2020 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Атырау облысының байланыс кәсіпорындары жұмыстарының негізгі көрсеткіштері
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда электр байланыс кәсіпорындарының қызмет көрсету көлемі 13858,3 млн. теңге құрады, бұл 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айымен салыстырғанда 0,3% артық (салыстырмалы бағамен).
Жалпы түсім сомасынан, өзге де электр байланыс қызметтерінің түсімі – 37%, Интернет – 37,2%, қалалық (жергілікті) телефон байланысы – 9%, сымсыз желілері және спутник, кабельді инфрақұрылым арқылы бағдарламаларды тарату қызметтері – 9,9%, деректерді беру саласының қызметі – 2%, қалааралық және халықаралық байланыс – 4,2%, ұтқыр байланыс – 0,7% құрады.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда пошталық және курьерлік қызметтердің көлемі 553,6 млн. теңгені құрап, 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айымен салыстырғанда 14,2% кем болды.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда байланыс қызметінен түскен табыстар
млн. теңге
Халыққа электр байланыс қызметін көрсетуден 5950,9 млн. теңге, пошталық және курьерлік байланыс қызметтерінен 229,4 млн. теңге табыс түсті, электр байланыс қызметтері 2019 жылғы сәйкес кезеңнен 0,5%, ал пошталық және курьерлік байланыс қызметтері 4% кеміді.
Халыққа көрсетілген электр байланыс қызметінен түскен табыс сомасынан қалааралық және халықаралық 7,6%, қалалық (жергілікті) телефон байланысы – 14,9%, Интернет – 42,7%, сымсыз желілері және спутник, кабельді инфрақұрылым арқылы бағдарламаларды тарату қызметтері – 22,4%, өзге де электр байланыс қызметтері – 12,4% құрады.
www.stat.gov.kz/ Өңірлер / Атырау облысы/ Жаңалықтар
Орындаушы:
Халыққызы Д.
Тел. +7 7122 321342
Басқарма басшысы:
Ерниязова А.М.
Мекенжай:
060007, Атырау қаласы
Махамбет көшесі, 116 «б»
© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті