Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІ

Соңғы деректер


Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер
Халық (2020 жылғы 1 сәуірге, адам) 736 187
Жұмыссыздық деңгейі (2019 жылғы 3 тоқсан, %, бағалау) 4,7

Орташа айлық жалақы бағалау бойынша (2019 жылғы қаңтар-желтоқсан 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанға)

115,9
   
Инфляция (2020 жылғы наурыз 2019 жылғы желтоқсанға, %) 1,8
 
Экономикалық салалардың өсу қарқыны
(Нақты көлем индексі, %-бен)
Өнеркәсіп (2020 жылғы қаңтар-наурыз 2019 жылғы қаңтар-наурызға, %) 111,9
Ауыл, орман және балық шаруашылығы (2020 жылғы қаңтар-наурыз 2019 жылғы қаңтар-наурызға, %) 104,0
Құрылыс (2020 жылғы қаңтар-наурыз 2019 жылғы қаңтар-наурызға, %) 117,0
Сауда (2020 жылғы қаңтар-наурыз 2019 жылғы қаңтар-наурызға, %) 103,6
Көлік (2020 жылғы қаңтар-наурыз2019 жылғы қаңтар-наурызға, %) 99,3
Байланыс (2020 жылғы қаңтар-наурыз 2019 жылғы қаңтар-наурызға, %) 101,3

Негізгі құжаттар 

 

2019 жылы жарияланатын статистикалық материалдарының тізбесі

Ақмола облысы Статистика департаментінің 2019 жылға арналған жұмыс жоспары

Ақмола облысы Статистика департаментінің 2019 жылға арналған семинар-кеңестер жоспары

 
   

 2019 жылға арналған респонденттердің жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсыну кестесі

Аудандық (қалалық) статистика басқармаларының 2019 жылға арналған жоспраы

 

 

 

 

 

 

Хабарландыру


Құрметті пайдаланушылар!

 2020 жылғы қаңтар-наурыздағы «Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы» журналы қайтадан жарияланғанын хабарлаймыз.


Құрметті пайдаланушылар!

 

 2020 жылғы қаңтар-наурыздағы келесі жарияланымдардың қайтадан жарияланғанын хабарлаймыз: -«Ақмола облысындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар  туралы» бюллетені; -«Ақмола облысында орындалған құрылыс жұмыстары және объектілерді пайдалануға беру туралы» бюллетені; -«Ақмола облысында тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру туралы» жедел ақпарат; -«Ақмола облысындағы инвестициялық қызмет» баспасөз хабарламасы; -«Ақмола облысындағы тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру туралы» баспасөз хабарламасы.


2020ж.19.03.

 Құрметті респонденттер!

 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақмола облысы Статистика департаментінің жұмыс тәртібі өзгерген жоқ. Статистикалық нысандарды қағаз жеткізгіште тапсырғанда перде тағу тәртібін сақтауларыңызды сұраймыз.

  


2020ж.19.03.

Құрметті респонденттер! 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен коронавирустық инфекциясының пандемиясын жариялауына және Қазақстан Республикасы Президентімен COVID-19 таралуының алдын алу бойынша төтенше жағдай енгізуіне байланысты, Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақмола облысының Статистика департаменті статистикалық нысандарды on-line тәртібінде cabinet.stat.gov.kz. сайтында Респонденттің кабинеті арқылы тапсыруларыңызды сұрайды.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша 25-43-02 телефоны бойынша жүгінуді сұраймыз. 

 


 15.05.2020

Құрметті пайдаланушылар! 2020 жылғы қаңтар-сәуірдегі «Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы» ақпаратты-талдау журналы шықты


Құрметті респонденттер!  

Ұсынуға қажетті жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандар тізбесін, Комитеттің https://www.cabinet.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған «Респонденттің кабинетінде», электронды-цифрлық қолтаңбасыз жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) немесе заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірін (БСН) енгізу жолымен өздігінше көшіріп алуға болады. 


Құрметті респонденттер! 

Респонденттермен алғашқы статистикалық деректерді ұсыну ережелеріне сәйкес, 2 тараудың 16 тармағы «Есепті кезеңде (ай, тоқсан, жыл) қызмет болмаған жағдайда респондент Кестеде көрсетілген мерзімдердің аяқталуына дейін тиісті статистикалық нысандар орнына қағаз тасымалдауышта немесе «Респонденттің кабинеті» арқылы электронды-цифрлық қолтаңбасын қолдануымен Комитеттің https://www.cabinet.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсында қызметтің болмағаны туралы хабарлама ұсынады»:

1. Қызметтің болмағаны туралы хабарламаны (Анықтама) құрастыру үшін «Респонденттің кабинетінде» «Менің анықтамаларым» бөліміне кіріп «Жаңа анықтама» бастырмасын басу керек.

2. Ашылған бетте «Қосу» бастырмасын басып, анықтама тапсыруға қажетті нысандар мен кезеңдерді таңдау керек, қажет болса келесі нысанды қосуға болады.

3. Нысан мен кезеңді таңдағаннан кейін «Сақтау», «Жабу» бастырмаларын басу керек. Анықтама «Жоба жазба» бөлімінде бейнеленеді, кейін «Жіберу» бастырмасын басу керек. Жіберген кезінде құжатқа ЭЦҚ арқылы қол қою керек. Жіберілген Анықтамалар «Жолданған» бөлімінде бейнеленеді. 


Құрметті респонденттер!

 Ағымдағы жылдың 4 мамырынан бастап «Респонденттің кабинеті» мобильдік қосымшасы іске қосылғаны туралы хабарлаймыз. Аталған қосымша статистика органдарына ұсынуға қажетті статистикалық нысандар жайлы ақпараттарды қарауға,  ұсынылған   статистикалық нысандардың тарихын қарауға, қарыз есептер тізімі жайлы ақпарат алуға, сонымен бірге ұсынылатын статистикалық нысандардың  тапсыру мерзімдері аяқталуға таяу қалғаны жайлы, дербес хабарламалар алуға мүмкіндік береді. Қосымша пайдаланушылар үшін Android базасында қол жетімді. Android базасында жүктеп алу үшін https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.gov.stat.e_stat


                                                                                                                ҚҰРМЕТТІ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ЖӘНЕ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР!!!!
Заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 24 мамырдағы Заңымен «Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, заңды күшіне 2018 жылдың 8 маусымынан енді. Заң жаңа 12-2-баппен толықтырылды және респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген мерзімдерде респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсынбағанын, сондай-ақ анық емес алғашқы статистикалық деректерді ұсынғанын анықтау түрінде жүзеге асырылады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда қорытынды ресімделеді, ол бұзушылықтар анықталған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде респондентке жіберіледі. Қорытынды респондентке қол қойғызып, жеке өзіне табыс етіледі немесе оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе ресми дереккөздерден алынған электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабармен не алғанын тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі. Респонденттің қорытындыны қабылдаудан бас тартуы одан әрі процестік әрекеттерді жасауға кедергі болып табылмайды. Қорытынды табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап екі жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс. Осы ретте, қорытындыны белгіленген мерзімде орындамау уәкілетті органға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарына сәйкес әкімшілік іс жүргізуді қозғау құқығын береді.

Анықтамалар үшін телефон: 25-05-64 Зан басқармасы 


 Құрметті респонденттер!

Ақмола облысының Статистика департаметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Статистика комитеті www.stat.gov.kz Интернет-ресурсында «Респонденттерге» бөлімінде «Респондент кабинеті» модулі жұмыс істейтінін хабарлайды, Енді Сізде «Жүгіртпе» бөлімінен жыл бойы және ағымдағы күні статистика органына тапсыру қажет Статистикалық нысандар тізімін қарау мүмкіндігі бар. 


        Кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларына. Жеке кәсіпкерлерге.  

  Құрметті респондент! 

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақмола облысының Статистика департаменті» РММ (әрі қарай – Департамент) Сізге келесі ақпаратты жеткізеді.«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабы 5 тармағына сәйкес «Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, респондентті тікелей немесе жанама анықтауға немесе ол туралы алғашқы статистикалық деректерді айқындауға мүмкіндік беретін статистикалық ақпарат және деректер базалары құпия болып табылады және ол респонденттің келісімі болғанда ғана таратылуы мүмкін».Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Комитет төрағасының 2016 жылғы 30 қарашадағы №292  бұйрығымен бекітілген «Ресми статистикалық ақпаратты электронды түрде қалыптастыру және тарату бойынша әдістемесінің» (әрі қарай - Әдістеме) 4 тарауының 22 тармағына сәйкес респондентпен тапсырылған статистикалық деректер респонденттің рұқсатынсыз жарияланбайды. Аудандар жіктелімінде немесе тұтастай облыс бойынша ресми көрсеткіштерді жариялау кезінде құпия деректерді жанама анықтауды болдырмау мақсатында ақпарат «Х» белгісімен жарияланады. Сонымен қатар, осындай жауап кез келген бір қызмет түрінің жалғыз ғана кәсіпорынынан алынған жағдайда, жалпы деректер аудан, облыс, тіпті тұтастай Қазақстан Республикасы бойынша «Х» белгісімен жарияланады. Мемлекеттік органдарды, бизнес өкілдерін және қоғамды экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және экологиялық ресми статистикалық ақпараттармен қамтамасыз ету ресми статистиканың миссиясы болып табылады. Осыған байланысты, тек тұтастай қызмет түрлері, аудан, облыс бойынша жарияланатын облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын көрсететін жедел статистикалық деректерді қалыптастыру кезінде респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді таратуға рұқсат керек. Департаментпен жекелеген ақпараттар респонденттерге сілтеме жасалынып жарияланбайды. Сол себепті, статистикалық нысандардағы мекен-жай бөлігін толтыру кезінде «Алғашқы статистикалық деректерді таратуға келісеміз» тармағын «Х» белгісімен белгілеу мүмкіндігін қарастыруыңызды Сізден өтіне сұраймыз.

Ынтымақтастығыңыз үшін алғысымызды білдіреміз


 Құрметті пайдаланушылар!   

2017 жылға "Ақмола облысының өнеркәсіп жұмысының негізгі көрсеткіштері" жылдық статистикалық бюллетені және "Ақмола облысындағы өнеркәсіп жұмысының қорытындылары" жедел ақпараты ҚР ҰЭМ Статистика комитеті Интернет-ресурсында қайтадан жарияланған.


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті 

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! 

        Мемлекеттік статистика органдары республикадағы халықтың тұрмыс деңгейін білуге көмектесетін халықты іріктеме зерттеуді тоқсан сайын өткізеді. Сіздерден алынған ақпарат аса құпияда ұсталатынына және тек статистикалық мақсаттарға пайдаланылатынына кепілдік береміз. Сіздердің жауаптарыңыз елдегі халықтың және өңірлер бойынша кедейшілік деңгейін, мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатының тиімділігі туралы құнды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл деректер жиынтық күйінде халықты әлеуметтік қорғау саласында дамуының әртүрлі бағдарламаларын әзірлеу үшін пайдаланылады. Зерттеу барысында алынған ақпарат біздер үшін жарқын келешекті жоспарлауға  қажет! Зерттеуге қатысушы ретінде Сіздің отбасыңыз мүлде кездейсоқ таңдап алынды, өйткені үй шаруашылықтары көше аттары және үй нөмірлерімен барлық ғимараттар енгізілген Тізілімнен математикалық, кездейсоқ әдіспен таңдалып алынған болатын. Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен кездейсоқ таңдап алынған 12 мың отбасынан 40 мыңнан аса адам осы зерттеуге қатысады. Зерттеуге қатысатын отбасыларына тоқсан сайын бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы       (10% табыс салығы мен Қазпошта (банк) комиссиялық алымдарын шегергенде) төленеді. Сіздерден қажет ақпаратты ұсынуларыңызды сұраймыз. Зерттеу сұрақтарына жауап беру үшін ешқандай құжаттар талап етілмейді, біз Сіздердің сөздеріңізге сенеміз.Сіздердің қатысуларыңыз өте маңызды, зерттеу нәтижелерінің сенімділігі Сіздің толық әрі анық жауаптарыңызға байланысты. Зерттеуді жүргізу үшін интервьюер Сізге жолығып, арнаулы куәлігін көрсетеді.Сіз облыстық статистика департаментіне байланыс телефоны арқылы хабарласып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызды қоюыңызға болады.

Телефон_8(7162) 40-14-49____________ 

Ынтымақтастығыңыз үшін алдын ала алғыс айтамыз!

Халықтың тұрмыс деңгейі статистикасының интервьюерлер тізімі


   Іріктемелер

2018 жылдың  2 қызмет көрсету статистикалық нысаны бойынша тапсыратын мекемелер тізімі

2019 жылдың  01-ИП (пром) статистикалық нысаны бойынша тапсыратын респонденттер тізімі

2019 жылдың  1 ВТ статистикалық нысаны бойынша тапсыратын мекемелер тізімі

2019 жылдың  1 наука статистикалық нысаны бойынша тапсыратын мекемелер тізімі

2019 жылдың  1 инновация статистикалық нысаны бойынша тапсыратын мекемелер тізімі

2019 жылдың  Э-коммерция статистикалық нысаны бойынша тапсыратын мекемелер тізімі

2020 жылдың ақпанына  2 сауда  статистикалық нысаны бойынша тапсыратын мекемелер тізімі

2019 жылдың  4 тоқсанында 2 қызмет көрсету статистикалық нысаны бойынша тапсыратын мекемелер тізімі

2020 жылдың  1 тоқсанында 2 МП статистикалық нысаны бойынша тапсыратын мекемелер тізімі

2019 жылдың  4 тоқсанында 2 туризм статистикалық нысаны бойынша тапсыратын мекемелер тізімі

 

 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: e.stat@economy.gov.kz
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2020
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter