Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ CТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІ

Соңғы деректер

 

Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер

Халық (2020 жылдың 1 наурызына, мың адам)

  805,1

Жұмыссыздық деңгейі (2019 жылғы ІV тоқсан, %)

  4,8

Орташа айлық жалақы* (2019 жылғы ІV тоқсан, теңге)

159421

Инфляция (2020 жылғы наурыз 2020 жылғы ақпанға)

0,8

Инфляция (2020 жылғы наурыз 2019 жылғы желтоқсанға)

1,8

ЖӨӨ (2019 жылғы қаңтар-қыркүйек, %)


*Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын
кәсіпорындарды есепке алусыз.
  

102,4
  

 

    

 

Экономикалық салалардың өсу қарқыны
(Нақты көлем индексі, %-бен)

Өнеркәсіп (2020 жылғы қаңтар-ақпан 2019 жылғы қаңтар-ақпанға, %)

90,2

Ауыл шаруашылығы (2020 жылғы қаңтар-наурыз 2019 жылғы қаңтар-наурызға, %)

102,0

Құрылыс (2020 жылғы қаңтар-наурыз 2019 жылғы қаңтар-наурызға, %)

58,7

Сауда (2020 жылғы қаңтар-наурыз 2019 жылғы қаңтар-наурызға, %)

Көлік (2020 жылғы қаңтар-наурыз 2019 жылғы қаңтар-наурызға, %)

103,5

89,9

Байланыс (2020 жылғы қаңтар-наурыз 2019 жылғы қаңтар-наурызға, %)

111,7


 Хабарландыру

 Құрметті пайдаланушылар!

2020 жылғы қаңтар-ақпанға "Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы" баяндамасы орналастырылғаны жөнінде хабарлаймыз.

Құрметті респонденттер!

Ағымдағы жылдың 4 мамырынан бастап «Респонденттің кабинеті» мобильдік қосымшасы іске қосылғаны туралы хабарлаймыз. Аталған қосымша статистика органдарына ұсынуға қажетті статистикалық нысандар жайлы ақпараттарды қарауға, ұсынылған   статистикалық нысандардың тарихын қарауға, қарыз есептер тізімі жайлы ақпарат алуға, сонымен бірге ұсынылатын статистикалық нысандардың  тапсыру мерзімдері аяқталуға таяу қалғаны жайлы, дербес хабарламалар алуға мүмкіндік береді. Қосымша пайдаланушылар үшін Android базасында қол жетімді
Android базасында жүктеп алу үшін -
https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.gov.stat.e_stat

Құрметті респонденттер!   

2017 жылдың ақпанынан бастап респонденттерге статистикалық есептілікті электронды түрде online режимінде тапсыру үшін авторизацияның жаңа тәсіліне көшуі және жаңа «Респонденттің кабинеті» іске қосылуы жүзеге асырылды. «Респонденттің кабинетіне» http://cabinet.stat.gov.kz сілтемесі бойынша кіруге болады.Жаңа, жетілдірілген «Респондент кабинеті» алдағы қолданыста болған «Жеке кабинеті» қызметінің мүмкіндігін кеңейте түспек, сонымен қатар ерекшеленген домендік cabinet.stat.gov.kz адресіне иеленген және 5 негізгі бөлімнен тұрады: «Негізгі», «Менің есептерім», «Бегунок», «Күнтізбе», «Жеке мәліметтер». Статистикалық есепті тапсыру үшін респондентке сілтеме бойынша «Респондент кабинеті» парақшасына өту қажет, www.stat.gov.kz интернет-порталының негізгі парақшасында орналасқан тиісті баннер түріндегі немесе браузердің тікелей жолына www.cabinet.stat.gov.kz сілтемесін енгізу керек.Internet Explorer, Mozilla Firefox, Google Chrome пайдаланылатын браузерлерде Java БҚ жұмыстарын қамтамасыз ету үшін NCALayer бағдарламасын орнату қажет. Жеке кабинетке өту үшін сізге тек қана электрондық цифрлық қолтаңбаңыз қажет, сайтта тіркелу қажет емес. «Респонденттің кабинетінде» авторизациясыз сайттың келесі бөлімдері қолжетімді: «Негізгі», «Бегунок» және «Күнтізбе». «Респондент кабинетінен» шығу үшін «Менің есептерім» парақшасындағы «Шығу» түймесін басу қажет. Жаңа «Респонденттің кабинеті» қосылуына байланысты Комитет сайтында www.stat.gov.kz «Респонденттерге» бөліміндегі «online есептері » бөлімі жабылғандығы туралы хабарлаймыз, осы уақытта есептіліктерді онлайн режимінде тапсыру тек қана «Респонденттің кабинеті» арқылы жүзеге асырылады.Толығырақ ақпаратты www.stat.gov.kz  сайтынан және Қызылорда облысы Статистика департаментінің Респонденттермен жұмыс басқармасынан. Тел. 8(7242) 27-73-17 ала аласыздар.                     

Респонденттің назарына!  

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талабына сәйкес респонденттер /жеке, заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері/ статистикалық байқаулар жүргізу кезінде респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне және статистикалық әдіснамаға сәйкес дәйекті алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға  міндетті.Бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін  бұзу, атап айтқанда мемлекеттік статистика органдарына бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде уақытылы ұсынбау, сондай-ақ анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 497-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа  әкеп соғады.Осы ретте, Сіз  мемлекеттік статистика саласындағы заңнамаға қатысты заң көмегін Қызылорда облысының Статистика департаментінің Заң басқармасынан алу мүмкіндігіңіз бар және ол үшін  Жахаев көшесі 72 үй, 8 кабинетке немесе 27-03-13 телефон арқылы хабарласуыңызға болады 

 

Құрметті респонденттер!

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қызылорда облысының Статистика департаменті (бұдан әрі - Департамент), ҚР «Мемлекеттік статистика туралы» Заңына сәйкес, статистикалық байқаулар жүргізу кезінде респонденттердің  алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне  және статистикалық әдіснамаға сәйкес, респонденттер дәйекті алғашқы статистикалық деректерді  ұсынуға міндетті екенін хабарлайды.

Сіздің жұмысыңызды оңтайландыру және уақытыңызды үнемді пайдалану мақсатында, бастапқы статистикалық деректерді он-лайн режимінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі - Комитет) https:stat.gov.kz және  https:cabinet.stat.gov.kz сайты арқылы немесе Ы.Жахаев 72 Департамент ғимаратының 8 кабинетінде тапсыруға болады және қосымша ақпаратты тел: 8 (7242) 27-73-17 арқылы ала аласыз.

Ұсынуға қажетті статистикалық нысандардың тізімін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті ww.stat.gov.kz сайтынан алуға болады және мұнда статистика органдарына респонденттермен ұсынылатын статистикалық нысандардың тізімін беру бойынша (жүгіртпе) модулі жұмыс жасайды.

Сонымен бірге, мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес алғашқы статистикалық деректерді ұсыну және алғашқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылуға әкеп соғатынын ескертеміз. 

Әкімшілік дереккөздердің / жергілікті атқарушы органдардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері және басқа да мемлекетік органдардың/ назарына. «Мемлекеттік статистика туралы» Заңның 16-бабына сәйкес, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге, уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыруға және шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігін қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар, әкімшілік дереккөздер уәкілетті органмен әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін келісуге, әкімшілік деректерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде өтеусіз негізде уәкілетті органға ұсынуға міндетті. Сонымен бірге, әкімшілік деректердің ұсыну тәртібін бұзу, атап айтқанда, әкімшілік көздің дәйексіз әкімшілік деректерді ұсынуы, әкімшілік көздің мемлекеттік статистика саласындағы уакілетті органға әкімшілік деректерді ұсынбауы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 499-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Мемлекеттік статистика туралы заңнамасын жетілдіру 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 24 мамырдағы Заңымен «Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, заңды күшіне 2018 жылдың 8 маусымынан енді.Заң жаңа 12-2-баппен толықтырылды және респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген мерзімдерде респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсынбағанын, сондай-ақ анық емес алғашқы статистикалық деректерді ұсынғанын анықтау түрінде жүзеге асырылады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда қорытынды ресімделеді, ол бұзушылықтар анықталған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде респондентке жіберіледі.Қорытынды респондентке қол қойғызып, жеке өзіне табыс етіледі немесе оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе ресми дереккөздерден алынған электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабармен не алғанын тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі.Респонденттің қорытындыны қабылдаудан бас тартуы одан әрі процестік әрекеттерді жасауға кедергі болып табылмайды. Қорытынды табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап екі жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.Осы ретте, қорытындыны белгіленген мерзімде орындамау уәкілетті органға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарына сәйкес әкімшілік іс жүргізуді қозғау құқығын береді.


                                                            

 

                    


 

 


 

 

 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: e.stat@economy.gov.kz
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2020
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter