Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап

.................................................................................................

.................................................................................................

.................................................................................................

.................................................................................................

.................................................................................................

.................................................................................................

.................................................................................................

жаңа терезеде ашу
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының негізгі міндеттері, функциялары

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі –Ұлттық статистика бюросы) Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің (бұдан әрі –Агенттік) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік статистикалық қызмет мәселелері бойынша іске асыру функцияларын және өзге де функцияларды Агенттік құзыреті шегінде жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.

Ұлттық статистика бюросының миссиясы: қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың  ресми статистикалық ақпаратқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру болып табылады.

Бюроның негізгі міндеттері:

• статистикалық әдіснаманы қалыптастыру;

• мемлекеттік статистика қағидаттарын сақтай отырып, статистикалық қызметті жүзеге асыру;

• қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық 

• ақпаратқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыру; Ұлттық статистика бюросына жүктелген өзге де міндеттерді өз құзыреті шегінде жүзеге асыру.

Бюро Агенттіктің Төрағасының 2020 жылдың 23 қазандағы №9-нқ бекітілген бұйрығына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ережесіне және оған міндеттелген тапсырмаларға сәйкес келесі функцияларды орындадйы:

1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру; 

2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік және ведомстволық статистика саласындағы құқықтық актілерді бекіту;

3) қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету;

4) халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдіснаманы қалыптастыру;

5) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін үйлестіру;

6) құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және ынтымақтастық аясында шарттар жасасу;

7) жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде алдағы күнтізбелік жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарын, респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін қалыптастыруды қамтамасыз ету;

8) жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 15 қарашасына дейін статистикалық жұмыстар жоспарын бекіту;

9) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастыру және жүргізу;

10) алғашқы статистикалық деректерді жинауды жүзеге асыру және (немесе) әкімшілікті деректерді алу, оларды қорыту мен талдау, сондай-ақ ресми статистикалық ақпаратты және (немесе) статистикалық ақпаратты тарату;

11) респонденттер алғашқы статистикалық деректерді ұсынған кезде оларды статистикалық нысандармен және осы нысандарды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз ету;

12) әкімшілік деректерді тек қана статистикалық ақпаратты жасау және статистикалық тіркелімдерді жаңарту үшін пайдалану;

13) статистикалық жіктеуіштерді әзірлеу және бекіту;

14) мемлекеттік статистика органдарын уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастыру арқылы статистикалық жіктеуіштермен қамтамасыз ету;

15) мынадай статистикалық тіркелімдерді жүргізу:

 статистикалық бизнес-тіркелім;

 халықтың статистикалық тіркелімі;

 ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімі;

 тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімі;

16) республиканың және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқорлардың жинақталуын, жүргізілуін және жаңартылуын қамтамасыз ету;

17) респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыру;

18) мемлекеттік статистика органдары статистикалық қызметінің мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы бекіткен ведомстволық статистикалық байқаулар жөніндегі статистикалық әдіснамаға сәйкестігіне талдау жүргізу және талдау жүргізуге қажетті құжаттарды (ақпаратты) сұрату;

19) мемлекеттік статистика саласындағы ғылыми-зерттеу әзірлемелерін ұйымдастыру;

20) мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын есептіліктің бірыңғай тізілімін әзірлеу;

21) мемлекеттік органдардың статистикалық ақпарат жасау процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесін бекіту;

22) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша әдістемені әзірлеу және бекіту;

23) ведомстволық жіктелімдерді жүргізудің үлгілік әдістемесін бекіту;

24) жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды, сондай-ақ оларды бекіту тәртібін бекіту;

25) респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бекіту;

26) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту;

27) мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесін әзірлеу және бекіту;

28) бағаларды тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ бағаларды тіркеуді жүргізу;

29) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемесін келісу;

30) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығына нақтылау жүргізу;

31) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығына нақтылау жүргізу қағидаларын бекіту;

32) уәкілетті орган ресми дереккөздерден алған деректерді мониторингтеу, талдау және салыстыру;

33) әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыру;

34) салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекіту;

35) Қазақстан Республикасының заңнамасында салықтық құпия ретінде айқындалған, ұсынылатын мәліметтер тізбесін және оларды ұсыну тәртібін бекіту;

36) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдар қабылдаған, реттелетін саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын актілердің күшін жою, өзгерту, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізу;

37) деректер қорларды ғылыми мақсаттарда сәйкестендірілмеген түрде ұсыну және пайдалану тәртібін бекіту;

38) шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу жөніндегі статистикалық әдіснаманы және тіркеу жазбаларын жүргіузді ұйымдастыру нысандарын бекіту; 

39) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну тәртібін бекіту; 

40) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;

41) өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша ұсыну енгізу және кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхат беру;

42) өз құзыреті шеңберінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағымды қарау;

43) Қазақстан Республикасы Парламенті комитеттерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бөлімдерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің және өзге де мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну;

44) монополияға қарсы органның келісуімен мемлекеттік монополия субъектісі, ведомствоның ведомстволық бағынысты ұйымы  өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсететін қызметтердің) бағаларын белгілеу;

45) ұлттық санақтарды жүргізу қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;

46) ұлттық санақтарды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

47) пилоттық санақты жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

48) санақ парақтарын әзірлеу  және бекіту;

49) санақтың штаттан тыс бөлімінің штат кестесін, құрылымы мен ережесін әзірлеу және бекіту;

50) ұлттық санақтарды жүргізу жөніндегі әдіснамалық құралды әзірлеу және бекіту;

51) ұлттық санақтарды жүргізу кезінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл туралы бірлескен актілерді әзірлеу және бекіту;

52) ұлттық санақтарды өткізу;

53) ұлттық санақтарды жүргізу кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметін үйлестіру;

54) ақпараттық жүйелерді интеграциялаусыз мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл туралы бірлескен актілерді әзірлеу және бекіту;

55) ұлттық санақ қорытындыларын қалыптастыруды мен жариялауды қамтамасыз ету;

56) мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеу мен қалыптастыруға қатысу қағидаларын бекіту;

57) ведомстволық статистикалық байқаулар жөніндегі статистикалық әдіснаманы бекіту;

58) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту;

59) үй шаруашылықтарынан олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті алғашқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алу қағидаларын бекіту;

60) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның қызметімен қанағаттану деңгейін мониторингтеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

61) ерікті негізде респонденттердің қатысуымен жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандардың жобаларына тестілеу жүргізу және талқылау қағидалары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және бекіту;

62) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтарды жүргізу кезінде интервьюерлердің саны мен олардың көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеуді бекіту;

63) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюерлер ретінде тарту қағидаларын  әзірлеу және бекіту;

64) байланыс операторларынан респонденттер бойынша байланыс деректерін алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

65) статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

66) Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасына сәйкес тергеп-тексеру жүргізу мақсатында сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша, сондай-ақ тергеп-тексеруді жүргізетін органның сұрау салуы бойынша сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті орган арқылы мәліметтер ұсыну;

67) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемесін келісу;

68) қағаз жеткізгіштердегі және электрондық түрдегі алғашқы статистикалық деректердің, әкімшілік деректердің белгіленген мерзімдерде сақталуын қамтамасыз ету;

69) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ақпараттық-статистикалық жүйелерін, дерекқорлары мен олардың платформаларын, статистика тіркелімдерін, интернет-ресурсын қалыптастыруды, сүйемелдеу мен жаңартуды қамтамасыз ету;

70) ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз ету;

71) статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес уәкілетті органның ведомствосының таратуына жататын ресми статистикалық ақпараттың таратуды қамтамасыз ету; 

72) заңнамада көзделген жағдайларда ведомствоның ведомстволық бағынысты ұйымының даму жоспарын және оны орындау жөніндегі есепті қарау, келісу және бекіту;

73) мемлекеттік мекеменің мүлкін есептен шығару; 

74) жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша нысаналы бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын объектілердің (ғимарат пен имараттар, олардың кешендері, инженерлік және көлік коммуникациялары) құрылысына техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту; 

75) тиісті қаржы жылына ведомствоға қарасты ұйымның жылдық қаржылық есебін бекіту; 

76) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бақылау субъектілерін (объектілерін), тексеру парақтарын іріктеу үшін тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемшаттарына қатысты бірлескен актіні әзірлеу және келісу; 

77) бөлінген қаражат шегінде аумақтық бөлімшелердің санақ бөлімдерінің санақ персоналы санының нормативтерін бекіту. 

78) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық статистика бюросына жүктелген өзге де функциялар мен бағыттарды жүзеге асыру.  

Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Ресми YouTube канал
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: e.stat@economy.gov.kz
Ақпараттық қызмет
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
9:00 - 18:30-ға дейін:
Сенім телефоны
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі
8 701 844 38 58
+7 7172 749002
e-mail: a.aldangarkyzy@economy.gov.kz
Кеңсе
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2020
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter