Атырау облысындағы тұрғын үй құрылысы
2020 жылғы қаңтар-қазанда тұрғын үй құрылысына 34,7 млрд. теңге инвестиция жұмсалды, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 44,7% кем. Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар және тұрғындар жалпы ауданы 614,6 мың шаршы метр 4716 жаңа пәтер салды, ол 2019 жылғы қаңтар-қазаннан 11,6% кем.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің
жалпы ауданының нақты көлем индексі
өткен жылғы тиісті айға пайызбен
2020 жылғы қаңтар-қазанда облыстың екі ауданында тұрғын үйдің көлемі 2019 жылғы қаңтар-қазандағы деңгейден жоғары: Мақат – 46,6% және Құрманғазы – 15,5%. Салынған тұрғын үй көлемінің төмендеуі Атырау қ.ә. (11,1%), Махамбет (28,7%), Жылыой (20,6%), Исатай (11,8%), Қызылқоға (8,1%) және Индер (0,9%) аудандарында байқалды.
Облыста іске қосылған тұрғын үй көлемінде Атырау қ.ә. (74,4%), Жылыой (10,7%) және Индер (4,7%) аудандары қомақты үлес салмағына ие.
Облыстағы тұрғын үй құрылысының негізгі қаржыландыру көзін құраған салушылардың меншікті қаражаты болды, іске қосылған тұрғын үйдің жалпы көлемінің едәуір бөлігін (70,4%) халық игеріп отыр.
Тұрғын үй құрылысының құны. 2020 жылғы қаңтар-қазанда көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы ауданының шаршы метрінің орташа құны 115,8 мың теңге және халық салған тұрғын үйдің шаршы метрі 49,8 мың теңге болды.
www.stat.gov.kz/Өңірлер/ Атырау облысы/Жаңалықтар
Орындаушы:
А. Құрманова
Тел. +7 7122 328427
Мекенжай:
060007, Атырау қаласы
Махамбет көшесі, 116 «б»
© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті