Атырау облысындағы тұрғын үй құрылысы
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда тұрғын үй құрылысына 50 млрд. теңге инвестиция жұмсалды, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 31,4% кем. Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар және тұрғындар жалпы ауданы 836,5 мың шаршы метр 5984 жаңа пәтер салды, ол 2019 жылғы қаңтар-желтоқсаннан 10,4% кем.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің
жалпы ауданының нақты көлем индексі
өткен жылғы тиісті айға пайызбен
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыстың төрт ауданында тұрғын үйдің көлемі 2019 жылғы қаңтар-желтоқсандағы деңгейден жоғары: Мақат (47%), Индер (6%), Қызылқоға (2,6%) және Құрманғазы (1,1%). Салынған тұрғын үй көлемінің төмендеуі Атырау қ.ә. (4,1%), Махамбет (46,1%), Жылыой (36,9%) және Исатай (14,7%) аудандарында байқалды.
Облыста іске қосылған тұрғын үй көлемінде Атырау қ.ә. (75,2%), Жылыой (10,4%) және Индер (4,1%) аудандары қомақты үлес салмағына ие.
Облыстағы тұрғын үй құрылысының негізгі қаржыландыру көзін құраған салушылардың меншікті қаражаты болды, іске қосылған тұрғын үйдің жалпы көлемінің едәуір бөлігін (57,5%) халық игеріп отыр.
Тұрғын үй құрылысының құны. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы ауданының шаршы метрінің орташа құны 139,1 мың теңге және халық салған тұрғын үйдің шаршы метрі 49,8 мың теңге болды.
www.stat.gov.kz/Өңірлер/ Атырау облысы/Жаңалықтар
Орындаушы:
А. Құрманова
Тел. +7 7122 328427
Мекенжай:
060007, Атырау қаласы
Махамбет көшесі, 116 «б»
© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті