Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
жаңа терезеде ашу

Өнеркәсіптік өндіріс индексі

Деректерді таратудың Арнайы стандарттары
Байланыс жасайтын тұлға
Әсел Сауқымбекқызы Шауенова ханым,
Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті
010000 Қазақстан Республикасы, Астана
Сол жағалау, Мәңгілік Ел даңғылы № 8, Министрліктер үйі, 4-кіреберіс
Тел. 7 7172 749056
Факс: 7 7172 749494
E-mail: a.shauenova@economy.gov.kz
Тарату форматы
Электрондық
Баспасөз хабарламасы: «Өнеркәсіп жұмысының қорытындысы» қазақ және орыс тілдерінде.
Журнал: «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы» қазақ және орыс тілдерінде.
Жедел ақпарат: «Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп жұмысының қорытындысы» қазақ және орыс тілдерінде.
Ай сайнғы және жылдық бюллетень: «Қазақстан Республикасы өнеркәсібі жұмысының негізгі көрсеткіштері» қазақ және орыс тілдерінде.
Жинақ: «Қазақстан және оның өңірлерінің өнеркәсібі» қазақ және орыс тілдерінде.
Жылдық басылым: «Статистикалық жылнамалығы» жыл сайынғы басылымы қазақ және орыс, ағылшын тілдерінде.
Барлық жарияланымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің www.stat.gov.kz сайтында орналастырылған.
 
Деректер: қамту, кезеңділігі және уақыттылығы

Қамту сипаттамасы

Өнеркәсіптік өндіріс индексі (ӨӨИ) Ласпейрес формуласы бойынша есептеледі (2001 жылғы желтоқсан = 100). Деректер көзі мыналар болып табылады:

1) жұмыспен қамтылғандар саны 100-ден аса кәсіпорындардың құндық және заттай көріністе өнімдерді өндіру туралы ай сайынғы есебі.

2) тоқсандық есебі жұмыспен қамтылғандар саны 100-ден аз кәсіпорындардың құндық және заттай көріністе өнімдерді өндіру туралы тоқсандық есебі (бұдан бұрынғы тоқсандық деректердің үштен бір бөлігі есепті тоқсанның әрбір айына бөлінеді).

Ай сайын ӨӨИ есептеу кезінде 500-ден астам өкіл-тауарлардың түрлері қолданылады. ӨӨИ кез келген заңды нысандағы өндірістік кәсіпорындар өндіретін және өнеркәсіп өнімдерін өндірумен айналысатын заңды тұлғаларды ескерумен өнім мөлшері өзгеруінің орташа салмақталған мәні.

Бастапқы деректерді агрегаттау үшін таразы ретінде өткен жылға өнім құнының шамасы қолданылады.
ӨӨИ есептеу кен өндіру өнеркәсібін және карьерлерді қазуды, өңдеу өнеркәсібін, электрмен жабдықтауды, газ беруді, бу мен ауа баптауды; сумен жабдықтауды, кәріз жүйесін, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылауды қамтиды. Қызмет түрлерін жіктеу үшін Экономикалық қызмет түрлерінің Еуропалық жіктелімі қолданылады.  (NACE, ред. 2)

Әдіснама БҰҰ Статистика комиссиясының халықаралық ұсынымдарының негізінде әзірленді.

Кезеңділік Ай сайын
Уақыттылығы

Есепті айдан кейін 11-16 күндері

Қоғам үшін қолжетімділігі
Деректерді шығару күнтізбесін алдын-ала тарату.

ДТАС талаптарын қанағаттандыратын деректер шығарылымының күнтізбесі деректерді шығарудың нақты мерзіміне кем дегенде бір тоқсан қалғанда жарияланады. Деректер шығарылымының күнтізбесі СК сайтында орналастырылған (www.stat.gov.kz).

Барлық мүдделі тараптар деректерді бір уақытта ұсыну.

Барлық мүдделі тараптарға деректер «Өнеркәсіп жұмысының қорытындысы» баспасөз хабарламасын СК сайтында орналастыру арқылы бір уақытта ұсынылады (http://www.stat.gov.kz).

Анықтығы

Жеке жауаптардың құпиялылығын қоса алғанда ресми статистика қалыптастырылатын шарттарда ақпаратты тарату

«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы №257- IV ҚР Заңына сәйкес СК кәсіби тәуелсіздікке ие, ресми статистикалық ақпаратты жинау, өңдеу және тарату бойынша статистикалық қызмет атқарады және мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік саясатты дайындауға және жүзеге асыруға өкілетті.

«Мемлекеттік статистика туралы» Заңның 8-бабы алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығы мен қорғалуына және мемлекеттік статистика органдарының оларды тек статистикалық ақпаратты түзу мақсатында қолданылуына кепілдік етеді.

27-бап Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген, мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзғаны үшін жауапкершілікті қарастырады. Мемлекеттік статистика органдарының қызметкерлері алғашқы статистикалық деректерді жоғалтқаны, сатқаны, жөнелткені және басқа заңсыз жария еткені үшін жауапты болады.

17-бапқа сәйкес респонденттер алғашқы статистикалық деректерді респонденттермен ұсыну кестесіне және статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық байқаулар жүргізуде дәйекті алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға міндетті.

26-бапқа сәйкес ресми статистикалық ақпарат статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесімен сәйкес таратылуға жатады.

«Мемлекеттік статистика туралы» Заң және ресми статистиканың іргелі қағидаттары Интернеттегі СК парақшасында орналастырылған (http://www.stat.gov.kz).

Деректер жариялануға дейін Үкіметтің ішкі қолжетімділігінің болуы. 

Деректер шығарылымына дейін мемлекеттік басқару органдарының ішкі қол жеткізуі көзделмеген.

Статистикалық деректерді шығару жағдайына байланысты ведомстволық түсіндірмелердің болуы.  

Деректер шығарылымына орай министрліктердің ескертулері қарастырылмаған. ӨӨИ туралы деректер жарияланымы СК дайындаған пікірленрмен бірге жүреді.

Деректерді нақтылау туралы ақпараттар және әдіснамадағы маңызды өзгерістер туралы уақтылы хабарлау. 

Бастапқы жарияланған деректер алдын ала болып табылады. Мәліметтер ретроспективті тәртіпте респонденттермен енгізілген қосымша өзгертулер есебімен жыл бойы қарастырылады. Индекс бойынша соңғы деректер есепті жылдан кейінгі жылы маусымда жарияланады.

Әдіснамадағы маңызды үлкен өзгерістер туралы қоғам осы өзгерістерді енгізген уақытта хабарланады. Әдіснамадағы өзгерістері сипаттамасына деректер жарияланатын барлық статистикалық басылымдарға енгізіледі.

Сапа
Статистиканы дайындау кезінде қолданылатын әдіснамалары мен көздері туралы құжаттаманы тарату.

ӨӨИ құруға негізделген әдіснаманың қысқаша сипаттамасы «Қазақстанның статистикалық жылнамалығында» және «Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптегі баға» статистикалық жинағында, сонымен қоса «Қазақстан Республикасындағы өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіптік өнімдерінің бағасының индексі» айлық статистикалық бюлетенінде жарияланады.

ӨӨИ құрастыру әдіснамасының айтарлықтай толық сипаттамасы «Өнеркәсіптік өндірістің индексін есептеу әдістемесі» СК http://www.stat.gov.kz. сайтында орналасқан.

Екі жақты статистикалық тексерулер жүргізуге мүмкіндік беретін таратулар негізділік кепілін береді. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ай сайынғы «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы» журналында өңірлер, экономикалық қызмет түрлері бойынша, құндық көріністе өнім мөлшері бойынша деректер, Республика және өңірлер бөлінісінде заттай көріністегі өнімнің маңызды түрлерінің өндірісі туралы деректердің ӨӨИ жарияланады.

«Қазақстан Республикасы өнеркәсібі жұмысының негізгі көрсеткіштері» ай сайынғы жарияланымына келесі мәліметтер кіреді:

1) қызмет түрі бойынша, ҚР аумақтары бойынша, маңызды өнім түрлері бойынша өнімдер топтамасының санатқа бөлінгендегі ӨӨИ деректері, ондағы өткен жылдағы сол айдың деректері = 100;

2) өткен жылдың сол кезеңіндегі деректері өсу қорытындысымен есептілік жылдың басына келеді = 100;

3) есепті жылдың өткен айына деректер = 100.
«Қазақстан және оның өңірлерінің өнеркәсібі» жыл сайынғы жарияланымы экономикалық қызмет түрлері бойынша, өңірлер бойынша, аймақ құрылымы және экономикалық қызмет түрлері бойынша нақты ӨӨИ деректерін қамтиды. Сонымен қатар, серпінділікте өнеркәсіп өнімдерінің жекеше түрлерін шығару бойынша  өндірістік қуаттылықты қолдану туралы деректер қамтылған.

«Статистикалық жылнама» жыл сайынғы жарияланымы экономикалық қызмет түрлері бойынша, өңірлер бойынша, өңірлер құрылымы және экономикалық қызмет түрлері бойынша нақты ӨӨИ деректерін қамтиды.

Ескертпелер:Асты сызылған айқындамалар қосымша ақпаратқа шығумен гипербайланысты білдіреді.

 

Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Ресми YouTube канал
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: e.stat@economy.gov.kz
Ақпараттық қызмет
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
+7 7172 55 24 49 (Нұр-Сұлтан қаласы үшін)
Сенім телефоны
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі
8 701 222 60 16
+7 7172 749002
e-mail: a.sandikbaeva@economy.gov.kz
Кеңсе
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2019
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter