Студенттер саны 5,8 % кеміді
2020/2021 оқу жылының басында облыста өз алдына жеке 3 жоғары оқу орыны жұмыс жасады. Ондағы студенттер саны 12407 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 5,8% кеміді. 2020 жылы облыста жоғары оқу орындарына оқуға қабылданған студенттер саны 2019 жылмен салыстырғанда 17% кеміді.
Жоғары оқу орындарының қызметі
мың адам
Мемлекеттік оқу орнында ақылы негізде 6063 студент білім алуда. Бұл мемлекеттік жоғары оқу орнында оқитындардың 84,1% немесе ақылы оқитындардың жалпы санының 57,7% құрады.
2020/2021 оқу жылында студенттердің барлығы (100%) бакалавриат бағдарламасы бойынша дәріс алады. Бакалаврда оқитын әйелдер үлесі жалпы студенттер санының 48,2% құрады. 2020 жылы жоғары оқу орнын бітірген мамандар саны 2019 жылмен салыстырғанда 4,2% кеміді. 2020 жылы барлық бітірушілердің 100% бакалавр дипломын алды.
Бакалавр оқуда қалаған мамандықтардың басым көпшіліктері «Техникалық ғылымдар және технологиялар» - 14,9%, «Білім» - 28,7%, «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» - 18,8%, «Әлеуметтік ғылымдар» - 0,9% және «Бизнес, басқару және құқық» - 10,9% болды.
Оқу жылының басында облыстың жоғары оқу орындарындағы профессорлық-оқытушылық құрам саны 651 адамды құрады, одан басқа 107 адам келісім қызметті қоса атқарушылықпен жұмыс жасады. Өткен жылмен салыстырғанда облыстың жоғары оқу орындарының штат кестесіндегі персоналдар саны 8,1% азайды. Профессорлық-оқытушылық құрамы 87 доценттен, 168 ғылым кандидатынан, 39 профессордан және 39 ғылым докторынан құралды. Жалпы оқытушылық құрамның 75,4% әйелдер құрайды, оның 13,2% - доцент, 23,8% - ғылым кандидаты, 3,6% - профессор, 2,4% - ғылым докторы.
www.stat.gov.kz / Өңірлер / Атырау облысы / Жаналықтар.
Орындаушы:
М.Курманбаева
Тел. +7 7122 32-39-58
Басқарма басшысы:
М.Акимова
Мекенжай:
060007, Атырау қаласы
Махамбет көшесі, 116 «б»
© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының