Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

.................................................................................................

.................................................................................................

.................................................................................................

.................................................................................................

жаңа терезеде ашу

Басшылық туралы

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақмола облысының Статистика департаменті» РММ басшылығы 

Департамент басшысы

musina

Мусина Ермек Есләмбекқызы

Көкшетау облысы (бүгінде Ақмола) Зеренді ауданы Зеренді селосында 1966 жылғы 13 қыркүйекте туған. 1987 жылы Свердловск халық шаруашылығы институтын «Шаруашылық қызметіне бухгалтерлік есеп және талдау жүргізу» мамандығы бойынша бітірген. 1987 жылдан 1989 жылға дейін - «Агропромэнерго» Зеренді АК экономисі. 1989 жылдан 1992 жылға дейін - Көкшетау облыстық статистика басқармасының өндіріс статистикасы бөлімінің экономисі. 1992 жылдан 1994 жылға дейін - Көкшетау облыстық статистика басқармасының макроэкономикалық көрсеткіштер бөлімінің жетекші экономисі. 1994 жылдан 1997 жылға дейін - Көкшетау облыстық статистика басқармасының қаржы статистикасы бөлімінің бастығы. 1998 жылы - Ақмола облыстық статистика басқармасының қаржы статистикасы, бағалар және баланстық жұмыс бөлімінің бас маманы. 1999 жылы - Ақмола облыстық статистика басқармасының қаржы статистикасы, СЭБ, бағалар мен қызмет бөлімінің бастығы. 1999 жылдан 2008 жылға дейін – «Ақмола облысы статистика басқармасы» ММ бастығының орынбасары. 2008 жылғы сәуір айынан бастап – «ҚР ҰЭМ СК Ақмола облысы статистика департаменті» РММ басшысы. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен, «Статистика үздігі» төс белгісімен марапатталған. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

 

Ақмола облысы Статистика департаментінің басшысы (Мусина Ермек Есләмбекқызы)

 

1)   өз құзыреті шегінде Комитет Төрағасының актілері мен тапсырмаларын орындайды;

2)   өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарымен және өзге ұйымдармен өзара әрекеттесуде Департаменттің өкілі болады;

3)   өз құзыреті шегінде статистикалық жұмыстардың Стратегиялық және Операциялық жоспарларының, Департаменттің жұмыс жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;

4)  Департамент шығыстары экономикалық сыныптамасының әр ерекшелігі бойынша бюджеттік өтінім шығыстарының түрлеріне қатысты толық есептер мен негіздемелерді бекітеді;

5)  Департамент қызметінің мәселелері бойынша жылдық Тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын, Департамент қызметінің мәселелері бойынша Тауарлар, жұмыстар және қызметтердің техникалық айрықшалауын бекітеді;

6)   Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес әзірленетін құжаттарға қол қояды;

7)   келесі басқармалардың жұмыстарын ұйымдастырады және жетекшілік етеді: - қаржы басқармасы; - заң басқармасы; - персоналды басқару қызметі; - мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша бас маманы.

8)  өз құзыреті шегінде статистикалық үдерістер, статистикалық деректер мен ресми статистикалық ақпараттың талап етілетін сапасын қамтамасыз етеді.

Департамент басшысының орынбасары

Ергалиев

Ерғалиев Расул Жабалұлы

Көкшетау облысы (бүгінде Ақмола) Көкшетау қаласында  1978 жылы 9 шілдеде туған.

1999 жылы Көкшетау гуманитарлық-экономикалық университетін «қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірген.

2004 жылы Солтүстік Қазақстан заң академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

1999 жылдан 2000 жылға дейін - Көкшетау қаласының Табиғи ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Жер қойнауын пайдалану статистикасы басқармасының талдау және болжамдау бөлімінің I санаттағы маманы.

2000 жылдан 2001 жылға дейін - Көкшетау қаласының Табиғи ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Жер қойнауын пайдалану статистикасы басқармасының талдау және болжамдау бөлімінің жетекші маманы.

2001 жылдан 2003 жылға дейін - Көкшетау қаласының Табиғи ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Жер қойнауын пайдалану статистикасы басқармасының МШҚ және МШК жағдайын талдау бөлімінің жетекші маманы.

2003 жылдан 2005 жылға дейін - Көкшетау қаласының Табиғи ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Жер қойнауын пайдалану статистикасы басқармасының МШҚ және МШК жағдайын талдау бөлімшесінің инженері.

2005 жылдан 2007 жылға дейін - Көкшетау қаласының Табиғи ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Жер қойнауын пайдалану статистикасы басқармасының МШҚ және МШК жағдайын талдау бөлімшесінің аға инженері.

2007 жылдан 2008 жылға дейін – Ақмола облысы әкімі аппаратының Ақмола облысы әкімі орынбасарының бас маман-кеңесшісі.

2008 жылдан 2009 жылға дейін - Ақмола облысы әкімі аппаратының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының талдау бөлімінің бас маманы.

2009 жылғы мамыр айынан бастап желтоқсанға дейін - Ақмола облысы Көкшетау қаласы Салық басқармасының жеке тұлғалардан ақпаратты қабылдау және өңдеу бойынша орталығының бас маманы.

2009 жылғы желтоқсаннан 2010 жылға дейін - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы бойынша Салық басқармасы бастығының орынбасары.

2010 жылғы тамыздан 2014 жылға дейін - Ақмола облысы бойынша Салық департаментінің өндірістік емес төлемдері мен арнайы салық тәртіптер басқармасының бас маманы.

2014 жылғы қарашадан 2015 жылға дейін - Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы.

2015 жылғы ақпаннан 2015 жылғы наурызға дейін - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау басқармасының бас инспекторы.

2015 жылғы наурыздан – ҚР ҰЭМ СК Ақмола облысы Статистика департаменті басшысының орынбасары.

«Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісімен марапатталған, «Нұр Отан» ХДП мүшесі. 

Басшының орынбасары

(Ергалиев Р.Ж.)

1)    өз құзыреті шегінде Департамент басшысының актілері мен тапсырмаларын орындайды;

2)  өз құзыреті шегінде статистикалық есептілік мәселелері бойынша Көкшетау қаласы әкімінің аппаратымен, мемлекеттік органдарымен және өзге ұйымдармен өзара әрекеттесуде Департаменттің өкілі болады;

3)    келесі басқармалары жұмыстарын ұйымдастырады және жетекшілік етеді:

-баға статистикасы;

-сауда және қызмет көрсету саласының статистикасы;

-еңбек статистикасы;

-үй шаруашылықтарын зерттеу;

-әлеуметтік және демографиялық статистика;

-әкімшілік жұмыс;

-Ақкөл, Астрахан, Бурабай, Жақсы, Егіндікөл, Есіл, Қорғалжын, Целиноград аудандарының және Степногорск қаласы статистика басқармалары;

-әкімшілік-шаруашылық бөлімі;

4)      Департаментте сапа менеджменті жүйесін ресертификаттау бойынша, техникалық қызмет көрсету, байланыс және есептеу техникасын күтіп ұстау, автомобильді көлігінің, әкімшілік ғимаратты, аудандық (қалалық статистика басқармаларымен жалға алынған жайларын күтіп ұстау және пайдалану жұмыстарын ұйымдастырады;

5)      Департамент шығыстары экономикалық сыныптамасының әр ерекшелігі бойынша бюджеттік өтінім шығыстарының түрлеріне қатысты толық есептер мен негіздемелерге қол қояды және келіседі;

6)      Департамент қызметінің мәселелері бойынша жылдық Тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын, Департамент қызметінің мәселелері бойынша Тауарлар, жұмыстар және қызметтердің техникалық айрықшалауына келісуді жүргізеді;

7)      өз құзыреті шегінде Комитеттің Стратегиялық және Операциялық жоспарларының, Статистикалық жұмыстар жоспарының, Департаменттің жұмыс жоспарының, сонымен қатар басқармалар жұмыстары жоспарларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді.

Департамент басшысының орынбасары

 Аманбаев

Амамбаев Ербол Бақытжанұлы

Көкшетау облысы (бүгінде Ақмола) Арықбалық ауданы Цуриковка селосында 1984 жылғы 17 наурызда туған.

2002 жылы Чаглинка ауылшаруашылық колледжін «қаржы, мамандануы салық және салық салу»  мамандығы бойынша бітірген.

2005 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

2005 жылдан 2007 жылға дейін - Зеренді ауданы білім және спорт бөлімінің бухгалтері.

2008 жылдан 2009 жылға дейін - Ақмола облысы статистика департаментінің ауылшаруашылық статистикасы бөлімінің жетекші маманы.

2009 жылғы қарашадан 2011 жылға дейін - Ақмола облысы статистика департаментінің респонденттермен жұмыс басқармасының жетекші маманы.

2011 жылдан 2013 жылға дейін - Ақмола облысы статистика департаментінің ауылшаруашылық статистикасы басқармасының жетекші маманы.

2013 жылғы ақпаннан маусымға дейін - Ақмола облысы статистика департаментінің ауылшаруашылық статистикасы басқармасының бас маманы.

2013 жылғы маусымнан 2016 жылғы мамырға дейін – «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақмола облысының Статистика департаменті» РММ Ерейментау ауданы статистика басқармасының басшысы.

2016 жылғы мамырдан 2017 жылғы шілдеге дейін - «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақмола облысының Статистика департаменті» РММ Зеренді ауданы статистика басқармасының басшысы.

2017 жылғы шілдеден бастап – ҚР ҰЭМ СК Ақмола облысы Статистика департаменті басшысының орынбасары.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі. 

Басшының орынбасары

(Амамбаев Е.Б.)

1)      өз құзыреті шегінде Департамент басшысының актілері мен тапсырмаларын орындайды;

2)      өз құзыреті шегінде облыстардың Алматы және Астана статистика департаменттерімен, «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық есептеу орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалымен, Көкшетау қаласы әкімінің аппаратымен, мәслихатпен, облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларымен, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен өзара әрекеттесуде Департаменттің өкілі болады; 

3)      келесі басқармалардың жұмыстарын ұйымдастырады және жетекшілік етеді:

-кәсіпорындар қаржысы статистикасы, үйлестіру және жинақтау жұмыстары;

-ауыл шаруашылығы статистикасы;

-респонденттермен жұмыс;

-өндіріс статистикасы;

-құрылыс және инвестициялар статистикасы;

-тіркелімдер;

-Аршалы, Атбасар, Бұланды, Біржан сал, Жарқайың, Зеренді, Ерейментау, Сандықтау,  Шортанды аудандарының статистика басқармалары;

4)     статистикалық деректерді талдау, жариялау және таратуды жетілдіру бойынша жұмысты үйлестіреді;

5)     өз құзыреті шегінде Комитеттің Стратегиялық және Операциялық жоспарларының, Статистикалық жұмыстар жоспарының, Департаменттің жұмыс жоспарының, сонымен қатар басқармалар жұмыстары жоспарларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді.


 

Әдеп жөніндегі уәкілі


Амамбаев

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақмола облысы Статистика департаментінің Әдеп бойынша уәкілі

 

Амамбаев Ербол Бахытжанұлы

 

Ақмола облысы Статистика департаменті басшысының орынбасары

 

Әдеп бойынша уәкілінің міндеттерін жүктеу туралы Департамент басшысының 2019ж.23.09.  107-н  бұйрығы

Байланыс ақпараты:

Көкшетау қ.,  Нұрсултан Назарбаев даңғылы  73,

314 кабинет,

телефоны: 8-716-2-40-14-52

электронды мекенжайы: e.amambaev@economy.gov.kz

 

Портал бойынша іздеу
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Ақпараттық қызмет
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
ҰҚО сертификаты арқылы 'онлайн режимде' статистикалық есептілікті тапсыру жүйесіне респондентке рұқсат беру
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: e.stat@economy.gov.kz
Респонденттерге техникалық қызмет көрсету
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
Статистика комитеті
2020
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter