Атырау облысындағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы
2020 жылғы 1 қаңтарға жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 50239 бірлікті құрады, оның ішінде заңды тұлғалар - 8177, дара кәсіпкерлер - 39001 және шаруа қожалықтары - 3061. Өткен жылғы сәйкес кезең мәліметтерімен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 0,6% көбейді.
Жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлердің ең көп саны Атырау қаласында (69,9% жалпы санынан), Жылыой (12,5%) және Құрманғазы (3,7%) аудандарында шоғырланған. Жұмыс істеп тұрған шаруа (фермер) қожалықтарының едәуір саны Атырау қаласында (18%), Құрманғазы (20,7%), және Махамбет (15,8%) аудандарында белгіленген.
Шағын және орта кәсіпкерліктегі жұмыс істеп тұрған субъектілерінің едәуір саны көтерме және бөлшек сауда, көлік және мотоцикл жөндеуде 31,3% тіркелді.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыс істеп тұрған ШОК субьектілерінің құрылымы
пайызбен
2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өнім шығарылымы 1608,3 млрд. теңгені құрады. Өткен жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда өнім шығарылымы (салыстырмалы бағаларда) 29,4% азайды.
ШОК-та жұмыспен белсенді қамтылғандар саны 2020 жылғы 1 қазанға 126,7 мың адамды құрады, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандар саны– 61,6 мың адам (48,6%), дара кәсіпкерлікте – 60,7 мың адам (47,9%), шаруа (фермер) қожалықтарында – 4,4 мың адам (3,5%).
www.stat.gov.kz / Өңірлер/ Атырау облысы /Жаңалықтар
Орындаушы:
Күзембаева Л.Н.
Тел. +7 7122 32 39 62
Басқарма басшысы:
Мекенжай:
060007, Атырау қаласы
Махамбет көшесі, 116 «б»
© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті