2020 жылғы қаңтар-қазанда Атырау облысындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу көлемі
2020 жылғы қаңтар-қазанда бөлшек сауда көлемі 245933,7 млн. теңге құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (салыстырмалы бағамен) 6,1% кеміді.
Жеке меншік кәсіпорындардың және жеке кәсіпкерлердің тауар өткізу айналымы 233684,3 млн. теңге (95%), басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғаларының және азаматтарының меншігінен 12249,4 млн. теңге (5%) құрады.
Өткізу арналары бойынша бөлшек сауда
өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен
2020 жылғы қаңтар-қазанда облыстың көтерме сауда көлемі 1832997,3 млн. теңге құрап, 2019 жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда 18,4% кеміді.
2020 жылғы қаңтар-қазанда бөлшек сауда көлемінің кемуі өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда Атырау қ.ә. (5,9%) және облыстың барлық аудандарында (Жылыой 6,1%, Индер 7,8%, Исатай 8,9%, Құрманғазы 8%, Қызылқоға 8,7%, Мақат 8,8%, Махамбет 9%) байқалды.
www.stat.gov.kz/Өңірлер/Атырау облысы/Жаңалықтар
Орындаушы:
Кенжиева Р.С.
Тел. +7 (7122) 322-729
Басқарма басшысы:
Ерниязова А.М.
Тел. +7 (7122) 321-342
Мекенжай:
060007, Атырау қаласы
Махамбет көшесі, 116 «б»
© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі