.................................................................................................
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен Астана қаласы (1961 жылға дейін – Ақмола, 1961 жылғы 20 наурыздан 1994 жылғы 6 маусымға дейін – Целиноград, бұдан әрі 1998 жылғы 6 мамырға дейін - Ақмола) Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы №6 Жарлығымен 2019 жылы наурызда Нұр-Сұлтан қаласы болып атауы өзгертілді. Еліміздің астанасын Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің бірінші шешім-қаулысы 1994 жылдың 6 шілдесінде қабылданғанымен, республикалық органдардың нақты көшірілуі 1997 жылдың желтоқсанында басталды. Астана қаласының Статистика басқармасы 1998 жылдың қаңтарында құрылды. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің (қазіргі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті) 2008 жылдың 16 сәуіріндегі №49 бұйрығымен Астана қаласының Статистика департаментіне өзгертілді. Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органы болып табылады.Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті мемлекеттік органдарды, астананың қоғамдастығы мен іскерлік орталарын Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы статистикалық ақпараттармен қамтамасыз ету жөніндегі маңызды тапсырмаларды іске асырады, сондай-ақ қала аумағында статистикалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады; мемлекеттік статистиканың статистикалық деректер жиынын, статистикалық бақылау мен басқа да арнайы зерттеулерді ұйымдастырып, жүргізуді жүзеге асырады; жарияланымдар шығарады.Статистика департаменті басшысының м.а. - Ж.А. Дауренов, басшының орынбасары - Ж.C. Серікбаева, басшының орынбасары – А.Ж. Исабекова басқарады.Департаменттің құрамына 16 басқарма кіреді, оған басшылық ететіндері: Аубакирова Д.К., Смагулова А.А., басшының м.а. Теңгебаева Ж.Г., Смагулова М.А., Федорченко Л.В., Түсіп Г.С., Исмайлов Б.К., Ахметова А.К., Сұрапбергенова А.А., Тұрғалиев А.А., Шаяхметова Д.А., Бейсенбаева Ш.К., Банная Е.В, Джаркимбаева К.М., Андасова С.М., Умирбаева А.К.Статистикалық деректерді өңдеуді департаментпен тығыз байланыста болып, «Қазақстан Республикасы Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы жүзеге асырады, оны директоры М.Н. Курмангалиев басқарады.Департаментте 103 әкімшілік мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді. Жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлердің 81,6%-ын әйелдер құрайды, 97,1%-ында жоғары білімі бар, 43,7%-ында - 5 жылға дейін, 26,2%-ында - 5 жылдан 11 жылға дейін, 18,4%-ында - 11 жылдан 20 жылға дейін, 11,7% - 20 жылдан астам мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілдері бар; олардың 38,9% - 29 жасқа дейінгілер, 30,1%-ы - 30-дан 39 жасқа дейінгілер, 12,6%-ы - 40-тан 49 жасқа дейінгілер, 18,4%-ы - 50-ден жоғары жастағылар. Ұжымда Қазақстан Республикасының 12 үздік статистиктері қызмет атқарады.
Мекен жайы және байланыс деректемелері:Пошталық мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қ., Желтоқсан көш., 22;Халықаралық коды: 8 (717) 2;Байланыс телефондары: 41-28-91;Email: modem.astana@statdata.kz Интернет-ресурс: www.stat.gov.kz/astana