2020 жылғы қаңтар-қазандағы Атырау облысының көлік кәсіпорындары жұмыстарының негізгі көрсеткіштері
2020 жылғы қаңтар-қазандағы Атырау облысы бойынша (коммерциялық тасымалмен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк тасымалдау көлемін қоса алғанда) 120073,8 мың тонна жүк тасымалданды, бұл 2019 жылдың қаңтар-қазан айымен салыстырғанда 16% кеміді.
2020 жылғы қаңтар-қазандағы автомобиль көлігімен (коммерциялық тасымалмен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпорындардың жүк тасымалдау көлемін қосқанда) 33548,8 мың тонна жүк тасымалданып, 2019 жылғы қаңтар-қазан айымен салыстырғанда 31,1% кеміді. 2020 жылғы қаңтар-қазанда құбыр жолымен 86525 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2019 жылдың қаңтар-қазан айымен салыстырғанда 8,2% кем. Автомобиль көлігінің жүк айналымы 10526,8 млн. ткм, құбыр жолы – 31471,9 млн. ткм құрады.
2020 жылдың қаңтар-қазан айында облыс көліктерімен 64154,9 мың жолаушы тасымалданды. 2019 жылдың қаңтар-қазан айымен салыстырғанда жолаушылар тасымалы 59% кеміді. Көлік жолаушыларының айналымы 668,6 млн. жкм құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-қазаннан 51,8% кем.
Автокөлік түрлері бойынша жүк тасымалдау
өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
www.stat.gov.kz/Өңірлер / Атырау облысы /Жаңалықтар
Орындаушы:
Сдыхова М.
Тел. +7 (7122) 321-342
Басқарма басшысы:
Ерниязова А.М.
Мекенжай:
060007, Атырау қаласы
Махамбет көшесі, 116 «б»
© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі