Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

.................................................................................................

.................................................................................................

.................................................................................................

.................................................................................................

жаңа терезеде ашу

Басшылық туралы


Фото руководителя

ДАУРЕНОВ ЖОРАБЕК АБДИМАЖИТОВИЧ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Нұр-Сұлтан қаласы Статистика департаментінің басшысы.

1969 жылғы 6 қаңтарда Оңтүстік-Қазақстан облысы, Шымкент қаласында туған. Үйленген. 4 баласы бар.

1999 жылы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетін «мәдени-демалу жұмыстарын ұйымдастырушы-әдіскер» мамандығы бойынша бітірген.
2006 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақстан экономика университетін «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:

1987-1999 ж. - Совет Армиясы қатарында, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету.
1999-2001 ж. - «Union Chemical» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының көмекшісі, коммерциялық директоры.
2002-2004 ж. - «Компас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас менеджері.
2005-2009 ж. - Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат дамыту бөлімінің маманы, бас маманы, бастығы; Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімі аппаратының басшысы, әкімінің орынбасары.
2009-2010 ж. - Жамбыл облысының Ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары.
2010-2015 ж. - «Астана қаласы дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
2015-2018 ж. - Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің «Мәдениет және дін халықаралық орталығы» РММ директорының орынбасары.
2018-2019 ж. - «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РММ өңірлік дамыту директоры.
2019 жылғы 15 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Нұр-Сұлтан қаласы Статистика департаментінің басшысы болып тағайындалған.

Марапатталды:
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі, (2011 жыл);
- «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалі, (2015 жыл);
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі, (2016 жыл).

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаментінің басшысы Дауренов Ж. А.:

1. Өз құзыреті шегінде Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларының, Статистикалық жұмыстар жоспарының, сондай-ақ басқармалардың жұмыс жоспарларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді.
2. Өз құзыреті шегінде Комитет төрағасының актілері мен тапсырмаларын орындайды.
3. Комитет төрағасына Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларына енгізу үшін стратегиялық бағыттар, мемлекеттік статистика саласындағы мақсаттар және міндеттер, Комитеттің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының мазмұны, кезекті жылға Статистикалық жұмыстар жоспарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді.
4. Өз құзыретінің шегінде басқа мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынаста Департамент атынан өкілдік етеді.
5. Статистикалық үдерістердің, статистикалық деректердің және статистикалық ақпараттың талап етілетін сапасын қамтамасыз етеді.
6. Келесі басқармалардың қызметін ұйымдастырады және жетекшілік етеді:
- қаржы басқармасы;
- персоналды басқару қызметі;
- заң қызметі басқармасы;
- мемлекеттік құпияларды сақтау жөніндегі бас маман.
7. Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес дайындалатын құжаттарға қол қояды.
8. Ұлттық санақты өткізуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
9. Шығыстардың экономикалық жіктелімінің әрбір ерекшелігі бойынша бюджеттік өтінімнің шығыстар түрлері бойынша егжей-тегжейлі есептерге және негіздемелерге қол қояды.
10. Мемлекеттік сатып алу саласында жалпы басшылықты: мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіту, конкурстық комиссия құрамын бекіту, конкурстық құжаттаманы бекіту, төлем шоттарына қол қою, мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша бұйрықтарға қол қоюды жүзеге асырады.
 
   


фото зам.руководителя

СЕРІКБАЕВА ЖАНАР СЕРІКБАЙҚЫЗЫ - Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті басшының орынбасары.

1976 жылғы 1 маусымда ОҚО,  Мақтаарал ауданы,  Жаңа-жол ауылында туған.

1997 жылы Мақтаарал ауылшаруашылығы колледжін бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметін бақылау және талдау мамандығы бойынша бітірген.
2006 жылы Қазақстан Халықтар достығы университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
2011 жылы Қазақ инженерлік-техникалық академиясын экономика және бизнес магистрі мамандығы бойынша бітірген.

2005 - 2010 жылдары Астана қаласының Статистика департаментінде маман, жетекші маман, бас маман, әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасының бастығы.
2011 жылғы тамыздан бастап қазіргі кезге дейін Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті басшының орынбасары.

Марапатталды:

- «Статистика үздігі» төс белгісімен (2015 жылғы);
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен (2016 жылғы);
- Қазақстан Республикасында балалардың жағдайын жақсарту және олардың құқығын қорғауға қосқан ерекше үлесі белгісімен (2016 жылғы). 

Стратегиялық және Операциялық жоспарлардың, статистикалық жұмыстар жоспарының, сондай-ақ Департамент жұмыстары жоспарының уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді.

Жетекшілік ететін салалық статистикалық басқармалар бойынша статистикалық деректер мен статистикалық ақпараттың қажетті сапасын қамтамасыз етеді. 

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, кадрларды дайындау (қайта дайындау), мемлекеттік қызметшілердің еңбек өтілін анықтау жөніндегі комиссияның, әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді бос орынға орналастыру комиссиясының жұмысын ұйымдастырады. 

Сапа менеджменті жүйелерін енгізу және іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Басқармалар қызметі мәселелеріне жетекшілік етеді:

- еңбек статистикасы;
- қызмет көрсету статистикасы;
- сауда статистикасы;
- қаржы статистикасы;
- әлеуметтік және демографиялық статистика;
- жарияланымдар дайындау, статистикалық ақпаратты тарату;
- үй шаруашылықтарын зерттеу.


фото зам.руководителя

ИСАБЕКОВА АИДА ЖАРАСҚЫЗЫ - Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті басшының орынбасары.

1980 жылы 27 қыркүйекте Жамбыл облысының Тараз қаласында туған.

2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін Халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы, 2016 жылы Құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын Статистика мамандығы бойынша бітірген, Экономика және бизнес магистрі.

2000 - 2004 жылдар аралығында ҚР Статистика агенттігі АЕО РМК-да маман.
2004 - 2014 жылдар аралығында ҚР Статистика агенттігінде жетекші маман, сарапшы, бас сарапшы, басқарма бастығы, басқарма басшысы.
2014 - 2018 жылдар аралығында Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінде бас сарапшы.
2018 - 2019 жылдар аралығында Түркістан облысының Статистика департаменті басшысының орынбасары.
2019 жылғы шілдеден бастап қазіргі кезге дейін Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті басшысының орынбасары болып табылады.

Марапатталды: «Статистика үздігі» төс белгісімен (2013ж.)

Стратегиялық және Операциялық жоспарлардың, статистикалық жұмыстар жоспарының, сондай-ақ Департамент жұмыстары жоспарының уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді;

Жетекшілік ететін салалық статистикалық басқармалар бойынша статистикалық деректер мен статистикалық ақпараттың қажетті сапасын қамтамасыз етеді;

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;

Департаменттің Ақпараттық қауіпсіздік саясатының сақталуына жалпы бақылауды жүзеге асырады;

Азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

Департаменттің мұрағаттық және құжаттамалық істерінің мемлекеттік тілде жүргізілуіне бақылау жасайды;

Басқармалар қызметі мәселелеріне жетекшілік етеді:

- респонденттермен жұмыс;
- статистикалық тіркелімдермен жұмыс;
- баға статистикасы;
- құрылыс және инвестиция статистикасы;
- өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы статистикасы;
- құжаттамалық қамтамасыз ету. 
 


фото зам.руководителя

Әдеп жөніндегі уәкіл

СЕРІКБАЕВА ЖАНАР СЕРІКБАЙҚЫЗЫ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі.

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі, 22 үй.

№ 312 кабинет, тел. 32-62-08.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті басшысының 2017 жылғы 11 шілдедегі № 84-қ бұйрығымен Серікбаева Жанар Серікбайқызы Нұр-Сұлтан қаласы Статистика департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі өзінің функцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды айына бір рет әр бірінші бейсенбіде сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін қабылдау жүргізіледі.

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: e.stat@economy.gov.kz
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2020
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter