.................................................................................................
Жоба бойынша жалпы ақпарат және құжаттар
2011 жылғы 27 желтоқсанда мемлекет Басшысы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы «Қарыз туралы Келісімді (ҚАЗСТАТ: Ұлттық статистика жүйесін нығайту Жобасы ) ратификациялау» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 520-520-IV Заңы).
Жобаның жалпы құны 22,9 млн. АҚШ долларын құрайды (3360 млн. теңге), оның 20 млн. АҚШ доллары (2938 млн. теңге) – Дүниежүзілік Банктің берген қарызы және 2,9 млн. АҚШ доллары (422 млн. теңге) – Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан бірлесіп қаржыландыру қаражаты.
Жоба статистиканың барлық саласында Агенттіктің қолданатын ақпараттық технологиялар, статистикалық инфрақұрылымдар, құралдар мен әдіснамаларды жетілдіру, кадрлық әлеуетті дамыту сияқты негізгі бағыттар бойынша Германия статқызметі басшылығындағы Финляндия, Чехия, Словакия, Оңтүстік Корея және Ресей статисткалық офистерінен тұратын Консорциуммен бірлесіп жүзеге асырылуда.
Жобаның негізгі мақсаты пайдаланушыларды сапалы статисткалық ақпараттармен қамтамасыз ету және халықаралық әдіснамалар мен озық тәжірибелерге сәйкес Қазақстанның статистикалық жүйесінің тиімділігін арттыру болып табылады.
Жобаны жүзеге асырудың негізгі нәтижелері болып еуропа елдерімен деңгейлес ұлттық статистикалық жүйені құру, озық халықаралық тәжірибелерді ендіру, пайдаланушылардың сапалы статистикалық ақпараттарға деген сұранысын қанағаттандыру деңгейін 80 % арттыру және кәсіпорындардың статистикалық есептілік нысанын толтыру мен ұсынуға кететін уақытты 40 % қысқарту табылады.
Ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Жобаның компоненттері туралы ақпарат
«Қазақстан Республикасының ұлттық статистика жүйесін нығайту» жобасы