Loading...
Skip to content
Нашар көретіндерге арналған нұсқа | Мобильді нұсқа
ҚазРусEngБасты бетке көшуХат жөнелтуПортал картасы қажетті бөлімді тез іздеуге арналғанHelp
Статистика комитеті ресми Интернет-ресурсыСтатистика комитеті ресми Интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларҚазақстан 2050100 НАҚТЫ ҚАДАМҚазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралыСұрақ-жауап
жаңа терезеде ашу

Халықаралық инвестициялық позиция

Жаңарту күні: 2018 Қазан

Қазақстан: Деректер таратудың арнайы стандарты
Метадеректер
Деректер санаты: Халықаралық инвестициялық позиция
Байланыстағы тұлға
Азаматша Айгуль Бухарбаева
Лауазымы: Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінің
Халықаралық инвестициялар басқармасының бастығы
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
050040, Алматы, Көктем-3 ,21
Телефоны: +7 (727) 2704 640
Факсы: +7 (727) 2704 642
Электрондық поштасы: bukharbaeva@nationalbank.kz

 

Деректер: Қамтылуы, кезеңділігі және уақтылы болуы
Қамту сипаттамасы Халықаралық инвестициялық позиция (ХИП) бойынша деректер миллион АҚШ долларында орналастырылады және Қазақстан  экономикасының барлық секторларын қамтиды.
Деректер келесі түрде келтірілген:
инвестициялар типтері бойынша (тікелей инвестициялар, портфельдік инвестициялар, туынды қаржы құралдар (резервтерден басқа) және қызметкерлерге арналған акциядағы опциондар, өзге инвестициялар, резервтік активтер),
мерзімдер бойынша (қысқа мерзімді – 1 жылға дейін, ұзақ мерзімді – 1 жылдан астам),
құралдар бойынша (капиталға қатысу құралдары және үлеспұлдар/инвестициялық қорлардың акциялары, туынды қаржы құралдар және қызметкерлерге арналған акциядағы опциондар, монетарлық алтын, қолма-қол валюта және депозиттер, сауда кредиттері мен алғытөлемдер, несиелер мен кредиттер, борыштық бағалы қағаздар, арнайы несие алу құқықтары, сақтандыру, зейнетақы бағдарламалары және стандартты кепілдік бағдарламалары, өзге активтер/міндеттемелер).
Негізгі дереккөздер: банктердің, басқа қаржылық және қаржылық емес ұйымдардың есептері; ҚР Ұлттық Банкінің ай сайынғы баланстық есебі; ҚР Қаржы министрлігі, басқа министрліктер мен мекемелер ұсынған деректер, сонымен қатар валюталық заңнама шеңберіндегі есептілік (жеке тұлғалар және шетелдік компаниялардың филиалдарына қатысты) 2000жылдың аяғындағы позициядан бастап динамикада ұсынылған мәліметтер ХВҚ Төлем балансы және халықаралық инвестициялық позиция бойынша Нұсқаулықтың 6-шы басылымы (ТБН6) негізінде қалыптастырылады.
Кезеңділігі Тоқсан сайын
Уақтылы болуы Есептік кезең аяқталғаннан кейінгі бір тоқсан ішінде
Жұртшылық үшін қол жетімділік
Деректер шығару күнтізбесі (ДШК) Алдағы он екі ай үшін жариялаудың дәл күндері туралы хабарлайтын деректерді шығару күнтізбесі ҚРҰБ интернет-ресурсында ( http://www.nationalbank.kz/?docid=44)  жарияланады.
Барлық мүдделі тараптарға бір мезгілде деректерді шығару Деректер барлық мүдделі тараптарға ҚРҰБ интернет-ресурсында (http://www.nationalbank.kz/?docid=679) орналастыру арқылы бір мезгілде таратылады.
Динамикадағы деректер бар егжей-тегжейлі кестелер ҚРҰБ Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы борышы тоқсандық басылымында жарияланады .
Шынайылығы
Жеке тиесілілігін анықтауға болатын ресми статистиканы, оның ішінде ақпараттың құпиялылығына қатысты статистиканы әзірлеуге негіз болатын талаптар мен ережелер туралы ақпаратты тарату

Халықаралық инвестициялық позиция жөніндегі деректерді жинау және тарату мыналармен реттеледі:
ҚР “Ұлттық Банк туралы” 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 Заңымен. Заңның 8-бабына сәйкес ҚРҰБ міндеттеріне елдің төлем балансы, халықаралық инвестициялық позициясы және сыртқы борышы бойынша статистикалық ақпаратты қалыптастыру және тарату кіреді (http://zan.gov.kz/api/documents/104328/kaz/download/pdf)
ҚР Үкіметінің “Қазақстан Республикасының төлем балансын жасау туралы” 1999 жылғы 29 қаңтардағы № 71 қаулысымен. Осы қаулыға сәйкес ҚҰБ төлем балансын қалыптастыру және жариялау үшін жауапкершілікті қоса алғанда елдің төлем балансын ресми әзірлеуші болып табылады және ҚҰБ барлық респонденттен төлем балансы жөніндегі статистикалық ақпаратты жинау құқығы беріледі;
“Мемлекеттік статистика туралы” ҚР Заңымен. Заңның 8-бабына сәйкес “Алғашқы статистикалық деректер құпия болып табылады және осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік статистика органдары тек қана статистикалық ақпаратты түзу мақсатында пайдаланады. Мемлекеттік статистика органдары алғашқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және сақтау кезінде осы деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.” (http://zan.gov.kz/api/documents/51541/kaz/download/pdf);

Коммерциялық құпия бар деректерді ұсынғаны үшін жауапкершілік 2001 жылдан бастап әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекспен реттеледі. Кодекстің 501-бабына сәйкес: “Мемлекеттік статистика туралы“ Қазақстан Республикасы Заңының 8- бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік статистика органдары, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының ведомстволық бағыныстағы ұйымы лауазымды адамының респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін бастапқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) дерекқорларды жоғалтуы, сатуы, беруі

немесе өзге де заңсыз жария етуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатынiс-әрекет белгілері болмаса, - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады” (http://zan.gov.kz/api/documents/81245/kaz/download/pdf)

Сонымен қатар банктердің статистикалық есептеріне банктік құпия ретінде жіктелетін ақпаратты ашуға қатысты бөлігі бойынша “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” Заңның күші (50 және 54-баптар) қолданылады. Ұлттық Банктің қызметкерлері міндеттерін орындау барысында алынған мәліметтерді жариялағаны не үшінші тұлғаларға бергені үшін жауапкершілікте болады. (http://zan.gov.kz/api/documents/104325/kaz/download/pdf)

Мемлекеттік басқару органдарының деректерді шығармас бұрын оларға қол жеткізуінің ішкі тәртібін көрсету ҚҰБ-нен тыс пайдаланушылардың деректерге олар ресми жарияланғанға дейін қол жеткізе алмайды.
Статистикалық деректерді шығару кезінде министрліктер жасаған түсініктемелердің болуын көрсету Деректер министрліктер тарапынан қандай да болмасын түсініктемелерсіз жарияланады.
Енгізілген нақтылаулар туралы ақпарат беру және әдіснамаға айтарлықтай өзгерістер енгізу туралы алдын ала хабарлау Бұрын басылып шығарылған мәліметтерге есепті кезеңнің алдындағы есепті жылдың тоқсандары үшін тоқсан сайын өзгерістер енгізіледі, бұл есеп мәліметтерінің немесе әдіснаманың нақтылануымен, жаңа ақпарат көздерінің пайда болуымен және т.б. байланысты.
Деректер бір жылда екі рет қайта қаралады: қыркүйек және наурыз айларында. Деректерді қайта қарау есепті жылдың алдындағы екі жылды қамтиды.
Деректерді қайта қарауға қатысты түсіндірмелер жаңартылған деректермен бірге ҚРҰБ Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы борышы тоқсандық басылымында жарияланады.
Әдіснамадағы негізгі өзгерістер пайдаланушыларға осындай өзгерістер енгізілген сәттен бастап хабарлайды.  
Сапасы
Методология және статистиканы дайындау кезінде пайдаланылатын дереккөздері туралы құжаттаманы тарату Жалпы Қазақстан Республикасының халықаралық инвестициялық позициясын жасау ХВҚ Төлем балансы және халықаралық инвестициялық позиция бойынша Нұсқаулықтың 6-шы басылымымен (ТБН6) келісіледі, ол ХВҚ ресми интернет-ресурсында келесі мекен-жай бойынша орналастырылған: http://www.imf.org/external/pubs/ft/bop/2007/bopman6.htm .
Әдіснамалық түсіндірмелер ҚРҰБ интернет-ресурсында орналастырылған және ҚРҰБ Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы борышы тоқсандық басылымында жарияланады.
Компоненттер туралы жан-жақты ақпаратты, деректерге байланысты келісу туралы ақпарат және статистиканы қарама-қарсы тексеруге мүмкіндік беретін және оның негізділігіне кепілдік беретін  статистикалық негіздер туралы ақпаратты тарату ҚРҰБ интернет-ресурсында (http://www.nationalbank.kz/?docid=679) АҚШ долларындағы деректер сериялары жарияланады. Стандарттық ұсынымда 2000 жылдың аяғындағы позициядан бастап тоқсандық мәліметтер қол жетімді.
Стандарттық ұсыным және талдамалық кестелер ҚРҰБ Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы борышы тоқсандық басылымында жарияланады (мамырда, тамызда, қарашада және ақпанда басылып шығарылады). Аталған басылымда сондай-ақ деректер көздері, жинау рәсімдері және мәліметтерді бағалау әдістемелері бойынша түсіндірмелер туралы егжей-тегжейлі ақпарат бар.
Метадеректердегі халықаралық деңгейде танылған әдіснамалардан ауытқуларды тарату Резиденттілікті Қазақстанның заңнамасына сәйкес айқындау ТБН6 мазмұндалған және 2008 жылғы Ұлттық шоттар жүйесінің халықаралық стандартындағы резиденттілік тұжырымдамадан өзгеше. ҚР «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңына сәйкес Қазақстанда жұмыс істейтін шетел компанияларының филиалдары резидент емес болып есептеледі. Резиденттілік түсінігіндегі орын алатын ауытқулар шетел компанияларының филиалдары өткізетін операциялардың жіктелуін, олардың төлем балансы мақсатында мәртебесін резидент ретінде қарастыру қиындатады. Қазіргі таңда сыртқы сектор шоттарын жасаушылар (төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция, сыртқы борыш) құрылыс және бұрғылау қызметтерін көрсететін филиалдарды қоспағанда, шетел компанияларының барлық филиалдарын ҚР резиденттері деп қабылдайды. Сыртқы сектор шоттарында ағындар мен қорлар бойынша мәліметтердің сәйкестігіне қол жеткізу үшін банктер заңнамалық анықтамамен сәйкес әзірленген есептен басқа ҚРҰБ-не шетел компанияларының филиалдары бойынша қосымша есеп ұсынады.

 

Тарату форматтары:
Тоқсандық баспасөз басылымы:
Қазақ, орыс және ағылшын тілінде ҚР-ның төлем балансы және сыртқы борышы
Электрондық:
ҚҰБ-нің интернет-ресурсы: http://www.nationalbank.kz
Деректердің ұлттық беті: http://stat.gov.kz
Портал бойынша іздеу
Респонденттің кабинеті
Ресми YouTube канал
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің блогы
Статистика карапайым тілмен
Әдіснама
Жіктеуіштер
Халықаралық сарапшылардың пікірлері
Статистикалық терминдер
Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді іздеу
БСН
немесе
ЖСН
'Талдау' ақпараттық-талдамалық жүйесі
Байланысу ақпараты
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы
Есіл өзенінің сол жағалауы,
Мәңгілік ел көшесі, 8
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс
e-mail: kazstat.rk@gmail.com
Ақпараттық қызмет
+7 7172 74 90 10
+7 7172 74 90 11
e-mail: help@statdata.kz
9:00 - 18:30-ға дейін:
+7 8000 800 878 (Қазақстан бойынша тегін)
+7 7172 55 24 49 (Нұр-Сұлтан қаласы үшін)
Сенім телефоны
+7 7172 74 90 02
Баспасөз қызметі
8 701 222 60 16
+7 7172 749002
e-mail: a.sandikbaeva@economy.gov.kz
Кеңсе
+7 7172 74 95 47
Факс: +7 7172 74 94 94
Статистика комитеті
2019
Порталдың жаңа және жаңартылған rss лентасы Сіз фейсбуктегі СК бетіне көшесізСК-ның Ютубтегі бейнеоматериалдары
Қате таптыңыз ба?
Тышқанмен белгілеп, басыңыз Ctrl+Enter