2020 жылғы желтоқсандағы Атырау облысындағы инфляция деңгейі
2020 жылғы желтоқсанды өткен аймен салыстырғанда баға азық-түлік тауарларына 1,8%, азық-түлік емес тауарларына - 0,7%, ақылы қызметтерге - 0,2% жоғарылады.
пайызбен, өсуі+,
2020 жылғы желтоқсан
2019 жылғы желтоқсанға
2020 жылғы
қарашаға
Тауарлар мен қызметтер
1,0
7,8
6,8
Азық-түлік тауарлары
1,8
12,6
10,2
Азық-түлік емес тауарлары
0,7
5,3
4,9
Ақылы қызметтер
0,2
3,9
4,1
Өткен айда орташа баға өсімі жұмыртқаға 13%, құмшекерге - 10%, макарон өнімдеріне - 5,5%, жемістер мен көкөністерге - 5%, жармаға - 3,2%, май және тоң майға - 3%, нанға - 2,8%, ұнға, сүт өнімдеріне, балық және теңіз өнімдеріне - 0,6%-дан, алкогольсіз ішімдіктерге - 0,4% белгіленді. Баға төмендеуі күрішке 0,5% белгіленді.
Баға өсімі кілемдер және еденге арналған басқа да жабындарға 3,3%, жиһаз және үйге қажетті тұрмыстық аспаптарға - 1,9%, жуғыш және тазалағыш заттарға, автомобильдерге - 1,4%-дан, киім және аяқкиімге - 0,6%, фармацевтикалық өнімге - 0,5% құрады.
Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы 9,9%, мейрамханалар мен қонақүйлер қызметтері 1,9% өсті.
Тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулерге бағаның өзгеруі
өткен айға пайызбен, өсуі+
www.stat.gov.kz /Өңірлер / Атырау облысы/ Жаңалықтар
Орындаушы:
Уттибаева Ж.Х.
Тел. +7 7122 354249
Басқарма басшысы:
Баймухашева З.Т.
Мекенжай:
060007, Атырау қаласы
Махамбет көшесі, 116 «б»
© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті