2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда Атырау облысындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу көлемі
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда бөлшек сауда көлемі 305502,3 млн. теңге құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (салыстырмалы бағамен) 4,7% кеміді.
Жеке меншік кәсіпорындардың және жеке кәсіпкерлердің тауар өткізу айналымы 289480,9 млн. теңге (94,8%), басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғаларының және азаматтарының меншігінен 16021,4 млн. теңге (5,2%) құрады.
Өткізу арналары бойынша бөлшек сауда
өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыстың көтерме сауда көлемі 2336998,2 млн. теңге құрап, 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда 14,9% кеміді.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда бөлшек сауда көлемінің кемуі өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда Атырау қ.ә. (4,3%) және облыстың барлық аудандарында (Жылыой 6,8%, Индер 7,1%, Исатай 8,8%, Құрманғазы 7,2%, Қызылқоға 8,3%, Мақат 8,8%, Махамбет 8,7%) байқалды.
www.stat.gov.kz/Өңірлер/Атырау облысы/Жаңалықтар
Орындаушы:
Ерниязова А.М.
Тел. +7 (7122) 321-342
Басқарма басшысы:
Мекенжай:
060007, Атырау қаласы
Махамбет көшесі, 116 «б»
© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті