Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ CТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІ

Соңғы деректер

 

Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер

Халық саны (2020 жылдың 1 тамызға, адам)

651 703

Жұмыссыздық деңгейі (2020 жылғы IІ тоқсандағы, %)

5,0

Орташа айлық жалақы* (2020 жылғы II тоқсандағы, теңге)

371 779

Инфляция (2020 жылғы тамыз 2019 жылғы желтоқсанға, %)

4,8

Инфляция (2020 жылғы тамыз 2019 жылғы тамызға, %)

7,0

*Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусыз.

Экономикалық салалардың өсу қарқыны (Нақты көлем индексі, %-бен)

Өнеркәсіп (2020 жылғы қаңтар-тамыз, 2019 жылғы қаңтар-тамызға, %)

100,7

Ауыл шаруашылығы (2020 жылғы қаңтар-тамыз, 2019 жылғы қаңтар-тамызға, %)

101,0

Құрылыс (2020 жылғы қаңтар-тамыз, 2019 жылғы қаңтар-тамызға, %)

109,0

Сауда (2020 жылғы қаңтар-тамыз, 2019 жылғы қаңтар-тамызға, %)

82,2

Көлік (2020 жылғы қаңтар-тамыз, 2019 жылғы қаңтар-тамызға, %)

94,8

Байланыс (2020 жылғы қаңтар-тамыз, 2019 жылғы қаңтар-тамызға, %)

100,5

    
   

 

Хабарландыру


Құрметті облыс тұрғындары!

 

«2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы №419 қаулысы қабылданып, 2020 жылғы 1-30 қазан аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын өткізу жоспарланған болатын.

Елдегі коронавирустық инфекцияның таралуына және карантиндік шектеулердің енгізілуіне байланысты қалыптасқан жағдайға қатысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұлттық халық санағын өткізу мерзімін 2021 жылғы қазанға ауыстыру туралы шешімі қабылданды.

Ұлттық халық санағын өткізу әдістері өзгеріссіз қалады, яғни 2021 жылдың 1-15 қазаны аралығында мамандандырылған sanaq.gov.kz сайтында интернет-сауалнама жүргізіледі, 1-30 қазан аралығында интервьюерлер планшетті пайдалана отырып электрондық санақ парақтарын толтыруы арқылы халыққа жаппай сауалнама жүргізетін болады.

2021 жылы ұлттық санақты дайындау және өткізу жөніндегі қажетті нормативтік құжаттар, іс-шаралар жоспары қайта бекітілгеннен кейін халық арасында түсіндірме жұмыстары кеңінен жүргізілетін болады.

 

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті

Атырау облысының Статистика департаменті

 

 

Хабарландыру


 

Құрметті пайдаланушылар!

          «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Атырау облысының статистика департаменті» РММ СOVID-19 пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында карантин енгізілуіне орай, Қазақстаннан шығу кезінде келушілерге бақылау-өткізу пункттерінде сауал салу бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқау (Н-060 "Келушілерді зерттеу сауалнамасы") жүргізу мерзімі 2020 жылғы 15 қарашаға ауыстырылды. «Атырау облысына келушілерді іріктеп зерттеу туралы» статистикалық бюллетенін жариялау мерзімі 2020 жылғы 17 қыркүйектен 2021 жылғы 15 қаңтарға ауыстырылды.  

 

Хабарландыру


Хабарландыру! 

«ҚР ҰЭМ Статистика комитеті Атырау облысының Статистика департаменті» РММ, өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша 2020 жылғы 15  маусым мен  24 шілде аралығында 10 адамды (Атырау қ. мен аудандар бойынша) үй шаруашылықтарын зерттеуге «Халықтың құқық қорғау органдарына сенімділік деңгейі» статистикалық байқауы бойынша интервьюерлер қабылдайтындығын хабарлайды.

Интервьюердің біліктілігіне қойылатын талаптар:

жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіптік немесе жалпы орта білім, жұмыс өтілі бойынша талаптарды ұсынусыз.

Қызметтік функциялары:

1.Статистикалық байқауларды жүргізуге дайындық

Мемлекеттік статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, статистикалық байқауларды жүргізуді регламенттейтін, әдістемелік және нұсқамалық құжаттарды, әдіснамалық және статистикалық құралдарды зерделеу. Статистикалық байқауға жататын үй шаруашылықтарының тізімдерін нақтылау және статистикалық байқау туралы ақпараттандыру, үй шаруашылықтарының арасында насихаттау-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын сақтау.

2.Статистикалық байқауларды жүргізу.

Бекітілген статистикалық нысандар бойынша үй шаруашылықтарына сауал салуды жүргізу. Статистикалық байқаулардың мақсаттарын түсіндіру және статистикалық нысандарды толтыру кезінде үй шаруашылықтарына консультация беру. Анықталған кемшіліктерді түзету және қосымша сұрақтар бойынша статистикалық байқаулардың  материалдарын нақтылау үшін үй шаруашылықтарына қайтадан бару. Үй шаруашылықтарынан алынған деректерге логикалық бақылау жүргізу. Үй шаруашылықтарынан алынған деректерді қалыптастыруға, өңдеуге дайындау.

Жеке құзыреттеріне қойылатын талаптар

Детальдарға мұқият болу. Нормативтілік. Көпшілдік. Ықпал ету. Ауызша және жазбаша коммуникация.  Жауапкершілік. Әдептілік нормаларын ұстану. Нәтижеге бағдарлану. Клиентке бағдарлану.

 

Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға: Атырау қаласы, Махамбет көшесі, 116 б, №14 кабинетке хабарласуға болады, анықтама телефондары: (8-7122) 32-39-58, факс: (8-7122) 32-42-95, электрондық мекенжайы: M.Kurmanbayeva@economy.gov.kz

 

 

Хабарландыру


  «ҚР ҰЭМ Статистика комитеті Атырау облысының Статистика департаменті» РММ, еңбек шарты бойынша 2020 жылғы 15 маусым мен 15 қараша аралығында 37 адамды (Атырау қ. мен аудандар бойынша) ұлттық халық санағын дайындау және өткізу бойынша уәкілдердің (С2 немесе СЗ буыны) бос лауазымына қабылдайтындығын хабарлайды.

 

Жалақы мөлшері: С2 буыны бойынша – 79 813 теңнеден 94 024 теңгеге дейін (біліктілік деңгейі жоғары мамандар үшін), С3 буыны бойынша – 64 435 теңгеден 71 637 теңгеге дейін (біліктілік деңгейі орта мамандар үшін).

Кәсіптік білім деңгейі: Жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жалпы орта білім, жұмыс өтілі бойынша талаптарды қоюсыз.

Қызметтік функциялары:

1. Ұлттық санақтарды жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Дайындық іс-шаралары мен алғашқы статистикалық деректер жинауды қамтитын жұмысты ұйымдастыру. Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау. Алғашқы статистикалық деректерді ұсынудың анықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету процесін бақылау. Жұмыста ДК, планшетті, офистік көшірмелеуді, аудио және бейне техниканы пайдалану. Жұмысты ұйымдастыру процесін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын сақтау.

2. Нұсқаушы-бақылаушыларды және интервьюерлерді іздеу, іріктеу және оқыту.

Планшет, интернет-ресурс немесе қағаз жеткізгіштер арқылы санақ деректерінің базасына алғашқы статистикалық деректерді жинау және енгізу мәселелері бойынша нұсқаушы-бақылаушылар-мен және интервьюерлермен оқыту жүргізу. Жазбаша түрде ақпаратты алу, өңдеу және беру. Қажетті ақпаратты ұсыну. Әдіснамалық және нұсқамалық құжаттармен жұмыс. Жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу және процестерді үнемі жақсарту бойынша ұсынымдар беру.

Жеке құзыреттеріне қойылатын талаптар:

Көшбасшылық. Талдамалық пайымдау. Кәсіпқойлық. Нормативтілік. Ықпал ету. Жоспарлау және ұйымдастыру. Жауапкершілік. Нәтижеге бағдарлану. Командада жұмыс. Ауызша және жазбаша коммуникация Әдептілік нормаларын ұстану. Эмпатия. Клиентке бағдарлану.

 

Анықтама телефондары: 8 (7122) 32-42-56, 8 (7122) 35-40-35.

Түйіндеме atyraustat@bk.ru электрондық поштасы арқылы немесе қолма-қол Махамбет көшесі, 116б, 15 бөлме мекен-жайы бойынша қабылданады.

  

 Хабарландыру


Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар, олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сай алғашқы статистикалық деректерді статистика органдарына ұсынуға міндетті.

 

2019 жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспары мен респонденттердің жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық  деректерді ұсыну графигі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми сайтының (www.stat.gov.kz) "Негізгі" бетіндегі "негізгі құжаттар" айдарында электронды түрде қол жетімді. Сонымен қатар, статистика органдарына тапсыру үшін жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандардың тізбесін сайттың "Жеке кабинет" айдарынан немесе "Респонденттің кабинеті" бөлімінен тіркеусіз алуға болады.

"Статистикалық есептерді онлайн режимде қабылдау" АЖ-нің енгізілуіне байланысты респонденттерге есептілікті электрондық түрде тапсыру мүмкіндігі берілді. Қазіргі таңда 130-дан астам статистикалық есептілік онлайн режимінде ұсынуға қол жетімді. Бұл жүйе респонденттерге статистика органдарына келмей, статистикалық есептерді электронды түрде тапсыруға, яғни респонденттерге түсетін жүктемені азайтуға, уақытты, қаржылық, еңбек және көліктік шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Респонденттер тарапынан алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібі бұзылған жағдайда "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабына сәйкес төмендегідей әкімшілік жаза қолдану көзделгендігін сіздердің назарларыңызға береміз.

Анық емес алғашқы статистикалық деректер ұсынылған жағдайда ескерту беріледі, ал алғашқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда:

жеке тұлғаларға - 10 АЕК (айлық есептік көрсеткіш);

лауазымды адамдарға, коммерциялық емес ұйымдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - 14 АЕК;

орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 20 АЕК;

орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 20 АЕК;

ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 120 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады. 

Ескертпе:

2019 жылға айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 2525 теңге құрайлы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті Атырау облысының статистика департаменті.      

 

Интервьюерлер тізімі

      Тандалған статистикалық байқаулар үшін интервьюерлер тізімі

      Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы →

 

 Іріктемелер


2020 жылдың IІІ тоқсанына 2-қызмет көрсету "Көрсетілген қызметтер көлемі туралы есеп" нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі. Тапсыру мерзімі 26.10.2020 ж (қоса алғанда) дейін.

2020 жылдың IІІ тоқсанына 2-МП "Шағын кәсіпорын қызметі туралы есеп" нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі. Тапсыру мерзімі 25.10.2020 ж (қоса алғанда) дейін.

2020 жылғы тамыз айындағы 2-сауда "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп"нысаны  бойынша  іріктеме. Ұсыну мерзімі - есепті кезеңнен кейінгі 3-күнге (қоса алғанда) дейін.

2020 жылғы шілде айындағы 2-сауда "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп"нысаны  бойынша  іріктеме. Ұсыну мерзімі - есепті кезеңнен кейінгі 3-күнге (қоса алғанда) дейін.

2020 жылғы маусым айындағы 2-сауда "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп"нысаны  бойынша  іріктеме. Ұсыну мерзімі - есепті кезеңнен кейінгі 3-күнге (қоса алғанда) дейін.

2020 жылдың  IIІ тоқсанына КП-001 "Өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы" нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі. Тапсыру мерзімі 25.06.2020 ж (қоса алғанда) дейін.

2020 жылдың  ІII тоқсанына КС-001 "Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы" нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі. Тапсыру мерзімі 25.06.2020 ж (қоса алғанда) дейін.

2020 жылдың III тоқсанына КС-002 "Құрылыс ұйымдарының қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы" нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі. Тапсыру мерзімі 25.06.2020 ж (қоса алғанда) дейін.

2020 жылдың  III тоқсанына КСВ-1 "Байланыс кәсіпорындарының қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы" нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі. Тапсыру мерзімі 25.06.2020 ж (қоса алғанда) дейін.

2020 жылдың  IІI тоқсанына КТ-001 "Сауда кәсіпорындарының қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы" нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі. Тапсыру мерзімі 25.06.2020 ж (қоса алғанда) дейін.

2020 жылдың  ІII тоқсанына КТР-1 "Көлік кәсіпорындарының қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы" нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі. Тапсыру мерзімі 25.06.2020 ж (қоса алғанда) дейін.

2020 жылдың  IІI тоқсанына КТУ-001 "Туристік ұйымдардың қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы"  нысаны бойынша есеп беретін кәсіпорындардың тізімі. Тапсыру мерзімі 25.06.2020 ж (қоса алғанда) дейін.


 

 

 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: e.stat@economy.gov.kz
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2020
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter