Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті Интернет-ресурсыСтатистика комитеті Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
жаңа терезеде ашу

Ереже

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау

және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының

Атырау облысы бойынша департаменті туралы ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – Бюро) Департаменттің құзыреті шегінде мемлекеттік статистикалық қызмет мәселелері бойынша іске асыру функцияларын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Департаменттің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының немесе оны алмастыратын адамның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Департаменттің заңды мекенжайы: 060007, Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Махамбет көшесі, 116 "б".

9. Департаменттің толық атауы - "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

13. Департаменттің міндеттері:

мемлекеттік статистика қағидаттарын сақтай отырып статистикалық қызметті жүзеге асыру;

қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыру.

14. Департаменттің функциялары:

1) Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

2) статистикалық әдіснаманы қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;

3) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізеді;

4) алдағы күнтізбелік жылға статистикалық жұмыстар жоспарын, респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін қалыптастыру кезінде жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде ұсыныстар енгізеді;

5) респонденттер алғашқы статистикалық деректерді ұсынған кезде оларды статистикалық нысандармен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз етеді;

6) алғашқы статистикалық деректерді, әкімшілік деректерді қағаз жеткізгіштерде және электрондық түрде белгіленген мерзімдерде сақтауды қамтамасыз етеді;

7) Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын өткізу жөніндегі ұйымдастыру жоспарларын әзірлейді, бекітеді және Бюромен келіседі;

8) санақ парақтарын әзірлеуге қатысады;

9) пилоттық санақ жүргізеді;

10) ұлттық санақтар жүргізеді;

11) Ұлттық санақтар жоспарын іске асыруды қамтамасыз етеді;

12) мемлекеттік статистика саласында әкімшілік дереккөздерге қатысты профилактикалық бақылау нысанында әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

13) респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

14) әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғайды, қарайды және мемлекеттік статистика саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік жазалар қолданады;

15) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығына нақтылау жүргізеді;

16) өз құзыреті шегінде Бюроның ресми көздерден алған деректерін мониторингтеуді, талдауды және салыстыруды жүзеге асырады;

17) бағаларды тіркеуді жүргізеді;

18) ақпараттық-статистикалық жүйелерді, дерекқорларды және олардың платформаларын, статистика тіркелімдерін, Бюроның интернет-ресурсын қалыптастыруды және өзектілендіруді қамтамасыз етуге қатысады;

19) облыстың және оның қалаларының, аудандарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқорларды жинақтауды, жүргізуді және өзектілендіруді қамтамасыз етеді;

20) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз етуге қатысады;

21) статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес таратылуға жататын ресми статистикалық ақпаратты таратуды қамтамасыз етуге қатысады;

22) әкімшілік деректерді тек статистикалық тіркелімдерді өзектілендіру үшін пайдаланады;

23) салық құпиясын құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді;

24) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

25) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Департаментке жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

15. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:

респонденттерден өтеусіз негізде алғашқы статистикалық деректерді алу;

үй шаруашылықтарынан олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті алғашқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алу;

статистикалық ақпаратты түзу кезінде алғашқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін респонденттерден қосымша ақпаратты талап ету;

респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді бұрмалағаны анықталған кезде респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді қамтитын, бұрын ұсынылған статистикалық нысандарға түзетулер енгізуді талап ету;

Ұлттық статистика бюросының қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингтеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салу жүргізу;

жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтар жүргізу кезінде адамдарды интервьюерлер ретінде тарту;

тиісті мемлекеттік органдармен, комиссиялармен, санақ персоналымен бірлесіп, халық арасында ұлттық санақтарды жүргізудің мақсаты мен тәртібі туралы жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес санақ персоналын іріктеуді және олармен ұлттық санақтарға қатысуға шарттар жасасуды жүзеге асыру;

санақ парақтарына сынақ жүргізу;

ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемдерде ресми статистикалық ақпаратты таратуды қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау;

сотқа жүгіну;

аппеляциялық алқаның шешімімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсыным енгізу және кассациялық наразылық келтіру үшін істерге қатысты барлық материалдарды Бюроға жіберу.

Бюроға Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін нормативтік құқықтық актілер туралы ақпарат жіберу;

аумақтық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастыру;

бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті қалыптастыру;

байланыс операторларынан алынған респонденттердің байланыс деректерін құзыреті шегінде пайдалану.

 

 

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

 

16. Департаментке басшылықты Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Департамент басшысы жүзеге асырады.

17. Департамент басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен келісу бойынша Бюро басшысы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

18. Департамент басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен келісу бойынша Бюро басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасарлары болады.

19. Департамент басшысының өкілеттіктері:

1) Департаментке жүктелген міндеттерге сәйкес оның қызметіне жалпы басшылықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;

2) Департамент басшысы Бюроға бекіту үшін өз орынбасарларының өкілеттіктері бойынша ұсыныс енгізеді;

3) құзыреті шегінде Бюро әзірлейтін құқықтық актілерге ұсыныстар енгізеді;

4) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Департамент жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

5) еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған Департамент жұмыскерлерін (қызметкерлерін) іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, үстемеақылар төлеу мәселелерін шешеді;

6) өңір шегінде өзіне және өзінің орынбасарларына қатысты іссапарға жіберу мәселелерін шешеді;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған Департаменттің жұмыскерлеріне (қызметкерлеріне) тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қолданады;

8) өз құзыреті шегінде Департамент қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті құқықтық актілер шығарады және нұсқаулар береді;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынастарда Департамент атынан өкілдік етеді;

10) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін және қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

11) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды;

12) Департаменттің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

13) Бюроға Департаменттің қызметкерлерін (жұмыскерлерін) мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау туралы ұсыныстар енгізеді;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

20. Департамент басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

 

 

 

 

4. Департаменттің өзге тұлғалармен өзара іс-қимылы

 

21. Департамент пен Бюро арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

22. Департамент пен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

23. Департамент пен жергілікті атқарушы орган арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

24. Департамент басшылығы мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

 

 

5. Жұмыс тәртібі

 

25. Департаменттің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

 

6. Департаменттің мүлкі

 

26. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Департаменттің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ құны Департаменттің балансында көрсетілетін өзге де мүлік есебінен қалыптасады.

27. Департаментке бекітілген мүлік, республикалық меншікке жатады.

28. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, Департаментке бекітілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге жол берілмейді. 

 

7. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату 

29. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: e.stat@aspire.gov.kz
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
-
e-mail:-
Ұлттық статистика бюросы
2021
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter