Атырау облысындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар
2020 жылғы қаңтар-қарашада негізгі капиталға салынған инвестициялар 2991,8 млрд. теңге болды, ол жалпы республика көлемінде 28,2% құрап, 2019 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 23,1% кеміді.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар
өткен жылғы тиісті айға пайызбен
2020 жылғы қаңтар-қарашада инвестицияның өсуі 2019 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда Атырау қ.ә. және облыстың үш ауданында байқалды. Өсім Атырау қ.ә. (62,9%), Қызылқоға (37,5%), Индер (9,8%) және Махамбет (4,9%) аудандарында орын алды. Инвестицияның төмендеуі Мақат (66,2%), Құрманғазы (55,5%), Исатай (45,5%) және Жылыой (29,2%) аудандарында байқалды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі қызмет көлемін жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар (94%) және облыс аумағында қызмет атқаратын басқа да мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері (3,1%) игерді. Мемлекеттік сектор үлесі 2,9% құрады.
Мұнай және табиғи газ өндіру (негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 84,6%), көлік және қоймалау (2,7%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (1,6%) басым салалар болып табылады.
www.stat.gov.kz/Өңірлер/ Атырау облысы/Жаңалықтар
Орындаушы:
А. Құрманова
Тел. +7 7122 328427
Мекенжай:
060007, Атырау қаласы
Махамбет көшесі, 116 «б»
© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті