Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,8% кеміді
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда Атырау облысының өнеркәсіп кәсіпорындары арқылы 5114 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылғы салыстырмалы кезең деңгейінен 5,8% кем.
Облыста өнеркәсіп өндірісінің құрылымында қомақты үлесті тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу иеленіп, 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда оның көлемі 4490 млрд. теңгені құрады. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыста 46746,8 мың тонна мұнай, 24211,8 млн.тк.м. жолай мұнайгаз және 3779 мың тонна күкірт өндірілді.
2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында өңдеу өнеркәсібінде 530 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өндіріс көлемінің төмендеуі кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіруде (0,6%) байқалды.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау» және «Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметі» түріндегі кәсіпорындар арқылы 94 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіптік сипаттағы қызмет көрсетілді, бұл облыстық өнеркәсіп өндірісі көлемінің 1,8% құрады. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында кәсіпорындар арқылы 6495,3 млн. кВт электр қуаты, 7454,8 мың Гкал жылу қуаты және 64056,8 мың тк. м ауыз суы өндірілді.
www.stat.gov.kz/Өңірлер/Атырау облысы /Жаңалықтар
Орындаушы:
Қуанова Г.
Тел. (7122) 32-49-22
Мекенжай:
060007, Атырау қаласы
Махамбет көшесі, 116 «б»
© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті