Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті Интернет-ресурсыСтатистика комитеті Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
жаңа терезеде ашу

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастырудың жоспарлары мен шешімдері бойынша ақпарат

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросында (Бюро) алғашқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және тарату процесі «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйе шеңберінде («е-Статистика» ИАЖ) автоматтандырылған. «е-Статистика» ИАЖ респонденттерге жүктемені азайтуға мүмкіндік беретін статистикалық есептерді онлайн режимінде жинау, респонденттердің құпия мәліметтеріне шектеулі қолжетімділікті, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін алғашқы статистикалық деректерді электронды сақтау, өзара аса жылдам іс әрекет үшін басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен автоматты интеграциялау, сонымен қатар өзекті және нақты статистикалық ақпаратты қолдануға мүмкіндік беретін «Талдау» аналитикалық жүйесінде айқындалатын электрондық жариялау мен деректерді талдау сияқты бизнес-процестерді қамтиды.

"ҚАЗСТАТ: Ұлттық статистика жүйесін нығайту жобасы" аясында Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында:

Үй шаруашылықтарын зерттеу және бағаларды тіркеу бойынша бастапқы деректерді жинауға арналған Жеке пікір терімнің компьютерлендірілген жүйесі (ЖПКЖ). Жүйенің негізгі міндеті- планшеттік құрылғыларды қолдана отырып, бастапқы деректерді жинауды автоматтандыру. Бұл әдіс деректерді енгізу кезіндегі қателіктерді барынша азайтуға, әртүрлі тасымалдаушылардағы деректерді енгізудің қайталануын болдырмау есебінен еңбек ресурстарын үнемдеуге, интервьюерлердің жұмысын оңтайландыруға, қағаз тасымалдаушылардағы нысандарды пайдалануды азайтуға, статистикалық деректердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Келіп түскен деректерді орталықтандырылған сақтау және өңдеу мақсатында ЖПКЖ "е-Статистика" ИАЖ-мен біріктірілген. Жүйе өнеркәсіптік пайдалануға сәтті енгізілді, сонымен бірге ЖПКЖ әдісімен жинауға арналған нысандар тізімі кеңейді.

Шалғай аумақтардағы, атап айтқанда ауыл шаруашылығы статистикасы бойынша респонденттерге телефон арқылы пікір терім жүргізу арқылы бастапқы деректерді жинауды автоматтандыру үшін телефон арқылы пікір терім жүргізудің компьютерлендірілген жүйесі (ТПКЖ). Бұл әдіс респонденттерді толық қамтуды, респонденттерден есептер алу мерзімдерін қысқартуды, жүйеге деректерді енгізу уақытын қысқартуды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта жүйе өнеркәсіптік пайдалануда және аумақтық статистика органдарына енгізілген.

Комитеттің жоғарыда аталған барлық ақпараттық жүйелері Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған Мемлекеттік стандарттардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестатталған.

2019 жылы Бюроның жаңа Интернет-ресурсы іске қосылды, оның артықшылықтары дизайнды, құрылымды жетілдіру, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына қойылатын талаптарға сәйкестігі, сондай-ақ Бюроның барлық ақпараттық ресурстарына қолжеткізудің бірыңғай нүктесі болып табылады.

Сондай-ақ Бюро заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді іздеу үшін және интернет-ресурста заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің тізбесі бойынша ақпаратты жүктеу үшін және "ашық деректер" порталы қағидаты бойынша "Талдау" АТ Жарқылы электрондық түрде сыртқы пайдаланушылар үшін ресми статистикалық ақпаратты беру үшін әмбебап API сервистерін әзірледі. Бұл ресурстар барлық пайдаланушыларға онлайн режимде әртүрлі қолданбалы бағдарламалық өнімдерде одан әрі өңдеу және талдау үшін жарамды электрондық машинамен оқылатын түрде қолжетімді.

Талдау " АТЖ-да 2019 жылдан бастап жүйеде пайдаланушыларға консультациялық көмек көрсету үшін онлайн-чат іске қосылды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 наурыздағы № 434-V "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 39-бабы 3 т. 38)тт. сәйкес статистикалық ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу мен әкімшілендіру бойынша қызметтер «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеуорталығы» (РМК АЕО) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 587 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын (бұданәрі – Санақ) өткізу 2021 жылғы қазанға жоспарланып отыр.

Халық санағы респонденттердің өзін-өзі толтыруы арқылы мамандандырылған сайтта онлайн режимде жүргізілетін болады Sanaq.gov.kz (онда респонденттер тіркеуден өтеді және одан әрі респонденттерге санақ парақтарын толтырудың әрбір кезеңіндегі нұсқаулықтар мен кеңестер, сондай-ақ виртуалды көмекші арқылы санақ парақтарын толтыруға мүмкіндік беретін Сайт арқылы өздеріне және өз отбасы мүшелеріне санақ парақтарын дербес толтырады) және планшеттік компьютер арқылы сұрау құралдары бойынша интервьюерлердің жаппай айналып өтуі.

1-30 қазан аралығында интервьюерге салынған барлық арифметикалық-логикалық бақылауларды ескере отырып сауалнама жүргізуге мүмкіндік беретін жауаптарды планшеттерде тіркей отырып, интервьюерлердің мәліметтер жинау үшін халыққа жаппай сауалнама жүргізілетін болады. Интернет арқылы мәліметтерді ұсынған респонденттер интервьюерлермен пікір терім жүргізуге жатпайды. Халыққа сұрау салу кезінде респондентті сәйкестендіру ретінде сұралатынадамның ЖСН пайдаланылатын болады.

Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Ресми YouTube канал
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: e.stat@aspire.gov.kz
Ақпараттық қызмет
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
8 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
9:00 - 18:30-ға дейін:
Сенім телефоны
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі
8 701 844 38 58
+7 7172 749002
e-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz
Кеңсе
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Ұлттық статистика бюросы
2021
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter