Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

2019 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

ТҰРМЫС ДЕҢГЕЙІ

2019 жылғы III тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 221263 теңгені құрады. 2018 жылғы III тоқсанмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар 14,9% жоғары, ал нақты ақшалай табыстар көрсетілген кезеңде 8,9%  жоғарылады.

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2019 жылғы желтоқсанның соңына 6108 адамды  құрады немесе жұмыс күші санына 1,8%.

2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 336502 теңгені құрады. 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 15% өсті. Нақты жалақы индексі 108,7% құрады. 

БАҒА

Тұтыну бағасының индексі 2019 жылғы желтоқсанды 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,7% құрады. Баға азық түлік тауарларына 8,6%, азық-түлік емес тауарларына - 4,8%, ақылы қызметтерге  - 3% өсті. Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2019 жылғы желтоқсанды 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 6,4% төмендеді.

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА 

2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы бағаларда 5758,1 млрд. теңгені құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі – 56%, қызмет көрсету – 34,5% құрады.

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4334,2 млрд. теңгені құрады, бұл  2018 жылға қарағанда 9,4% артық. 

САУДА 

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Сауда (көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу)» саласы бойынша нақты көлем индексі 139,1% құрады.   

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда бөлшек сауда көлемі 299357,9 млн. теңгені немесе 2018 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 0,2% артық (салыстырмалы бағада).

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда көтерме сауда көлемі 2904386 млн. теңгені немесе 2018 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 45,8% артық (салыстырмалы бағада). 

ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 7904330 млн. теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 4,7% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 4,7%, өңдеу өнеркәсібінде – 7,3%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауа баптауда – 46,2% артты. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда өндіріс көлемі  7,8%  төмендеді.

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл, орман және балық  шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің)  жалпы өнімінің көлемі 80072,3 млн. теңгені құрап, 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 2,7% өсті.

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 103,1% құрады.

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда жүк айналымының көлемі 65858,5 млн. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2018 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 7,9% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 1767,7 млн. жкм құрап, 23,5% артты. 

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2020 жылғы 1 қаңтарға 12828 бірлікті құрады. Осы кезең ішінде жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 9453 бірлік құрады.      

ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ

2019 жылғы III тоқсанда кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы нәтижесі 898,6 млрд. теңге табыс ретінде қалыптасты, бұл 2018 жылғы сәйкес кезеңдегі деңгейден 6,2% жоғары. Пайдалылық деңгейі 61% құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 26,6%.

         

 

www.stat.gov.kz/ Өңірлер/ Атырау  облысы/ Жаңалықтар 

Орындаушы:

Маңғыбаева А.Т.

Тел. (7122) 32-85-76

Басқарма басшысы:

Серікова А.Р.

Тел. (7122) 32-85-76

Мекенжай:

060007, Атырау қаласы

Махамбет көшесі, 116 «б»

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті

Атырау облысының статистика департаменті

 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: e.stat@economy.gov.kz
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2020
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter