Ақжар ауданы – 1

4)     Есіл ауданы – 1

5)     Жамбыл ауданы – 1

6)     М. Жұмабаев ауданы – 1

7)     Қызылжар ауданы – 2

8)     Мамлют ауданы – 1

9)     Ғ. Мүсірепов ат. аудан – 1

10)Тайынша ауданы – 2

11)Тимирязев ауданы – 1

12)Уәлиханов ауданы – 1

13)Шал ақын ауданы – 1

14)Петропавл қаласы-1

Өтемелі қызмет көрсету шарты

2020 жылғы

20 қыркүйектен бастап

25 қазанға дейін қоса

Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіби немесе жалпы орта білім

Статистикалық байқауды респонденттерге пікіртерім жүргізу, статистикалық нысандарды толтыру және оларды статистиканың аумақтық органына ұсыну, алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету.

Үміткерге қоса берілген нысанға сәйкес толтырылған өтінімді, сонымен бірге білімі туралы құжаттың көшірмесін Солтүстік Қазақстан облысының Статистика департаментіне (Петропавл қ., Нұрсұлтан Назарбаев к-сі, 83, 311-кабинет) немесе аудандық бөлімшеге ұсынуға, немесе statsko@economy.gov.kz электрондық поштаға жолдау қажет. Өтінімдерді қабылдаудың түпкілікті мерзімі: 2020 жылғы 19 қыркүйек

Байланыс телефоны: 8 (7152) 46-24-55

Өтініш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бос орындарға орналасу сұрақтары бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметі) жүгінуіңізге болады

Юркова Наталья Петровна

Басқарма басшысы

36-11-29

n.yurkova@economy.gov.kz

Баймұқанова Әлия Есләмбекқызы

Бас маман

36-11-29

a.baimukhanova@economy.gov.kz

Мақанова Гүлдарайым Қошқарбайқызы

Бас маман

36-11-29

g.makanova@economy.gov.kz

 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: e.stat@economy.gov.kz
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2020
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter