2020 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Атырау облысының көлік кәсіпорындары жұмыстарының негізгі көрсеткіштері
2020 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Атырау облысы бойынша (коммерциялық тасымалмен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк тасымалдау көлемін қоса алғанда) 142859,9 мың тонна жүк тасымалданды, бұл 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айымен салыстырғанда 18,6% кеміді.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсандағы автомобиль көлігімен (коммерциялық тасымалмен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпорындардың жүк тасымалдау көлемін қосқанда) 42652 мың тонна жүк тасымалданып, 2019 жылғы қаңтар-желтоқсан айымен салыстырғанда 30,8% кеміді. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда құбыр жолымен 100207,9 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айымен салыстырғанда 12,1% кем. Автомобиль көлігінің жүк айналымы 13922,9 млн. ткм, құбыр жолы – 36233,9 млн. ткм құрады.
2020 жылдың қаңтар-желтоқсанда айында облыс көліктерімен 72342,6 мың жолаушы тасымалданды. 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айымен салыстырғанда жолаушылар тасымалы 62,4% кеміді. Көлік жолаушыларының айналымы 854 млн. жкм құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-желтоқсаннан 51,7% кем.
Автокөлік түрлері бойынша жүк тасымалдау
өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
www.stat.gov.kz/Өңірлер / Атырау облысы /Жаналықтар
Орындаушы:
Сдыхова М.
Тел. +7 (7122) 321-342
Басқарма басшысы:
Ерниязова А.М.
Мекенжай:
060007, Атырау қаласы
Махамбет көшесі, 116 «б»
© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті