Экономикалық статистика мәселелері бойынша консультативтік кеңес
2015 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінде Экономикалық статистика мәселелері бойынша консультативтік кеңестің бірінші отырысы өтті.
2015 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының орынбасары Ж.Ә.Жарқынбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінде Экономикалық статистика мәселелері бойынша консультативтік кеңестің бірінші отырысы өтті. «Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) дегеніміз не. ҰШЖ-дағы шекаралар», «Кешенді экономикалық статистика», «ҰШЖ ағымдағы жағдайы мен жетілдіру перспективалары» тақырыптары бойынша баяндамалармен Статистика комитетінің Ұлттық шоттар жүйесі басқармасының басшысы Г.С.Малдыбаева сөз сөйледі.
Баяндама презентациялары «Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) дегеніміз не. ҰШЖ-дағы шекаралар» «Кешенді экономикалық статистика» «ҰШЖ ағымдағы жағдайы мен жетілдіру перспективалары»
«Төлем балансы статистикасының, ақша-несиелік статистиканың ағымдағы жағдайы мен жетілдіру перспективалары» тақырыбы бойынша баяндамамен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті директорының орынбасары С.Т.Базарова сөз сөйледі
Баяндама презентациясы
«Мемлекеттік қаржылар статистикасының ағымдағы жағдайы мен жетілдіру перспективалары» тақырыбындағы баяндамамен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қаржылар есептілігі мен статистикасы департаментінің Мемлекеттік қаржылар статистикасын жүргізу мен үйлестіру басқармасының басшысы М.К.Рахметова сөз сөйледі
Отырыс хаттамасы
23 сәуір