Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті Интернет-ресурсыСтатистика комитеті Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

.................................................................................................

.................................................................................................

.................................................................................................

.................................................................................................

жаңа терезеде ашу

Басшылық

Департамент басшысы

G.K

Мұханғалиева Галя Кәшуқызы                   

1961 жылы 20 мамырда Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Зормата селосында дүниеге келген. 1982 жылы «Ауылшаруашылығындағы бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша Қазақ ССР-ы ауылшаруашылық Министрлігінің Гурьев ауылшаруашылық техникумын, 1988 жылы «Статистика» мамандығы бойынша Алматы халық шаруашылығы институтын үздік тәмамдаған.

Еңбек жолын 1978 жылы Гурьев облыстық кинофильм жалға беру конторының қойма жұмысшысынан бастаған.

Статистика саласындағы еңбек жолын 1982 жылы ауылшаруашылық статистика және дайындама бөлімінің қатардағы экономист лауазымынан бастап, 1983 жылы осы аталған бөлімнің аға экономист лауазымына көтеріліп, 1990 жылы Баға тіркеу және халық шаруашылығы тариф бөлімінің бюро басшысы, 1991 жылы Макроэкономикалық көрсеткіштер жиынтық және баланс жұмыстары және баға индексін есептеу бөлімінің бастығы, 1999 жылы Атырау облыстық статистикалық ақпарат орталығы бастығының орынбасары, 2001 жылы Атырау облыстық статистикалық ақпарат орталығының бастығы, 2005 жылы Атырау облысының Статистика басқармасы бастығының орынбасары, 2012 жылы Атырау облысының Статистика департаментінің басшысы, 2014 жылдың қараша айынан 2020 жылдың қараша айына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Атырау облысының Статистика департаментінің басшысы қызметтерін атқарған. 2020 жылдың 6 қарашасынан бастап күні бүгінге дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымында жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 5 тамыздағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №362-ж бұйрығымен «Статистика үздігі» төс белгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығы бойынша "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.