Атырау облысындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 3330,8 млрд. теңге болды, ол жалпы республика көлемінде 26,9% құрап, 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 24,3% кеміді.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар
өткен жылғы тиісті айға пайызбен
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда инвестицияның өсуі 2019 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда Атырау қ.ә. және облыстың екі ауданында байқалды. Өсім Атырау қ.ә. (29,9%), Индер (2,2 есе) және Қызылқоға (31,2%) аудандарында орын алды. Инвестицияның төмендеуі Мақат (59,9%), Исатай (35,6%), Құрманғазы (31,5%), Жылыой (30,6%) және Махамбет (4,8%) аудандарында байқалды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі қызмет көлемін жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар (93,5%) және облыс аумағында қызмет атқаратын басқа да мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері (3,1%) игерді. Мемлекеттік сектор үлесі 3,4% құрады.
Мұнай және табиғи газ өндіру (негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 81,1%), көлік және қоймалау (3,5%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (1,6%) басым салалар болып табылады.
www.stat.gov.kz/Өңірлер/ Атырау облысы/Жаңалықтар
Орындаушы:
А. Құрманова
Тел. +7 7122 328427
Мекенжай:
060007, Атырау қаласы
Махамбет көшесі, 116 «б»
© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті