Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
жаңа терезеде ашу

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен ынтымақтастық

2015 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Статистика» мамандығы бойынша магистратура ашылды.

2015 жылы Академияға Комитет пен оның аумақтық органдарының 17 қызметкері (орталық аппараттан – 6 адам, аумақтық органдардан – 11 адам) оқуға түсті және оқыды.

2017 жылы Академияға Комитет пен оның аумақтық органдарының 5 қызметкері (орталық аппараттан – 2 адам, аумақтық органдардан – 3 адам) оқуға түсті және оқыды.

2018 жылы Академияға Комитет пен оның аумақтық органдарының 4 қызметкері (орталық аппараттан – 3 адам, аумақтық органдардан – 1 адам) оқуға түсті және оқып жатыр.

2019 жылы Академияға Комитет пен оның аумақтық органдарының 2 қызметкері (орталық аппараттан – 1 адам, аумақтық органдардан – 1 адам) оқуға түсті және оқып жатыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы магистратураның 10 бағдарламасының бірі немесе докторантураның 3 бағдарламасы бойынша бір жылдан астам жұмыс өтілі бар барлық мемлекеттік қызметшілерді грантқа түсуге шақырады.

Академия жыл сайын мемлекеттік басқару және саясат саласындағы отандық және әлемдік трендтер негізінде өзінің білім беру бағдарламаларын өзектендіреді және жетілдіреді. Осылайша, ағымдағы жылы Академия келесі білім беру бағдарламалары бойынша дайындықты жүзеге асырады:

бір жылдық оқу мерзімімен:

«Мемлекеттік менеджмент» – Мaster of Public Management;

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» – Мaster of Anti-Corruption Policy;

«Халықаралық қатынастар» – Master of International Relations;

 «Адами ресурстарды басқару» – Master of Human Resources Management;

* «Өңірлік даму» – Master of  Regional Development.

екі жылдық оқу мерзімімен:

«Мемлекеттік басқару» – Master of Public Administration;

«Мемлекеттік саясат» – Master of Public Policy;

 «Экономика» – Мaster of Economics;

«Өңірлік даму» – Master of  Regional Development;

* «Өңірлік көшбасшылық» – Master of Regional Leadership.

үш жылдық оқу мерзімімен:

«Мемлекеттік басқару» – Doctor of Public Administration;

«Экономика» – Doctor of Economics;

«Халықаралық қатынастар» – Doctor of International Relations.

* Оқыту қаржыландырудың өзге көздері есебінен жүзеге асырылады.

Академияға оқуға түскен жағдайда білім алушыға жұмыс орнын сақтау, лауазымдық жалақы мөлшерінде стипендия алу, жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамынан білім алу, әлемдік деңгейдегі сарапшылармен тағылымдамадан өту мүмкіндігі беріледі.

Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар (Құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 10 шілдесіне дейін жүзеге асырылады):

- Өтініш

- Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі

- IELTS/TOEFL сертификатының көшірмесі немесе APTIS-ке тіркеу

- Еңбек қызметін растайтын құжат

- 086-У нысанындағы медициналық анықтама

- Мемлекеттік органның жолдамасы

- Үміткердің жазбаша жұмысы:

• Магистратура үшін - мотивациялық эссе, пән бойынша эссе

• Докторантура үшін - эссе, зерттеу жұмысының жоспары (research proposal)

Білім беру бағдарламалары мен қабылдау рәсімі туралы толық ақпаратпен Академияның www.apa.kz сайтында, "Оқуға түсу" бөлімінде танысуға болады.

Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Ресми YouTube канал
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: e.stat@economy.gov.kz
Ақпараттық қызмет
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 17:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
9:00 - 17:30-ға дейін:
Сенім телефоны
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі
8 701 844 38 58
+7 7172 749002
e-mail: a.aldangarkyzy@economy.gov.kz
Кеңсе
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2020
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter