Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті Интернет-ресурсыСтатистика комитеті Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

2021 жылғы қаңтар-тамыздағы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

ТҰРМЫС ДЕҢГЕЙІ

 

2021 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 248504  теңгені құрады. 2020 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар 12,7% өсіп, ал нақты ақшалай табыстар көрсетілген кезеңде 5%  жоғарылады.

 

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ

 

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2021 жылғы тамыздың соңына 13405 адамды құрады немесе жұмыс күші санына 4%.

2021 жылғы қаңтар-маусымда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 403698 теңгені  құрады.  2020 жылғы қаңтар-маусымға  қарағанда 8,6% өсті. Нақты жалақы индексі 100,8% құрады.

 

БАҒА

 

Тұтыну бағасының индексі 2021 жылғы тамызды 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 106,1%  құрады.  Баға азық-түлік тауарларына 7,2%, азық-түлік емес тауарларына - 5,6%, ақылы қызметтерге - 5,1% өсті. Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2021 жылғы тамызды 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда   68,1% өсті.           

 

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА

 

2021 жылғы қаңтар-наурызда жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы бағаларда  2330,7 млрд. теңгені құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі – 60%, қызмет көрсету – 34,3% құрады.

2021 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі  1889,1 млрд. теңгені құрады, бұл  2020 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 16,8% кем.

 

САУДА

 

2021 жылғы қаңтар-тамызда «Сауда (көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу)» саласы бойынша нақты көлем индексі 140,7% құрады.   

2021 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек сауда көлемі 212272,9 млн. теңгені құрады немесе  2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 3% өсті (салыстырмалы бағада).

2021 жылғы қаңтар-тамызда көтерме сауда көлемі 2279689,3 млн. теңгені құрады немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 45,4% өсті (салыстырмалы бағада).

 

ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ

 

2021 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 5115874,5 млн. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 5,8% кем. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 7,1% кеміді. Өңдеу өнеркәсібінде – 0,5%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 5%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте өндіріс көлемі – 36,2% артты.

2021 жылғы қаңтар-тамызда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің)  жалпы өнімінің көлемі 52715,8 млн. теңгені құрап, бұл  2020 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 1,2% артық.

2021 жылғы қаңтар-тамызда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 118,7% құрады.

2021 жылғы қаңтар-тамызда жүк айналымының көлемі 31224,1 млн. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 13,1% өсті. Жолаушылар айналымының көлемі 652,3 млн. жкм құрап, 30,3% артты.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2021 жылғы 1 қыркуйекке 13709 бірлік құрады. Осы кезең ішінде жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 10093 бірлік құрады.

 

ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ

 

2021 жылғы I тоқсанда кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы нәтижесі 844,5 млрд. теңге табыс ретінде қалыптасты, бұл 2020 жылғы сәйкес кезеңдегі деңгейден 48% жоғары. Пайдалылық деңгейі 56% құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 33,3%.

 

 

 

 

 

www.stat.gov.kz/Өңірлер/Атырау облысы/Жаңалықтар

 

Орындаушы:

Сабирова Н.У.

Тел. +7(7122) 32 85 76

Басқарма басшысы:

Серікова А.Р.

Тел. +7(7122) 32 85 76

Мекенжай:

060007, Атырау  қаласы  Махамбет көшесі, 116 «б»

© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті

 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: e.stat@aspire.gov.kz
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
-
e-mail:-
Ұлттық статистика бюросы
2021
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter