Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

.................................................................................................

.................................................................................................

.................................................................................................

.................................................................................................

жаңа терезеде ашу

Басшылық

Департамент басшысы

G.K

Мұханғалиева Галя Кәшуқызы                   

1961 жылы 20 мамырда Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Зормата селосында дүниеге келген. 1982 жылы «Ауылшаруашылығындағы бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша Қазақ ССР-ы ауылшаруашылық Министрлігінің Гурьев ауылшаруашылық техникумын, 1988 жылы «Статистика» мамандығы бойынша Алматы халық шаруашылығы институтын үздік тәмамдаған.

Еңбек жолын 1978 жылы Гурьев облыстық кинофильм жалға беру конторының қойма жұмысшысынан бастаған.

Статистика саласындағы еңбек жолын 1982 жылы ауылшаруашылық статистика және дайындама бөлімінің қатардағы экономист лауазымынан бастап, 1983 жылы осы аталған бөлімнің аға экономист лауазымына көтеріліп, 1990 жылы Баға тіркеу және халық шаруашылығы тариф бөлімінің бюро басшысы, 1991 жылы Макроэкономикалық көрсеткіштер жиынтық және баланс жұмыстары және баға индексін есептеу бөлімінің бастығы, 1999 жылы Атырау облыстық статистикалық ақпарат орталығы бастығының орынбасары, 2001 жылы Атырау облыстық статистикалық ақпарат орталығының бастығы, 2005 жылы Атырау облысының Статистика басқармасы бастығының орынбасары, 2012 жылы Атырау облысының Статистика департаментінің басшысы қызметтерін атқарған. 2014 жылдың қараша айынан бастап күні бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Атырау облысының Статистика департаментінің басшысы лауазымында жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 5 тамыздағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №362-ж бұйрығымен «Статистика үздігі» төс белгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығы бойынша "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

 

Департамент басшысының орынбасарлары

Кумаргалиев.JPG

 

Құмарғалиев Нұржан Жолдыбайұлы                     

1980 жылы 15 қарашада Гурьев облысы, Балықшы ауданы, Жаңаталап селосында дүниеге келген. 2002 жылы «Қаржы және несие» мамандығы бойынша Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік Университетін тәмамдап, «Экономист-қаржыгер» біліктілігін алған.

Еңбек жолын статистика саласында 2003 жылы «экономиканың аграрлы және индустриалды секторындағы жинақтау жұмыстары» бөлімінің маманы лауазымынан бастап, 2007 жылға дейін «жиынтық жұмыстар және публикациялық қызмет» бөлімінің жетекші маманы, «жиынтық жұмыстар және статистикалық ақпараттарды тарату» бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған. 2007-2008 жылдары Атырау облысы салық комитетінің Мұнай-газ секторы және ірі салық төлеушілер басқармасында «ірі салық төлеушілердің мониторингі және әкімшіліктендіру» бөлімінің бас маман-инспекторы қызметінде болған. 2008-2009 жылдары Атырау облысының Статистика департаментінің жиынтық жұмыстар және статистикалық ақпараттарды тарату бөлімінің бастығы лауазымында қызмет еткен. 2009 жылдың наурыз айынан бастап күні бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Атырау облысының Статистика департаменті басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жауапты хатшысының 2015 жылғы 30 қазандағы №83-нқ бұйрығымен «Статистика үздігі» төс белгісімен марапатталған.

 

DSC_0214

 

 

Есжанова Айнаш Ғариполлақызы              

1967 жылы 25 қаңтарда Гурьев облысы, Мақат ауданы, Доссор поселкесінде дүниеге келген. 1988 жылы «Статистика» мамандығы бойынша Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын статистика саласында 1988 жылы күрделі құрылыс статистикасы бөлімінің қатардағы экономист лауазымынан бастап, 2008 жылға дейін түрлі салалық бөлімдерде экономист, жетекші экономист, бас маман, бөлім басшысы лауазымдарында қызмет еткен. 2008-2013 жылдары өнеркәсіп, құрылыс және инвестиция статистикасы бөлімінің, өндіріс статистикасы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2013 жылдың қаңтар айынан бастап күні бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Атырау облысының Статистика департаменті басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №362-ж бұйрығымен «Статистика үздігі» төс белгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығы бойынша "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалімен марапатталған.

 

 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: e.stat@economy.gov.kz
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2020
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter